Уақыт және оны өлшеу.Сағат (сағ). Минут (мин).

181

Сабақтың тақырыбы: Уақыт және оны өлшеу.Сағат (сағ). Минут (мин).

Мақсаты:Қандай да қайталайтын құбылысты сипаттайтын шамалардың бірі ретінде уақыт аралығы жайында түсінік беру және оның бірліктері сағатпен және минутпен таныстыру; сағат және минуттың ара қатынасын тағайындау, өзара кері есептер құру және шығаруды пысықтау; сандарды және сәйкес шамаларды қосу мен азайтуды салыстыра қарастыру; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру.

I.Ұйымдастыру сәті

II.Тірек білімді еске түсіру

А) Ассоциация картасын құру.

-Осы сөзді естігенде,сендердің бастарыңа қандай ой келеді?

-Неліктен уақытты үнемдеу керек?

-Уақыт жайында қандай мақалдарды білесіңдер?

Балалар ассосациясы жазылады.Барлық сөздердің ішінен сабақта қолданылатын сөздер айшықталып бөлініп алынады.

Ә)Ойын: «Сағат сатып ал»

Адамға ең қажет нәрсенің бірі – сағат. Ол әрбір уақыттың маңызды екенін көрсетіп тұрады. Сондықтан өздеріңе ұнаған сағатты сатып алыңдар.

III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Оқулықпен жұмыс

Өздерің таңдаған сағатпен танысамыз.

№1.Сағат моделі пайдаланылып, практикалық жұмыстар жүргізіледі. Қолдарындағы сағат модельдерімен оқушылар бір сағатқа дейінгі дәлдікпен уақытты анықтауға жаттығады. Толық дөңгелекті минуттық тілдің бір айналып шығуы 1 сағат, ал 1сағ=60 мин екенін мұғалім түсіндіреді.

№2.Практикалық жұмыс.

Еркін талқылау түрінде жұмыс жалғасады. Қолдарындағы сағат модельдерімен оқушылар қашан ұйқыдан тұратынын, ойнайтынын, демалатынын, сабаққа баратынын, ұйықтайтынын т.с.с. бір сағатқа дейінгі дәлдікпен көрсетуді талап етеді.

№3. Жұппен жұмыс.Уақыт 2-3 минут.Оқушылар жолдасына неліктен сағат тілдерінің осылайша

орналасатынын түсіндіреді. Осыдан соң қажетті түзетулер енгізе отырып, мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды.

№4.Математикалық диктант.

Жауаптың дұрыс нұсқалары тақтаға ілініп, оқушылар өзара тексеруді орындайды. Жиі кездескен қателер бойынша талдау жүргізіледі.

Сергіту сәті

Суреттегі қоян әрбір 13-ші сәбізді жегенде ең соңынан қызыл сәбізді жейді екен. Сағат тілінің бағытымен санағанда қай сәбізден бастап жейді?

№5.Есепті шығару  мұғалім басшылығымен тақтада жүргізіледі. Бір кері есеп талқыланады және жазылады. Екінші кері есепті оқушыларға өздігінен жазу ұсынылады.

Рефлексия.

№6. Ойын жарыс:«Кім жылдам?»

Оқушы бір минут ішінде жауаптың нұсқаларын ғана жазады. Жұмыс алдында шамаларды қосудың ерекшелігі міндетті түрде еске түсіріледі.

Топпен жұмыс. «Менің күн режимім» жобасын дайындап,қорғау

Үй тапсырмасы. 43-бет, «Жасыл қоршау»