Ұлт тірегі Елбасы

49

Тақырыбы: Ұлт тірегі Елбасы

Мақсаты: 1. Оқушыларға Нұрсұлтан ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

  1. Оқушылардың ой- өрісін дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру,шығармашылық ізденісін дамыту.
  2. Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын алғыр да білімді ұрпақ тәрбиелеу, туған тілін, туған жерін сүюге шақыру, тарихымызды бағалай білуге, ұлттық салт- дәстүрді қастерлеуге үйрету.

Көрнекілігі: Н.Назарбаевтің портреті, еліміздің рәміздері, слайд.

Жүргізуші:

Армысыздар, қаламыздың асылдары,

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Жиналыппыз сәтті күн бәріміз де,

Үлкен- кіші, жасымыз, кәріміз де,

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,

Гүл- гүл жайнап, біздің, мына төрімізге.

Армысыздар, ардақты да қадірлі, аяулы да сымбатты ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! Бүгінгі 1 желтоқсан- Елбасы күнінің қарсаңында өткізгелі тұрған «Менің тұңғыш президентім» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

Бұлақсыз сусындаған сан мың бала,

Шырақсыз сәулеленген ой мен сана.

Әдепті, абыройлы, жатық мінез,

Әрі ұстаз жеткіншекке, әрі пана,- дегендей алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Абумаликов Ерлан

Қанатбайұлына беріледі.

Қадірменді ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! «Менің тұңғыш президентім» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Бұл ертеңгілік үш бөлімнен тұрады:

І бөлім. Жолыңыз нұрлы болсын! Нұрсұлтан Әбішұлы   Назарбаевтың өмірбаяны.

ІІ бөлім. Еңсесі биік елім бар.

ІІІ бөлім. Ой бөлістім халқыммен. Елбасының жүрекжарды тебіренісі.

 

 

Бүгінгі ертіңгілігіміз саясаттың суырылған дара саңлағы, бүкіл әлем мойындаған дара тұлға, алғыр басшы, Қазақстан Республикасының  тұңғыш Президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнаймыз.

Біз тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп көріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қол жеткен елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата- бабамыздың ұрпағын, елім, жерім деп армандап өткен, сол үшін талай тер төгіп, қан төгіп, мың өліп, мың тірілген, өзім жетпесем де, ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі.

Халқымыздың ғасырлар тереңінен тамыр тартқан көшіміздің маңдайын түзеп, бағыт- бағдарын айқындайтын әйгілі үш жолы болды. Ол- Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Абылай ханның ақ жолы. Сол киелі ата- бабамыздың әруағы қолдап жаңа ХХІ ғасыр Нұрсұлтан Назарбаевтың нұрлы жолы болады деп кәміл сенеміз.

Мақтанышым- Көк байрағым, Ұраным,

Қырдағыны қалт жібермес Қыраным.

Сарқылмасын өзің ашқан бұлағың,

Жарқырасын өзің жаққан шырағың.

Елің үшін ұзақ ғұмыр сүре бер,

Құдайдан сол, күні- түні сұрарым.

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны

 

Әдеби монтаж. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында  дүниеге келген.

Әкесі Әбіш бау- бақша өсірудің білгірі, өте шаруақор, етік тігу өнерін игерген, диірмен тартқан  кеңпейіл, еңбекқор кісі болатын.

Анасы- Әлжан малдың жайын білетін ашық- жарқын, мейірімді, өте сыйлы адам болатын.

 

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының, Рессей Федерациясы

әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

Әл- Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. Михаил Васильевич Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

 

1960- 1969 жылдары- Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

 

1969- 1973 жылдары -Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия- комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

 

1973- 1977 жылдары- Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

 

1977- 1979 жылдары- Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2- хатшысы.

 

1979- 1984 жылдары- Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің хатшысы.

 

1984- 1989 жылдары- Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

 

1989- 1991 жылдары- Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы, 1990 жылғы ақпан- сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары кеңесінің төрағасы болды.

 

1990 жылдың сәуірінен- Қазақстан Республикасының Президенті.

 

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен ( 98,7 %  ) тоқсан жеті бүтін оннан жеті пайызбен жеңіске жетті.

 

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтиже-сінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

 

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

 

Н.Ә.Назарбаев- Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

 

Жұбайы- Сара Алпысқызы Назарбаева. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

 

Президенттің үш қызы бар: Дариға- саясат ғылымдарының докторы. Динара- Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қорғау қорын басқарады. Әлия- бизнеспен айналысады, «Элистрой» құрылыс компаниясын басқарады.

 

ІІ бөлім. Еңсесі биік елім бар.

Жүргізуші. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып- көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

 

Оқушы.   Қайырлы Қазақстан ұланымыз,

Еліме лайық болу ұранымыз.

Шығарып қазақ атын бар әлемге,

Сөнбесін әрқашанда жыр- әніміз.

 

Бақытты елдің біз ұл- қызымыз,

Әркімнің маңдайдағы жұлдызымыз.

Елдерді бір- бірімен жалғайтұғын,

Болашақтың ертеңгі құндызымыз.

 

Қазақ аты береке, бірлік дер ем,

Қазақ осы бірлікті тірлік деген.

Сахараға бүгінде шықты қазақ,

Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп қуанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

 

Бүгінде қазағымның таңы атты,

Алу мақсат ел деп алғыс сауапты.

Әр отбасы, әр адам, әрбір қазақ,

Тәуелсіздікті сақтау үшін жауапты.

 

Біз- тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз, сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріммен аталарым сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз.

 

Сәулесі бар нұрыңда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Даңқың артсын, егеменді елім менің,

Серігіне айналшы мәңгіліктің!

 

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

 

Қазақстан- Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұр ағамен егіз болар есімі.

 

Қазақстан- тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні.

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Жүргізуші. Егемендік алғанға дейінгі тарихымыздағы қасіретті кезеңдерді былай қойғанда, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі

тарихымызға үңілсек, жақсылықтарымыз бен жаңалықтарымыз көп. Асқақтаған Астана келбеті- сүйікті еліміздің өркендеуінің айғағы. Мұның бәрі- елдің ауыр жүгін арқалаған сенімді  де алғыр басшы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігі мен қырағылығының арқасы. Олай болса, «Ой бөлістім халқыммен», яғни Елбасының жүрекжарды тебіренісіне тоқталайық.

 

Оқушы. Бұл дүниеде біздің бірғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан.

 

Салтанатты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшан- теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етейік!

 

Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ.

 

Отаны бірдің- тілегі бір, жүрегі бір.

 

Елдің тағдыры- өз қолымызда.

 

Астанасына қарап елін таниды.

 

Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін!

 

Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады.

 

Кез келген мемлекеттің қуаты- халқында.

 

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.

Ең бастысы- бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.

Сол күнге берік сенім бар!

 

 

Жүргізуші. Қорыта келгенде,

Тәуелсіз қазақстан- ұлы отаным,

Көк туымды қалайша сыйламаймын.

Тып- тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

 

Елбасымыз алысты көрсін,

Ел- жұртымыз табысты болсын!

Қыздарымыз сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын.

 

Көршілеріміз тыныш болсын,

Таңдайтынымыз жұмыс болсын.

Малымыз төлдеп, егініміз көктеп,

Дастарқанымызға ырыс толсын!

 

Нарық қалтаны қақпайтын болсын,

Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын.

Қазақстанның барлық азаматтары,

Қазақша сөйлеп алға аттайтын болсын!

 

Балаларымыздың бағы жансын,

Қалаған білімін алсын.

Тілін, дінін, дәстүрін біліп,

Он саусағынан өнері тамсын!

 

Мәдениетіміз мәнді болсын,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та бірін айт,

Дербестігіміз мәңгі болсын!

Аллаһу әкпар!

 

Осымен «Ұлт тірегі Елбасы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға  рахмет! Көріскенше күн жақсы!