Жұрнақ пен жалғау.

146

Сабақтың  тақырыбы: Жұрнақ  пен жалғау.

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:  сөз туралы  ұғымды пысықтау, оқушыларға қосымшалардың  қызметтері әр түрлі  болатынын байқату, сол арқылы  жұрнақ пен жалғау туралы  түсінік беру.

 

Дамытушылық: оқушыларды өзбетімен жұмыс жасауға, өз ойларын толық жеткізуге, сурет бойынша әңгіме қүрауға дағдыландыру.

 

Тәрбиелік: оқушыларды дәптерді таза ұстауға, өзара достық көмек  жасауға  үйрету

 

Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар.

 

Сабақтың барысы:

  1. Мотивациялық бағдарлау кезеңі.

Бір шал мен кемпірдің  Жалқаубек деген немересі сабаққа  барғанда қазақ тілін,ана тілін  түсіне бермейді екен, сөйлей де алмайды екен.Мұның себебі , оның сөздік қоры  тым тапшы болыпты. Ал оның досы Талапбек сабақты жақсы оқыпты. Жалқаубек одан көмек сұрап , қазақ тілін үйренбекші болады. Сөйтіп ,Талапбек пен Жалқаубек сөз әлеміне  саяхатқа аттанады.Онда кіру үшін үлкен  сиқырлы қақпадан  өту керек.Ол қақпа сұрақтар қояды. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, қақпа ашылады.

Сабақ сөз туралы  сұрақ –жауап түріндегі әңгімеден басталады.

-Сөз неден құралады

-Ол дыбыстардан құралады.

-Ол нені білдіреді

-Ол белгілі бір ұғымды  білдіреді, заттың, құбылыстың, адамның атын, қимылын білдіреді.

— Қосымша туралы не білесің

 

Олай болса, бүгін сендермен бірге қосымша туралы білімімізді  кеңейтейік.

 

Қане, бірге бәріміз

Көзімізді жұмамыз.

Өтіп тау мен өзеннен

Бір елге келіп қонамыз.

 

Қосымша деп аталар

Бұл ел мүлде бейтаныс

Біз білмейтін балалар,

Қосымшаның түрі бар,

Жаңа сөздер жасайтын,

Жұрнақ атты ұлы бар.

Сөз бен сөзді қосатын,

Жалғау атта қызы бар.

 

Операциялық  орындаушылық кезең.

Жаңа ұғымды түсіндіруге  суреттер пайдаланылады:

-Мынау не

-Бүркіт .

-Ал енді бүркіт сөзіне  қосымша қосып көрейік.

-Бүркіт- ші

-Не пайда болды. Бүркітші деген сөз  нені білдіреді

-Бүркітпен аң аулайтын адамды  білдіреді.

-Көрдіңдерме , бір қосымша қосып едік , сөз мүлде өзгеріп , басқа нәрсені білдіріп кетті. Яғни жаңа сөз жасалды.

Ал енді  бүркіт сөзіне  басқа бір қосымша  жалғап көрейік: бүркіт-пен. Мысалы.Аңды бүркітпен аулайды.

Демек, қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады.Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөз пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғанған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.

Жұрнақ пен жалғау

шы-балықшы

балық

тар-балықтар

 

 

шы-оқушы (бала)

оқу                         лық-оқулық (кітап)

ға-оқуға

Бұл қосымшалардың қайсысы мағынасы  өзгерген жаңа сөз, қайсысы жәй  байланысқа түсетін сөз жасап тұрғанын түсіндіру.

  • Оқушы келді.
  • Оқулық алдым.
  • Сабақ оқуға кірістім.

 

330-жаттығу Берілген қосымшалардың  қайсысын қай сөзге  қосып айтуға болады?

Қосымша қосылған сөздерге  сұрақ қой.Мағыналарының  өзгерген өзгермегенін  байқа.

Кітаппен жұмыс.Ережені оқу.

 

331-жаттығу.Мақалды оқып жатқа жаз. Жұрнақ жалғанған сөзді тауып, мағынасын түсіндір.

Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

 

332-жаттығу.Сөздерге жұрнақ жалғап оқы.Жұрнақ жалғанған сөздеріңді қатыстырыл  сөйлем қүра.

Дос, іс, жұмыс.

 

Үй жұмысы: 333- жаттығу.

 

Рефлексиялық  бағалау кезеңі

.

Ребуспен жұмыс. Шешуі:оқулық.

Тапсырма:сөйлем құрау, әңгіме құрастыру.

Пысықтауға арналған тест  тапсырмасы:

1 Қосымшаның неше түрі бар?

А.4

ә.2

б.3

 

2.Жұрнақ жалғанған сөзді тап.

А.көлдер

ә. Батырлық

б.досқа

 

3Жалғау жалғанған сөзді тап.

А.қобызшы

ә.гүлді

б.сусын

 

Ереже сұрау.Мысал ойлату. Оқушыларды бағалау.