Түлік туралы сабақ

82

Түлік туралы сабақ

Сабақтың мақсаты:                                                                                        

Білімділігі: өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, меңгеру арқылы төрт түліктің түрлері мен атауларын енгізу. Асқар Тоқмағамбетовтың өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру.

Дамытушылығы:   халықтық педагогика элементтерін пайдаланып оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: төрт түлікті қадірлеп, қастерлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі:  жаңа сабақ.Ой қозғау,топпен  жұмыс, түсіндіру.

Әдісі: Сұрақ-жауап, СТО технологиясы.

Нәтиже: 1.Оқушы  төрт  түліктің  ерекше  қасиеттерімен  танысады.

2.Сөзуар  сөзінің  мағынасын  түсіндіру.

Көрнекілігі:Слайдтар, А. Тоқмағанбетовтың суреті, оқулық, төрт түлік суреттер,

мақал – мәтелдер,топтастыру,тиым сөздер.

Пәнаралық байланы: музыка, дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

      (№ 1 слайд)

Өткенді пысықтау

Қамбар ата не жасады?

Балалар қандай сөзге түсінбей қалды?

Қараторғай әңгімесімен  тақырыбы  ұқсас  тағы  қандай  шығарма оқыдық?

III. Жаңа сабақ

Мағынаны тану

(№2 слайд)

 

Сөзжұмбақ

Т А Й
Т Ү Й Е
Л А Қ
І Р І М Ш І К
К И І З

1.Жылқы төлінің атауларының бірі.

2.Жыл атауынан құр қалған жануар.

3.Ешкі төлі.

4.Сиыр сүтінен жасалатын тағам

5.Қойдың күзем жүнінен жасалатын зат.

Қандай сөз шықты? (Түлік)

Бүгінгі тоғызыншы сәуір күні өтетін сабағымыз «Түлік туралы сабақ»

Авторы: Асқар Тоқмағанбетов

  • Автор туралы мәлімет беру.
  • Балалар, Асқар Тоқмағамбетовтың бұрын қандай мысалымен танысып едік?
  • «Бидай мен қаңбақ». (№8 слайд)

Асқар Тоқмағамбетов 1905 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Көрнекті ақын, әрі жазушы. Мәскеу полиграфия институтын бітірген. Қазіргі  «Жас алаш»,  «Қазақ әдебиеті»,  «Егемен Қазақстан» газеттері мен «Ара» журналында қызмет атқарған. Асқар Тоқмағамбетовтың өлеңдері, поэмалары, сықақтары мен мысалдары, драмалық шығармалары, аудармалары, повестері мен романдары бар. Ол I дәрежелі Еңбек Қызыл ту орденімен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен және медалдарымен марапатталды.

 

 

 

 

 

Топқа бөлу:сурет арқылы

І топ – «Жылқы»

ІІ топ – «Түйе»

ІІІтоп – «Сиыр»

ІҮтоп – «Қой»

Электрондық оқулықтан өлеңді оқу

Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмысы   Сөзуар – сөзшең, көп сөйлейтін.

Сергіту жаттығуы (3мин)

1тапсырма — Әр  малдың пірін атау.(2мин)

2тапсырма – Әр топ өз атауларын қорғау (5мин)

3тапсырма – Әр топ атауларын жасына қарай атау (5мин)

4тапсырма – Төрт түлік эссе  жазу (5мин)

5тапсырма – «Түлік туралы сабақ» өлеңді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу (5мин)

6тапсырма – Талдау (10мин) өлеңді

  1. Қортынды: «Түлік туралы сабақ»

      1 Түлік туралы сабаққа кімдер қатысты?

2 Кім сұрақ  қойды? (Болат)

3 Не жөнінде сұрады? (қойдың неше түрі бар?)

4 Марат көп сөйлегенмен қойдың түрін айта алдыма?

5 Болат тағы қандай сұрақтар қойды?

6 Болаттың  өзі  не біледі екен?

7 Ендігі сұрақ не туралы болды.

8 Ешкі, лақ, серке мен  текенің айырмасы не екен

9 Болат пен Маратқа тағы кім қосылды? (Мұрат)

10 Ол қандай сұрақ қойды?  «Жабағы деген жүн ғой» деген Мұраттың  сөзіне келісесіндерме? Жабағы қойдың жүні одан иіріп киімдер тоқиды.

11Түйе туралы қандай талас тудыруға болады? Мойыны ұзын, шудасы жүні пайдалы.

  1. Болаттың ойынша жобалауы бойынша бұзаудан әрі, бұзаудан бері болуы керек.

VIII. Бағалау. Топ — топты бағалау, оқушы оқушыны бағалау.

  1. Үйге тапсырма: 8 – тапсырманы оқыту: Өлеңді жаттап ал. Төрт түліктің төлдерін жазып келу