Төрт түлік туралы жыр.Қой.

174

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жыр.Қой.

Сабақтың мақсаты: Төрт түлік түрлерімен таныстыру, оларды қалай шақыру

керек, пірлерін қалай атайтыны, пайдасы туралы әңгімелей отырып,

өлеңді сауатты, мәнерлеп, жүргізіп оқуға үйрету.

Ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеу,малды ұрмауға

тәрбиелеу.

Тіл байлықтарын, байланыстырап сөйлеу дағдыларын,

шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Әдісі: Түсіндірмелі –иллюстративті

Көрнекілігі: Слайдтар

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу, математика.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жүргізу.

«2» дегенің нашар баға,

Алады оны нашар бала.

«3» дегенің орта баға,

Сапасы да орта ғана.

«4» дегенің жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

«5» дегенің үздік баға,

Оқитын бол үздік қана!

Үй тапсырмасын тексеру

«Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісінің мазмұнын сұрап, бекіту.

Актуалдау

— Біздер қай тарауды оқып жатырмыз?

— Халық ауыз әдебиеті деп неге айтады?

— Оларға нелер жатады?

Атадан қалған асыл мұра

Мақал-мәтел

Жұмбақ

Жаңылтпаш

Ертегі

Мысал

Аңыз

Бесік жырлары

Батырлар жыры

Төрт түлік жырлары

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кішкене  ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар. (Қой)

Қамыс құлақ тостаған тұяқ,

Мінсең қанат, сүті –дәрі, еті-тамақ.(жылқы)

Үстінде тауы бар,

Өзі қызық жануар.(түйе)

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар.(сиыр)

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар, иегінде сақалы бар.(ешкі)

Қой — төрт түлік малдың ішіндегі ең момыны.Қой малы тез көбейеді. Адамға берер пайдасы өте көп.

Сонымен төрт түлік малдың бірі-қой туралы бүгінгі сабақта танысатын боламыз.

Жаңа сабақ

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

Қойдың сүті қорғасын,

Қойды ұрған оңбасын.

Оқулықпен жұмыс

а/өлеңді баяндау

ә/іштей оқу

б/тізбектей оқу

Тапсырмамен жұмыс

 

Отар                                      Шопан ата

 

 

Қазақы қой,миранос,

Қаракөл т.б.

Жуас мал

 

«Пұшайт-пұшайт»                                                                                      Жусан

 

 

 

Уақ мал                                                                                                           Аша тұяқты

 

 

 

Тез көбейеді                                     Қозы

/дара, егіз, үшем/

   Қойдың пайдасы

Құйрық майын ем ретінде пайдаланады

 

Сүт, ірімшік, құрт

Ләңгі жасалады

Еті

Терісінен тон тігеді

Жүнінен киіз, шұлық, киіз үй жабдықтары жасалады

Басы сыйлы қонаққа тартылады

Сүйегінен сабын жасайды

Асық алады

Жауырын сүйегіне қарап ауа райын божайды

Дәптермен жұмыс

Қой аузынан шөп алмас-момын.

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман— бейбіт, тыныш.

Сергіту сәті

«Төлдер» әнін айту

Дамытушылығы

Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Малдың еті, жүні,сүті, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажеттілігіне жарата білген.

Кең даланы шарлап, көшіп-қонған халықтың бар өмірі осы төрт түлік малмен байланысты болған. Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар. Түйе атасы-Ойсылқара, жылқы атасы-Қамбар ата, сиыр атасы-Зеңгі баба, ешкінің атасы-Сексек ата, қой атасы-Шопан ата. Қазақ халқы малды жақсы көрген, балаларын осы төлдерін атағандай жақсы көрген.

Қойдың түрлері

 

 

 

 

 

Ақжайық қойы              Ғиссар қойы                 Миронос                        Еділбай

 

 

 

 

 

Қаракөл

(Әр қойдың ерекшелігі туралы мағлұмат беру)

Проблемалық тапсырма

-Егер банкіден үлкен көлемде несиеге ақша алдыңыз делік. Оған бір досыңыз қой алып, мал шаруашылығымен айналыс десе, екінші бір досыңыз қымбат машина ал деді. Сіздер не істер едіңіздер?

Бекіту

Сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, геометриялық фигуралардан қойдың суретін құрастыру.

  1. Төрт түлік малдарды ата.
  2. Қой атасы кім?
  3. Көп қойды қалай атайды?
  4. Қойдың төлі не?
  5. Қой сүтінен не жасалады?
  6. Қандай пайдасы бар?

Қорытынды

«Малды берсең, қойды бер,

Ұлды берсең, ойлы бер» деген қазақ даналығы бар. Осы сөзді жадымыздан шығармай, сіздер төрт түлік малды қадірлеп, қастерлей білетін ойлы азамат болады деген үміттемін.

Үйге: Жырды жаттау, қойдың жасын жазу, суретін салып келу.

Бағалау

Оқушыларды мадақтап бағалау.