Ас тұзы

297

Сабақтың тақырыбы: Ас тұзы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік.Балаларға ас тұзы,адамдар мен жануарларға тұзды пайдалану қажеттілігі,ас тұзының негізгі көздері,көлден тұз өндіру туралы түсінігін толықтыру.

2.Дамытушылық.Балалардың сөйлеу,ойлау,зерттеу,іздену қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.

3.Тәрбиелік.Ас тұзының қажеттілігін түсіне отырып,оны үнемді және белгілі мөлшерде пайдалана білуге үйрету,ас тұзына деген қазақ халқының көз қарасы арқылы балаларға ұлттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер:сұрақ-жауап,СТО элементтері,зерттеу жұмысы,іздену жұмысы

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:ас тұзы,су құйылған стақандар,

Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы,көлдер суреттері,кестелер,үнтаспа

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық дайындық.

Амансың ба,алтын күн,

Амансың ба,көк асапн,

Амансың ба,жер ана.

Амансыз ба,мұғалім,

Амансың ба,жан досым,

Міне,менің қолым бос,

Жылуыңа жылу қос.

ІІ.Өткенді пысықтау.

Үй тапсырмасын тексеру

1.Сұрақ-жауап:

-Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

-Қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?

2.Іздену жұмысын тексеру.

Асыл сөз көп халықта,

Іле жүрер құлаққа.

Ізденген жетер мұратқа,

Ізденуге жалықпа,-дегендей,балалар сендерге үйге іздену жұмыстары берілген болатын соған кезек береміз.

Оқушылар құм,саз,әктас және мәрмәр туралы ізденген мәліметтерін,

суреттерін ортаға шығып қысқаша тоқталады да,іздену жұмыстары бұрышына іледі.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Қызығушылықты ояту.

1.«Құпия қорап» арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

-Балалар,мына қорап жай қорап емес,құпия қорап.Мұның ішінде бүгінгі сабаққа тікелей қатысты нәрсе бар.Соны тауып көрейік.Ол үшін көмекші сөздер айтамын.

-пайдалы қазба (оқушылар жауабы:тас көмір,мұнай,тас,алтын,әктас болуы мүмкін)

-көлден шығады (Оқушылар жауабы:құм,саз,су,тас болуы мүмкін)

-тағамға қосамыз,ащы (оқушылар жауабы: ас тұзы)

-Ендеше қорапты ашып қарайық,не бар екен?

-Ас тұзы.

-Дұрыс.Ендеше,балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз-ас тұзы.

  1. Не білеміз?

-Балалар ас тұзы туралы не білесіңдер өз білгендерімізді ортаға салайық.

(оқушылар ас тұзы туралы не білетіндерін айтады)

3.Не білгіміз келеді?

-Балалар сендер ас тұзы туралы не білгілерін келеді?

Оқушылар:

-Ас тұзй қандай пайдалы қазба?

-Ас тұзының қандай қасиеті бар?

-Ас тұзының адамдар мен жануарлар үшін қажеттілігі бар ма?

-Ас тұзын қайдан алады?

-Ас тұзының зияны бар ма?

2.Мағынаны тану

1.Мәтінмен жұмыс.Әр топқа ас тұзы туралы мәтіндер беріледі.Оқушылар топта оқып,талдау жүргізгеннен кейін,мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.

Мұғалім сұрақтары:

-Ас тұзы не үшін керек?

-Тұз неден алынады?

-Тұз тамаққа салудан басқа тағы не үшін керек?нелер жасайды?

-Тұз жануарларға қажет пе?Жабайы жануарларға қалай береді?

-Қазақстанда ас тұзын қайдан алады?

-Ағынды және ағынсыз көлдер деп қандай көлдерді айтамыз?

-Қандай көлдер тұзды болады?

-Тұзды көлдер қалай пайда болады?

2.Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі.Тұзды көлдердің пайда болуын,жиналуын түсіндіру.

Көлдер

АҒЫНДЫ                                АҒЫНСЫЗ

өзен ағып шықса                   өзен ағып шықпаса

тұзды көл

Өзен суында аз мөлшерде тұз болады.Өзен ағынсыз көлге құйғанда,оның бетіндегі су буланады,ал тұз көлде қалады.Көл суы бірте-бірте тұзға қанығады.Тұз оның түбіне шөгеді де,сонда жиналады.

 

3.Қазақстан пайдалы қазбалар картасымен жұмыс.

-Балалар,картада ас тұзының шартты белгісі мынадай:

-Балалар,картадан Қазақстанның қай жерлерінде ас тұзі өндіріледі? (картадан іздеп табады)

-Қандай тұзды көлдер бар?

-Балалар Қазақстанда тұзды көлдер өте көп.Олар:Шалқар көлі,Индер көлі,

Аралсор көлі,Ақкөл көлі,Жарман көлі,Жалаулы көл,Теңіз көлі,Алакөл т.б көптеген көлдер бар.

-Балалар,Балқаш көлінің суы жартылай ащы және жартылай тұщы болуының себебі неде деп ойлайсыңдар?(оқушылар жауап бере алмаса мұғалім көмектеседі)

 4.Зерттеу жұмысы.

Ас тұзын қолмен ұстап көру.Үлкейткіш әйнекпен қарау.Стақандағы суға тұз салып,қасықпен араластырып,дәмін татып көру.Оның түсін және судағы еру деңгейін анықтау.Нәтижесін тақтадағы кестеге әр топтан бір оқушыдан шығып толтырады.

3.Ой толғау

  1. «Артық болмас білгенің» айдары.Оқушылар үнтаспадан тұздың пайдасы мен зияны туралы ақпараттар естиді.
  2. Қазақ халқының өміріндегі тұздың мәні.

-Балалар,қазақ халқы тұзды қастерлеген.Оны бейсауат шашпаған,үнемдеп пайдаланған.Тұзға байланысты тыйымдар мен ырымдар,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер,аңыздар мен ертегілерде айтылады.

Мысалы:

Мақал-мәтелдер:

Тұзды көп сақтама,су болар,

Қызды көп сақтама,күн болар,

*  *  *

Еңбегі ештің ,тұзы сор

*  *  *

Тұзды төкпе,тұзды сөкпе.

*  *  *

Қыз аыр ма,тұз ауыр ма?

Тыйым сөз: Тұзды,күлді баспа.

Тұзды шашпа.

 

ІҮ.Қорыту.

-Сонымен балалар,біз бүгін қандай пайдалы қазбамен таныстық?

-Ас тұзын неліктен пайдалы қазбаға жатқызамыз?

Бүгінгі сабақта ас тұзы туралы не білдік,соны топтастырып жазайық

 

Ү.Үйге тапсырма:

  1. «Ас тұзы» мәтінің оқу
  2. Ізденушілік жұмыс.Ас тұзы туралы мәліметтер жинау

ҮІ.Бағалау.