Тұрлаулы мүшелер

Сабақтың тақырыбы:  Тұрлаулы мүшелер

Сабақтың мақсаты: Тұрлаулы мүшелер туралы   туралы  түсіндіру.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

—     Сендер бәрің хормен менің сұрақтарыма жауап беріңдерші:

Әрбір адам сендер үшін кім?  Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ сендер үшін не?

Әрбір ісің не?  Тірлік, бірлік, адамдық.

Әрбір сөзің ше?

Ендеше осы ұранмен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.

 

Үй тапсырмасын тексеру. 

Тірек білімдерін жетілдіру.

-Сөйлем мүщелерін ата?

-Сөйлем неден құралады?

— Мына сөздерді қатыстып сөйлем құрастыр:  ( ауызша)

Хабарландыру, Шаһизада, хайуанат, жиһангер, хрестоматия, саяхат.

ІІ-кезең: операционалдық –орындаушылық кезең:

Оқулықпен  жұмыс.

 1-жаттығу. Мәтінді оқы.Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тап.Дәптерге сөйлемнің негізгі мүшелерін ғана жаз.

Балалар  қыдыруға  шықты. Көше  бұрышында  бағдаршам  тұр.  Көшеде  машина  өте  көп. Олар жасыл  шамның  жануын  күтті.Жасыл шам жанды.Балалар жолдан өтті.            

 2-жаттығу:

Мәтінді  түсініп  оқы.

Аю

Аю-орман  қожасы. Дүние жүзінде оның жеті түрі бар. Ең көп тараған түрі-қоңыр аю. Ол тау арасын мекендейді. Азығы- өсімдіктер. Аю құрт-құмырсқаларды да аулайды. Ол  алғашқы  қар жауғанда  апанына  кірі , ұйқыға кетеді.

 

 Карточкамен жұмыс:

Екі бағанға тиісті сөйлем мүшесін қойып жаз.

БастауышБаяндауыш

 

Сергіту сәті: 

Жаза,жаза,жазуды,

Көркем етіп жазайық

Талып кетті қолымыз,

Бестік баға алайық.

3-жаттығу.

Сұрақтарға  жауап жаз.Жауабындағы  бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.

……………..қайда ұйықтайды?

……………..қайда жүзеді?

………………қайда мекен дейді?

 ІІІ-кезең: Рефлексиялық-бағалау кезені:

— Сөйлемнің   мүшелеріне  мысал келтір.

— Тұрлаулы мүшелерді ата?

Үйге тапсырма беру.  5-жаттығу. 77- бет.

Бағалау.