Дала жұлдызы. С.Мәуленов

Сабақтың тақырыбы: Дала жұлдызы.    С.Мәуленов

Сабақтың мақсаты:

Ы.Алтынсариннің  алғаш рет қазақ даласында

мектеп ашуы  және шәкірттері мен еңбектерін жарыққа шығарушылар туралы оқып үйрену.Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын,шығармашылығын қалыптастыру.

Міндеттері         :

А) Мазмұнға байланысты:

Мәтінді оқып танысады.Өз бетінше мазмұнын айтып дағдыланады.

ә)Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

оқу мен жазу арқылы сыни ойлауын қалыптастыру,өз бетінше ой түйіндеуге үйрету.

Б)Топтық жұмыс үрдісіне байланысты:

Оқушылар ортақ ой түйіндейді,өзара пікір алысады.Шығармашылық ізденісі қалыптасады.

Тәрбиелік мақсаты:

Ы. Алтынсариннің өмір жолын үлгі ету. Бір-бірінің пікірін тыңдауға, білімді азамат болып өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамытушылық

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Стратегиялары:Ой қозғау,ЖИКСО-1, аквариум, топтастыру,эссе,бес жолды өлең, топпен жұмыс.

Сабақтың формасы: топтық

Сабақтың көрнекілігі: Ұлы тұлғалардың, Ы.Алтынсариннің, С.Мәуленовтың портреттері, мәтінге байланысты суреттер.

Қажетті құралдар:компьютер,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды топтарға бөлу.

2.Психологиялық дайындық.

 

Мұғалім:Екі қол не үшін керек?

Оқушы:Елге көмек беру үшін.

Мұғалім:Екі аяқ не үшін керек?

Оқушы:Жерді басып жүру үшін.

Мұғалім:Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы:Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім:Екі көз не үшін керек?

Оқушы:Жақсыларды көріп, біліп,

Үлгі-өнеге алу үшін.

 

 

 

 

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Жақсы- ай мен күндей, Әлемге бірдей.  Ұлы тұлғалар өміріне шолу жасау.

Бұл адамдар қазақ халқының ұлы,қайталанбас дара тұлғалары.Олардың өмірі мен істері бізге үлгі,өнеге.

Ой қозғау

Ы.Алтынсарин туралы не білесіңдер?   (Топтастыру )

 

 

1841-1889жж

Тамаша педагог                                                                           Жазушы, ақын

 

 

 

Тұңғыш»Қазақ                                                                                   Мұғалім дайындады

хрестоматия» авторы

 

 

 

1864 жылы мектеп ашты                                                            Тұңғыш ағартушы-ұстаз

Аудармашы

 

 

Ыбырай Алтынсариннің қандай шығармаларымен таныстық? (Топтастыру жасау)

 

 

Кел,балалар,оқылық!

 

 

Бай баласы мен жарлы баласы.                                             Өрмекші,құмырсқа

 

 

 

 

Өнер,білім бар жұрттар.                                                                               Әке мен бала

 

 

Өсиет

 

Аурудан аяған күштірек

Таза бұлақ

 

 

 

 

Поэзия минуты. Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа айту.

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Мағынаны тану.

С.Мәуленовтың өмірі туралы хронологиялық кестемен таныстыру.

1922ж — 1993жж

 

 

Қостанай облысы                                                                           Ақын, жазушы

Жангелдин ауданы

Торғай ауылы

 

 

 

 

Шығармалары                                                                               2- дүниежүзілік

cоғысқа қатысқан

 

Ыбырай еңбектерін жарыққа шығарған

Оқулықпен жұмыс.

1.Мәтінді төрт бөлікке бөліп, төрт топқа оқуға беремін.

2.Оқығандарын топта талдап, мәтін мазмұнымен танысады.

3.Әр топтан бір оқушы шығып, мәтін мазмұнын айтады.

Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмысы.

Қос-баспананың бір түрі.

Өңі-түрі, келбеті.

Ой толғаныс.

Топпен жұмыс.

І топ: «Ы.Алтынсарин-қазақтың жарық жұлдызы» эссе жазу.

ІІ топ: Есжанға бес жолды өлең құрастыру.

ІІІ топ: Оқу, білім туралы мақал-мәтел айту.

ІV топ: «жарық жұлдыз» деген сөз тіркесін пайдаланып,еркін жазу.

Қорытынды.

Талдау-жинақтау сұрақтары:

1)Ы.Алтынсарин кім?

2)Есжанды неге «Әнкенің баласы» деп атаған?

3)Мәтінде Ыбырайдан сабақ алған тағы кімнің аты аталған?

4)Ыбырайды неге «Жарық жұлдыз еді» деген?

 

Жарық жұлдыз

 

Ыбырай Алтынсарин

 

Есжан                                          С.Көбеев

 

 

Үйге тапсырма: «Дала жұлдызы» әңгімесін оқып, мазмұнын айту.

С.Көбеев туралы мәлімет жинау.

Бағалау.-Балалар,қазіргі кезде Ыбырай атамыздың салған сара жолымен жер-жерлерде көптеген мектептер мен ізбасар ұстаздар білім беру жүйесіне өз үлестерін қосуда. Мүмкін сендердің араларыңда да ертеңгі жарық жұлдыздар отырған шығар. «Жұлдыздарың биіктен жарқырасын!»-деген тілекпен ,сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жұлдызшалармен бағалаймын.