Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

174

Тақырыбы: Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

 

Мақсаты: Жыл мезгілдеріндегі өсімдіктер өмірінде болатын өзгерістер

жөнінде түсінік беру.

 

Міндеті: 1. Оқушылар жапырақтардың негізгі қызметін атайды.

  1. Оқушылар «Күзгі жапырақтың түсуі» суреті арқылы табиғи

құбылысты түсіндіреді.

 

Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:

  • Оқушылар өзара бірін – бірі оқытады;
  • Өзіндік ой – пікірлерін ортаға салады;
  • Топта ұйымдастырған жұмыс нәтижесін көрсете алады.

 

Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.

 

Сабақтың әдісі: СТО бағдарламасы бойынша топтық жұмыстар.

 

Қолданатын стратегиялар: «Топтастыру», «Кең ауқымды лекция», «Алма –

кезек оқыту».

 

  1. Қызығушылықты ояту.

 

  1. Психологиялық икем.

 

Алтын, сары, қызыл, көк…

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

 

  1. Топтарға бөлу. 4 түрлі жапырақтарды балалар өздері таңдап алады да сол

бойынша топқа бөлінеді.

 

  • Балалар, бүгінгі сабақты мынадай мақалмен бастаймыз.

Жеке жүріп жол тапқанша,

Көппен жүріп адас.

  • Балалар, біздің сынып қандай?

«Біздің сынып» өлеңін жатқа айту.

 

 

  1. Топтастыру. Слайд №1.

 

 

 

  1. _____________ _______________       1. ________________
  2. _____________ _______________       2. ________________
  3. _____________ _______________       3. ________________
  4. _____________ _______________       4. ________________
  5. _____________ _______________       5. ________________

 

 

  1. Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдай қажет? Слайд №2. 55-бет
  2. Сұрақ-жауап. Күз аяқталды. Күз қандай болғанын талқылау. Слайд

№3

 

 

Күздің қай айы ең суық, қай айы ең жаңбырлы (қай айы ең) екенін анықтау.

  • Ең алғашқы қар қашан түсті?
  1. Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар.

 

  1. Мағынаны тану.

 

  1. Сұрақ – жауап.
    • Еске түсірейік жапырақ – бұл жер үсті немесе жер асты мүшесі ме?
    • Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?

 

  1. Күзгі орманға саяхат.
    • Сонымен күзде жапырақтар неге сарғаяды екен?

 

  1. Оқулықпен жұмыс. «Алма – кезек оқыту».
  2. «Кең ауқымды лекция».
    • Қазір балалар, оқығанымызды қорытындылайық. Әр топ бір – біріне сұрақ қойып, жауаптар беріледі.
    • Қандай ағаштардың жапырақтарын көрдіңдер?
    • Қалай ойлайсыңдар, жапырақтар неге өз түсін өзгертеді, олар неге түседі?

Ағаш жапырақтарына жазылған сөздерді сұраққа байланысты өздері табады.

Слайд №5.

 

  • Ойтолғаныс.

 

  1. Орны ауысқан сөздерден өлең құрастыру. Слайд №6.

Ағады, аулаққа, бұлт,

Бау-баққа, келіпті, күз

Жаңғақ та, піскен, жаздай,

Жан-жаққа шашылады.

 

  1. Қатесін табу. Слайд №7.

 

Қыста — жапырақтар түседі;

Күзде — өсімдіктер көктеп шығады;

Көктемде — өсімдіктер пісіп жетіледі;

Жазда — өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды.

 

  1. Рефлексия. Түскен жапырақтардың пайдасы бар ма?
  2. Үйге тапсырма: Кесте толтыру. 60,65-беттерді оқу.
  3. Бағалау. Балалар бір-бірін өздері бағалайды.

Күзде бау-бақшадағы жапырақтарды сыпырып, жинауға көмектесесіңдер. Оларды жиған соң жерге көметінін білесіңдер. Неге көміп, сыпыру керектігін үлкендерден сұрап біліңдер.