Туған жер. О.Асқар

 

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

«№39жалпы орта білім беретін мектеп»ККМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кожабекова Арайлы Маратовна

Сабақтың атауыТуған жер. О.Асқар
Жалпы мақсатыОразақын Асқардың «Туған жер» өлеңімен таныстыру. Автор туралы мағлұмат беру. Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі туған жерге деген сүйіспеншілікті суреттей білуге, туған жерінің тарихын, байлығын қадірлей білуге үйрету. Сауатты, мәнерлі оқуға дағдыландыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіміздің Отаншыл, ұлтжанды патриоты болуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесіӨлеңдегі негізгі ой анықталады. Өлеңді түсініп, мәнерлі оқиды. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойып, ол сұрақтарға ойланып жауап береді. Туған жерінің тарихын, байлықтарын қорғап, қадірлеу керектігін түсінеді.
Негізгі идеяларыТақырыпты жан-жақты қарастыру.  Жұппен, топпен жұмыс жүргізу арқылы оқушылар арасындағы диалогті арттыру.  Өз ойын нақты, ерікті түрде жеткізе білу, өз жұмыстарын бағалай алу дағдыларын жетілдіру.
Тапсырмалар Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмаларОқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже
Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды ұйымдастыру.  Топтарға бөлу(3 топ).

Әр топ өз ұранымен таныстырады(1 шумақ).

І топ.Тәуелсіздік төрінде,

Егемендік елімде.

Білімді, білгір болар деп

Әр ұстаз бізге сенуде.

ІІ топ. Ұйымшылдық ұстаным,

Ұялатар ұстазым.

Топ болып жұмыс істеу

Жеткізер шыңға ұққаным.

ІІІ топ. Әр топтың биік тұғыры,

Еңбекшіл болған ұжымы

Бірлік бар да, тірлік бар деген

Ұлылардың ұлығы!

Үй тапсырмасыТарауды қайталау. Тес жұмысы5 сұрақтан тұратын тест жұмысын орындайды.
Бағалау критерийі1. Мәнерлі оқу, сөйлеу.

2. Сауатты оқу, сөйлеу, жазу.

3. Топпен жұмыс(оқушылардың қамтылуы)

4. Тақырыпты қорғауы.

5. Тақырыпты аша алуы.

6. Тақырыптың маңыздылығы.

7. Деректі пайдалануы.

8. Өлең не мақалдар қолдануы.

9. Эстетикалық талапқа сай болуы.

10. Сұрақтарға толық жауап беруі.

Оқушылар өз жұмыстарының қалай бағаланатынын түсінеді. Әр топтың жұмысын кесте арқылы бағалау керек екенін біледі.
І. Қызығушылы- ғын ояту.Тараумен таныстыру. Видео-ролик көрсету. (Туған жер өлеңі оқылады)Тараудың не туралы екеніне ой қозғау жасайды.
ІІ. Мағынаны тану.1. Автор Оразақын Асқар туралы мағлұмат беру.

2. Өлеңмен танысады (Топпен оқу)

3. Сұрақтар қойылады.

4. Топпен жұмыс. Топтарға тақырыптар тартылады. Соған сәйкес тақырыптарды бағалау критериі бойынша ашу тапсырылады.

Әр топ тапсырмасын қорғап болған соң «Үшбұрыш» әдісі бойынша топтарға сұрақтар қояды.

 

Автор туралы мағлұматпен танысады.

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Сұрақтарға жауап береді.

Топпен жұмыс жүргізеді.

 

1-топ: Туған жердің тарихы.

2-топ: Туған жердің қазынасы.

3-топ: Туған жерге деген сүйіспеншілік.

Әр топ берілген уақыттан кейін өз тапсырмаларын қорғайды.

Келесі топтар басқа топтарды критерий бойынша бағалайды.

 

Сергіту сәтін өткізу
ІІІ. Ой-толғаныс. РАФТ әдісі бойынша 1 шумақ өлең шығарады.

Р-рөл- жас ақын

А-аудитория-сынып

Ф-форма-өлең

Т-тақырып-«Туған жер»

 Әр оқушы не жұппен бірігіп 1 шумақ өлең шығарады.

Өлең шумақтары топ арасында талқыланып, әр топтың үздік деген өлең жолдары оқылады.

Кері байланыс жасауӨтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылады.Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.
Оқушыларды бағалау Оқушыларды бағалау, мадақтау

Сабақтан алған көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсету сұралады.

«Үшбұрыш» әдісі бойынша әр топ бірін бірі критерий бойынша бағалайды.
Үйге тапсырма беру72-бет. Өлеңді жаттау.