Ма,(ме),ба(бе),па(пе),шылаулары

69

Тақырыбы:               Ма,(ме),ба(бе),па(пе),шылаулары

Мақсаты:

1.Шылау туралы түсініктерін нығайту, ма(ме), ба(бе), па(пе) шылауларының қызметі, жазылуы жайында түсіндіру.

2.Оқушылардың  шығармашылық қабілетін байқау, дамыту.

3.Оқушыларды ізденімпаздыққа , өз бетімен жұмыс жасауға баулу.

 

Көрнекілік :  үлестірме карточкалар

Технология : сын тұрғысынан ойлау

 

Сабақтың барысы :

 І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ.Өткен сабақты пысықтау

Шылау. Шылауға топтастыру стратегиясын құру.

 

 

Сұраққа жауап                                                     Жеке тұрып сөйлем

Бермейді                                                           мүшесі болмайды

 

Өз алдына толық              ШЫЛАУ                   Сөзден бөлек жазылады

мағынасы жоқ

 

Мен, (бен,пен ),                да (де), та (те)              Біріңғай қолданыста екі сын есім

және шылаулары              шылаулары                   арасында келгенде тыныс белгі

қойылмайды

 

Сөзбен сөзді                      Өзі тірк.сөзге үстеме      Біріңғай сөздермен қайталанып келсе

байланыстырады            мағына береді                   үтір қойылады

 

 

ІІІ. Жаңа тақырып :

Ма (ме) , ба (бе)  , па (пе)  шылаулары

 

Жазылған сөйлемдерді талдау.Шылаулар туралы түсінігін меңгерту,ереже қортып шығару.

Асан есік алдында тұрма?

Асан,далада көп тұрма.

Сыныптағы кезекші Құралай ма, Нұрбол ма?

 

Оқулықпен жұмыс:

543-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Шылаулардың астын сыз.

 

544-жаттығу. Ауызша талдау жүргізу.

а)Мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіре оқу.

ә) Өлеңде не туралы айтылған?

б)Шылаулары тауып, тыныс белгілеріне , сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтау.

 

 Ой қозғау.    Деңгейлік тапсырмалар:

 

І-деңгейлік тапсырма.

Төмендегі сөйлемдерді жаз,  шылауларды тауып.тыныс белгілеріне назар аудар.

 

Ыстықта мал да жайыла алмады.

Ауылға барғанда суға түстің бе?

Жандосқа бұл жөнінде айтылды ма?

 

ІІ-деңгейлік тапсырма.

Ма(ме),па(пе),ба(бе) шылауларын қатыстырып  сөйлем құрап жаз.

 

ІІІ-деңгейлік тапсырма.

Ма(ме),па(пе),ба(бе) шылаулары бар жаңылтпаш ойла,ойдан шығарып құрастыр.

 

Ой ашар.Үлестірмелі карточкамен жұмыс.

1.Сөйлемді жаз, сөз табына талда.

         Айнұр, мені көп күттің бе?

 

2.Сөйлемдегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.

        Әсел бүгін қалаға бара ма?

 

3.Сөйлем мүшесіне талда.

        Асқардың әкесі телевизор әкеліп пе?

 

Сабақты бекіту:

Венн диаграммасын  құру.

 

Да(де),та(те)                                                                          ма(ме),па(пе),ба(бе)

шылаулары                                                                             шылаулары

 

 

Бағалау.

Үйге тапсырма. 543-жаттығу, ереже. «Сен оны ұмытпа» тақырыбына әңгіме жазу.