Білімді тиянақтау

51

Сабақ тақырыбы: Білімді тиянақтау

  • Мақсаты:Оқушылардың білімін сараптау.
    • Өздігінен білім алуға, еңбекке бейімдеу арқылы,жылдам ойлауға,ойын
    • қорыта білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 

  • Керекті кұрал: Суреттер,сандар,карточкалар,макеттер.

 

  • Сабақ барысы:Ұйымдастыру

 

 

Кел ортаға шығайық,

Шеңбер жасап тұрайық.

Ақпыз,сары қарамыз,

Ағайынбыз бәріміз.

 

Бүгін бізеліміздің бас қаласы Астанаға саяхат жасаймыз. Алматыдан Астанаға көшу қай жылы басталды?

-1997 жылы.

— Осы сан туралы не айта аламыз?

Дәптерімізді ашып ,бүгінгікүнді жазамыз.Саяхатқа шықпасбұрын мынаалтын ұя мектебіміз бізге жолдама беріп отыр олжолдаманы жеңіп алу үшін сүрақтарға жауап беру керек.

 

Математикалық диктант.

— 1 км неше метр?

— Ауданның өлшем бірлігі?

— Ең кіші 4таңбалы сан?

— Бір жылда неше ай?

— 1тоннада неше кг?

— Жылдамдықты қалай табамыз?

 

Астанаға поезбен барамыз, оған билет алу керек ол үшін жылдамдыққа,уақытқа,қашықтыққа байланысты есеп шығарамыз.

Өскеменнен Астанаға дейін 950 км .Поезд сағатына 60км жылдамдықпен жүрді.Ол қанша уақытта Астанаға жетеді?

 

Астанаға жеттік.Автобусқа отыру керек.Билетте теңдеу бар шығарамыз. Сынып үш топка бөлінеді. Әр топқа теңдеу беріледі.

х*6=912              848+х=908                   273:х=7

 

Бүгін жұма күні болғандықтан мешітке барайық.Мешітке кірмес бұрын мешіт құрылысына көз салайық. Ол қандай геометриялық фигуралардан тұрады?

Мешітке кіру үшін бірнеше логикалық есептерді шешіп жіберейік.

  1. Кеше Айнұрдың туған күні болды.Ертең бейсенбі. Айнурдың туған күніаптаның қай күні болды?
  2. Шөпте бірнеше қояндар тығылып отыр, бірақ бізге тек 10 құлақ көрінеді. Барлығы канша қоян тығылып отыр?
  3. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?
  4. Бір адам қалаға бара жатып,жолда 3танысын қарсы кездестірді. Қанша адам қалаға барды?
  5. 1 кг темір мен1 кг мақтаның қайсысы жеңіл?

 

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Астана көркі-Бәйтерек.

Бәйтерек тарихына шолу.

Оқулықтан 128 беттегі №7 есепті шығару.

«Білімдінің бетіжарық.Қайда барса да жолы ашық» дегендей,Астананың білім ошағы Еуразиялық ұлттық университетіне кіру үшін тест шешу керек.

 

1.Ұзындығы 9см,ені7см тіктөртбұрыштың ауданын,периметрін тап

а)32,16       в)63,32       с)19,14       д)32,9

2.Бірдей 9ыдыста45кг бал бар.Осындай12ыдыста неше кг бал бар?

а)60  в)5    с)3     д)12

3.682 санында неше ондық бар?

а)682 в)68  с)2     д)82

4.1тәуліктің 1/6бөлігі нешеге тең?

а)8   в)4    с)6     д)3

5.Шаршының Р-20см қабырғаларыныңұзындығы нешеге тең?

а)5   в)4    с)10   д)15,5

6.2кл 321бірлігі,1кл2бірлігі

а)3212        в)32102     с)321002    д)32120

7.20метр үшін 2000теңге төленді. 1800теңгеге осындай неше метр сатып алуға болады?

а)100м       в)900м       с)18 м        д)1900м

8 .Секундпен өрнекте:25минут12с.

а)1512с      в)37 с) 1500       д)2220с

  1. 9250630 санында екінші кластыңқанша бірлігі бар?

а)30            в)630 с)9250       д)250

  1. (179010:3-18733)*0 амалын орында

а)0    в)54051      с)53            д)1

 

Бағалау:Топ басшылар өздерініңтобындағы оқушылардың ұпай санын «бағалаушкаласына»қарап анықтайды.

 

Үйге тапсырма:130беттегі№5-есеп.