Болашаққа нұр құйған Тәуелсіздік

65

Болашаққа нұр құйған Тәуелсіздік

Мақсаты: оқушыларды Қазақстанның тәуелсіздік жолында небір тар жол, тайғақ      кешулерден өткені, ата-бабаларымыздың ерлігін, өрлігін көрсету, мәнін ашу.Елге,

жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту. Елжанды-

лыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін , тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, бейнетаспа, суреттер, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

  1. Мұғалімнің сөзі:

Құрметті ұстаздар , оқушылар! «Болашаққа нұр құйған Тәуелсіздік» деп аталатын тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Біз бұдан бұрын Астана туралы және қазағымыздың қонақжайлылығы туралы «Кең болсаң, кем болмайсың» атты тәрбие сағаттарын да өткізген болатынбыз. Сол сабақтардан еске түсірейікші:

-Біз қай мемлекеттің азаматтарымыз?

— Ұлтымыз кім?

— Тіліміз қандай?

— Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?

-Содан бері неше жыл өтті?

-Тәуелсіздік күні қай күн?

-Енді Қазақстан Республикасының жері, байлығы туралы еске түсірсек.

 

Қ.Р.-ның жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни респуликамыздың территориясына жеті мемлекет сияды.мысалы: Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан.Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана қаласы.

Біздің Қ.Р. өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалар бар.

Мінекей, осындай ұлан-байтақ жерге, бай байлыққа ертеден қызыққан жауларымыз көп болған. Оны қорғау үшін ата- бабаларымыз өз жанын да аямады.Қазақ жерінде соңғы 5 ғасырда 3 мыңдай ірілі-ұсақты көтерілістер мен наразылықтар болған екен.Соның барлығы да қасиетті тәуелсіздік үшін болғаны  мәлім.

 

Көрініспен бастау.

Немере: Ата, не ойлап отырсыз?

Ата: Ә,балам, атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немере: Өткен өмір деген не?

Ата: Ә,балам, өткен өмір деген сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немере: Ол қандай болған?

Ата: Ендеше тыңда балам…

 

  1. Нұрайым:

ХІІ ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда, тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен-қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтарытұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты.

2.Айбек:

ХV ғасыр басында дүрліккен ел үдере көшіп, ақтабан шұбырындыға айналды. Содан шұбырған қалың қазақ Қаратаудың баурайында бас қосты. Оларды бірлікке Төле би шақырды.

3.Асылхан:

Атадан жақсы ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені

Ортасынан қуса игі  — дей отырып, ел тағдырына қатысты жайларға белсене қатысып, бәтуәлі істер тындырған.

  1. Дана:

ХVІІІ – ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.

  1. Нұртілеу:

ХХ ғасырдың 16-шы жылғы маусым жарлығына «жігіт бермейміз» деп қарсылық көрсеткендерді оққа ұшырды, қаншасы өз жерінде қырғын көрді. Жаяу жалпы, үй-күйсіз Қытай жеріне, шет елге босып, үрке қашты. Қалған ел аштықтан қырыла бастады.

 

6.Нұрана:

1917 жылы да бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап,

қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап көшуге мәжбүр болды.

7.Сандира:

1923-33 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 6 миллиондай халықтың 2,2 миллионы қырылды.Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әлі жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде Атамекенін тастап кеткен халқымыздың адамзат тарихында болмаған алапат саны 1 млн 578 мыңға жетті.

 

Ата: Халқымыздың басына түскен қасіретті кезең сталиндік репрессия жылдары болды.

Немере: Иә, ата, білемін. Әдебиет сабағынан оқытқан бізге. Сонда Мағжан, Ахмет, Сәкен, Ілияс, Міржақып, Шәкәрім сынды аталарымызды алып кетті ғой.

Ата: Иә, дұрыс айтасың. Халқымыздың қаймағы болған сол асыл ағаларымыздың кінәсі өз елінің қамын ойлағаны, тәуелсіздігін аңсағаны еді.

  1. 8. Санжар:

Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жанғандар.

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

9.Амина:

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.

 

 

10.Гүлназым:

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді. Төрт жылға созылған өмір мен өлім алысқан қиян кескі соғыс басталды.

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

             11.Жансерік:

1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысында бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттықты, азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.

Мұғалім: Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған          келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды.  1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.  Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери — өнеркәсіп базасына айналды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен, азық – түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:
1.Барлығы-11600 адам;
2.Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-97;
3.Қазақ қыздары-2.

Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.

12.Қуат:

Заман өзгерді, ел жетілді. Бірақ халық басынан қайғы-мұң әлі арылар емес. Ядролық қаруды сынау ел басына апат болды. Ядролық қаруды сынаудың кінәсінен бұл күндері Қазақстанда бүлінбеген жер жоқ.

13.Гүлхан:

Адам – табиғаттың қожасы емес, баласы,

Өмір қымбат қашанда әрбір жанға.

Оны қорғау борышың, елім,қолда.

Кешегі бір жылдарда айналыпты

Қазағымның даласы полигонға.

14:Бақдаулет:Бұған дейін Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды алыптар туған жерде жылына 18 ретке дейін жарылыс жасалып келді.

 

Мұғ алім:

ХХ ғасыр ядролық қару деген кесапатты дүниеге алып келді. Сол қару кеңінен қол-

данылмай жатып,өзінің пайда болу кезеңінде-ақ айналасына өлім септі. Сынақтар, сол сынақ өткізетін жер – полигондар пайда болды. Сондай қасіретке әлемнің біраз жері, оның ішінде қазақ жері – халқымыздың аяулы перзенттері дүниеге келген Семей жері де ұшырады.

 

Ата: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан кезеңі болды ғой. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін қыршын жастар күресті емес пе?

Немере: иә, ата, сол бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалары сөзсіз.

Ата: Желтоқсан оқиғасы еліміздің тәуелсіздігінің бастауы болды десек, артық айтпаймыз, балам.

  1. Нұрбек:

1986 жылы желтоқсанда елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. Жылдар бойы іште жиылған төзім запыраны бір ақ күнде бөгеттібұзған тасқын судай ақтарылды. Сол 1986 жылғы желтоқсанның апат болған жас қыршындары Қайрат Ноғайбайұлы, Ләззат Асанқызы, Ербол Сыпатайұлы, Сәбира Мұхамеджанқызы.

16.Сәндира:

Қорлық көрдім өз үйімде, өз елімде,

Қалды жара айықпас болып өзегімде.

«Сөз атасы өледі» деген бар- ды,

Айтпай кетсе сөздерді кезегінде.

Бұл аз болды дегендей Колбин келді,

Батырыңнан кеммін бе, көргін деді.

Қазақтарды табанға сап тепкілегендерге

Үйіп-төгіп тақты ғой ордендерді.

17.Қуат:

Қайрат па, мен оны білемін,

Сол жылдары қанат қағып түледі.

Егеменді ел болмаққа жар салып,

Сырып тастап отаршылық түнегін.

 

Көрініс.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбековты алып келіңдер!

 

Әскери адам Қайратты алып келеді.

 

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, Савицкийді өлтіргеніңді мойында, мойындасаң, жазаң жеңілдейді.

 

Қайрат: Жоқ, жоқ, мен өлтірген жоқпын. Мен жаламен кетіп барам.

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген,

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден.

Алатаудай бабалар,

Әруағыңмен жебей көр.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар!

Тергеуші: Сот келеді. Орындарыңыздан тұрыңыздар!

(Сот келеді)

Сот: Айыпкер Қ.Рысқұлбеков қылмысты деп танылып, Қазақ КСРО Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жыл және 65-бабы бойынша 15 жыл бас бостандығынан айрылсын. Қылмыстық кодекстің 173-бабының 1-тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі — өлім жазасына, атуға кесілсін!

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, ең соңғы ақтық сөзіңді айт!

Қайрат: Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін!

 

Хор: «Желтоқсан желі»

Ата: Балам, міне ата-баба тарихына шолу жасағанда біз қаншама белестерді білдік. Қаншама қиын қыстау кезеңде де жеңіске жетуге басты себеп не деп ұғасың?

Немере: Елді, туған жерді сүю.

Ата: Дұрыс, туған жерді, туған елді сүю.Енді осы аталарымыз мұра еткен жердің қорғаны сендер.

Ән. «Қазағым» Бір топ ер балалар.

Би. «Қазақ» биі. Билейтін: Нұрайым мен Гүлназым.

Мұғалім:

Биыл Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын қуанышпен атап өткелі отыр. Адам өмірі үшін елеулі, ал мемлекет тарихы үшін қас қағым сәт қана саналатын бұл мерзім өткенімізді саралап, келешегімізге көз жіберіп алатын елеулі белес екені анық. Тәуелсіздігіміздің таңғы шағында бәзбіреулердің көп ұлтты Қазақ елінің осынау аз уақыт ішінде бірлігі жарасқан мемлекетке айналып кете қоятынына күмәнмен қарағандар да болды. «Кім бүгінгісін таныса – өткеніне де ие, өткенін білген – келешегіне де қожа» деген халық даналығы да бар.Алайда, тап осы 20 жылда Қазақстан еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың білікті басшылығының арқасында ол жайсыз жорамалдар мен сәтсіз сәуегейліктер жүзеге аспай, еліміз бүгінде әлемдік деңгейде жоғары қарқынмен дамып отырған бейбіт әрі беделді мемлекеттердің қатарына қосылып отыр. Әрине, отандастарымыз қазіргі алаңсыз еңбек етіп, білім алып, өсіп-өніп, берекелі тіршілік кешіп жатқан жағдайға оңайлықпен жеткен жоқ. Бүгінде Қазақстан ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінде әлемдегі 110 мемлекеттің арасында 50-ші орынды иеленіп отыр.Сол 20 жылда жеткен жетістіктерімізге тоқталсақ:

1.Нұрайым:

1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.

Қазақстан бейне бір бала батыр,

Алдымызда басталды жаңа ғасыр.

Елім ғасыр қақпасын полигонсыз,

Ашып бүгін адымдап бара жатыр.

Мұғалім:

Сесей ядролық сынақ полигонын жабу – теңдессіз оқиға. Оны біздің еліміздің басшысы жапты деп мақтанамыз.Президенттің мұндай шешім қабылдауы расында да теңдессіз ерлік. Араға 1 жыл салып АҚШ конгресі де Невадада ядролық сынақты тоқтатуға шешім қабылдады. Одан кейін француздар да ақылға келіп, 1995 жылы полигондарын жапты. Қытайлар да 1996 жылы өздерінің Лоб-Нор шөліндегі полигонын жапты. Сол жойқын қаруды жоюдың бастамашысы біздің еліміз болып отырғаны үлкен абырой.

2.Жұмабек:

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Қазақ кср-інің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

 

Амина:

Әр сөздің астарында осы арада,

Ағайын, ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара.

Дана:

Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

«Елбасы – Назарбаев» — егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен.

Айбек:

Елбасымыз  саған мәңгі разымыз,

Үлкен –кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

3.Гүлназым:

Осы жылы 10 желтоқсанда   Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.

Ән.Хор.»Күн дидарлы Қазақстан»

4.Санжар:

1992 жылы 2 наурыз – Қ.Р. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

Көгінде қыран құсың қалықтаған,

Ұшудан биігінде жалықпаған.

Қазақстан сүйікті отанымсың,

Адымдап алға басып шарықтаған.

Асылхан:

Жалауың самал желмен желбіреген,

Көріп ем ет жүрегім елжіреген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінен,

Сөйлеп жатыр Елбасым елім деген.

 

 

 

5.Сара:

8 мамыр – Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды.

6.Сымбат:

14 шілдеде «Бөбек» қайырымдылық қоры құрылды.

Балаларды қорғау керек бәрінен,

Қардан, қыстың қаһарынан, кәрінен.

Аяз, боран, аңызақтан, аптаптан,

Замананың зұлматынан, зәрінен.

Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,

Айналайын болсын әркез сая-бақ.

Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш,

Балаларға бөлінбесін алалап.

7.Әлихан:

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

8.Жансерік:

4 маусымда Елбасымыз мемлекеттік Ту, Елтаңба, гимн туралы Қ.Р.-ның заңына қол қойды.

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім – Гимн мен Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген – жөн кісі.

Мұғалім:

-Тудың авторы кім?

-Елтаңбаның авторы кім?

 

 

 

9.Нұрана:

1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заңы қабылданды.

Әлемге ел пейілін таныстырған,

Заңым ең адамгершіл, халықшыл заң.

Тілім тұр онда айтыста әділ жеңіп,

Мәртебе мемлекеттік алып тынған.

Қорғалар жерім тұтас, елім бүтін,

Қол сұғып ешкім сырттан айтпас үкім.

Заңда айқын міндеттерім, құқықтарым,

Ақтайтын әке үмітін, ана сүтін.

10.Сымбат:

1993 жылы 15-қарашада Қ.Р.-ның Ұлттық ақшасы Теңге айналымға енді.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы, елтаңбасы, гимні бар,

Айтыңдаршы, енді елім кенде неден?

11.Дана:

Әр халықтың тарихта қалуы ана тіліне байланысты. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. «Тіл туралы» Заң қабылданды.

Қазақ тілі — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Хормен:  Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

12.Санжар:

1995 жылы 30 тамызда Қ.Р.-ның жаңа Конституциясы қабылданды.

Қалауымша оқимын, білім алам,

Еңбек етем, қартайсам тыным алам.

Емделемін ауырсам заңды түрде,

Конституциям бекіткен мұны маған.

Баға жетпес қоғамда құным бары,

Еркін шыққан ерекше үнім бары.

Елтаңбалы жығылмас туым бары,

Алтын заңда айтылған мұның бәрі.

13.Гүлназым:

1998 жылы 6-мамырда Елбасының жарлығымен мемлекет астанасы Ақмола қаласына ауыстырылды. Ақмола атауы Астана болып өзгертіліп, осы жылы 10-шілдеде Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

Гүл Астана – ұлы елімнің бесігі,

Күллі әлемге кең тараған есімі.

Ән мен жырға арқау болған бұл шаһар-

Қазағыма тәңірі берген несібі.

Көркейе бер, менің ғажап Астанам!

Қиялдағы арман қалам, жас қалам.

Бар әлемге жетті сенің дыбысың,

Аспаныңда қалықтаған асқақ ән.

Әлихан:

Юнесконың шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітш»л»к қаласы» атағы беріліп, медальмен марапатталды.

14.Гүлхан:

1999 жылы 11 маусым – Қ.Р.-ның «Білім туралы» заңы жарияланды.

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Ән.Хор. «Мектебім».

 

  1. Нүркен:

2006 жыл 6 қаңтарда – Қ.Р.-ның жаңа гимні қабылданды.

Хор. «Қазақстан Республикасының Гимні»

16.Сәндира:

11 қаңтарда Қ.Р.-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті.

Халық үшін елбасы,

Әскер үшін қолбасы.

Тар жол тайғақ кешуде

Нұр ағаны туған жұрты қолдасын.

17.Әлсейіт:

1 наурыз – Қ.Р.-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

18.Бақдаулет:

12 қыркүйек — әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі өтті.

19.Асылхан:

2010 жылдың желтоқсанында Қазақстан құрамына 56 мемлекет кіретін Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне елбасымыз төрағалық етті.

20.Айбек:

2011 жылдың 30 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Астана мен Алматы қалаларында VІІ Азия ойындары өтті.Азиядаға Азияның 27 елінен үздік спорт саңлақтары қатысты. Қазақстан спортшылары қортынды бойынша 1-орынды иеленіп, қоржындарына 70 медаль салды. Оның 32-сі алтын, 21-і күміс, 17-сі қола.

Нұрбек:

Азияда, төрлет қазақ төріне,

Туды көтер қазағымның көгіне.

Бақыт болып келдің туған жеріме,

Қуаныш боп ендің бүгін еліме.

Нұрайым:

Әуел бастан марғаулыққа жаны қас Н.Назарбаев елімізді дамыған елдердің қатарына қосу үшін көптеген стратегиялық маңызы зор бағдарламалар қабылдап, істің байыбын алыстан болжаған болатын. Соның арқасы болса керек, дамыған елдердің көбесін сөгіп, шаңырағын шайқалтқан қаржы дағдарысы бізге тіс батыра алған жоқ. Бұл ретте бізге «Қазақстан – 2030», «Жол картасы», «Индустриялды-инновациялық даму» бағдарламалары қалқан болғаны белгілі.

 

Сымбат:

Тәуелсіздік – берекенің бір басы,

Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.

Қазақстан сен бір елсің жаһанға,

Тең танылған таудай асқақ тұлғасы.

Сара:

Ұлтым бар жаман әдет қанына жат,

Жақсы оқу үшін қаншама көрген азап.

Төрткүл дүние танымасаң таны бізді,

Егеменді елім бар, ұлтым – қазақ.

Хор.Ән:»Жаса қазағым»

Жұмабек:

Данасы мен батыры көп қазақпын,

Көрген талай қияметін азаптың.

Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсін тәуелсіздік азат күн.

Нұртілеу:

Мен – қазақпын, тұмар қылған тозғанын,

Жеті атадан бұзбай жүрген өз қанын.

Мен – қазақпын, егеменді ел болып,

Ақтап алған арыстарын, боз бағын.

Нұрана:

Мен – қазақпын, шұбырынды ақтабан,

Туған ел тектігімді мақтаған.

Мен – қазақпын, Абай, Жұбан, Қадырдай,

Қазақ болып туғаныма мақтанам.

Дінмұхамед:

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,

Мен қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін халықтар халықтығын,

Жетер сан жыл шеккені малдай азап.

Диас:

Қазақпын деп досқа айтам ұғысатын,

Мақтан етсін атақты туыс атын.

Қазақпын деп жауға айтам қасақана,

Біліп қойсын болса ойы жұғысатын.

Нұрсұлтан:

Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге, қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

Мират:

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.

Қазағымның жерін, елін қорғайтын,

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Қуат:

Орындалып көптен күткен арманы,

Ел қыраны биіктерге самғады.

Елу елдің қатарына қосылу-

Осы емес пе еліміздің арманы.

Хор. «Біз бақытты баламыз»

Қорытындылау. Мұғалім:

Еліміздің тұрақтылық жағдайында бірлік туының астында қарышты қарқынмен дамып отыруы – халқымыздың баға жеткісіз бақыты дер ем. Әрине, біз оның қадірін білуге тиіспіз. Ең бастысы, бүгінде заман талабына сай Қазақстанның ертеңгі келешегі бүгіннен де жарқын болатыны сөзсіз. Өйткені, халқымыз Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен қолға алынған қай істің де табысты аяқталатынына кәміл сенеді. Әрі ол сенім үнемі өзін ақтап келеді.