2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс пен әріпті қайталаймыз.

168

«Алматы кітап » баспасы бойынша жазылған

Қазақ тілі 3-сынып                   Күні, айы:                                        №       сабақ

Сабақ тақырыбы: 2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс пен әріпті қайталаймыз.

Сабақ мақсаты: 1/ Өткен сыныптағы дыбыстар мен әріптер туралы білімін пысықтау, дыбыс пен әріпті айыра білуін қайталау, дыбыс түрлерін еске түсіру, дұрыс талдауға үйрету.

2/ Оқушының сөздік қорын, дұрыс жазып, сөйлеу деңгейін арттыру, тіл байлығын дамыту;

3/ Мектеп-ананы құрметтеуге, білімді сүюге тәрбиелеу;

Сабақ түрі,типі:қайталау, дәстүрлі.                                                          

 Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, талдау, сұрақ-жауап, практикалық.  

Көрнекіліктер: әліпби, оқулық, суреттер, Венн диаграммасы.

Сабақ барысы:         1.Ұйымдастыру сәті.

2.Қызығушылығын ояту:

а/ Сұрақтарға жауап беру.

Дыбыс дегеніміз…………………..

Әріп дегеніміз…………………………

Дыбыстар бөлінеді…………………..

Дауысты дыбыстар деп…………………..айтамыз.

Дауыссыз дыбыстар деп…………………..айтамыз.

Қазақ тілінде ……………әріп бар

ә/ «Иә-жоқ» Қойылған сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап береді.

Қ қатаң дауыссыз /иә/

А жіңішке дауысты /жоқ/

Балалық сөзінде 4дауысты бар /жоқ/

От бір буынды сөз /иә/

Е жіңішке дауысты /иә/

 

3.Мағынаны ашу:   Көркем жазу. Аа аАа Астана –асқақ қала. Айбат –ақылды бала.

а/ Оқулықпен жұмыс  1-жаттығу. Өлеңді оқушыларға іштей оқытып шығу.

Барлығына хормен оқытқызу; Қысқаша мазмұнын сұрау:

  • Өлең не туралы?
  • Мектепті неге анаға теңейді?
  • Мектепте бала қалай өседі?
  • Өз мектептерің туралы не айтасыңдар?

ә/ Өлеңнен жуан және жіңішке айтылып тұрған сөздерді сөздерді табу. Жуан ,жіңішке дыбыстарды атау.

б/Тақтада жұмыс. 2-жаттығу. Әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған дыбыстарды тауып, оларды құрастыру арқылы мақалды табу. Шыққан мақалды тақтаға жазу.

Оқу түбі-тоқу

Мақалдың мағынасын ашып, талдау;

Сергіту сәті. «Кім көп біледі?» 2 қатардағы оқушылар, әр түрлі тақырыптарға мақал-мәтелдер айтып жарысады. Өзіндік жұмыс. 3-жаттығу. Өлеңді әдемілеп көшіріп жазып, бір дыбыстың өзгеруінен жасалған сөздердің астын сызу. (сор-зор, қор-бор)

4.Ой қорыту . Шығармашылық жұмыс

 4-жаттығу.Суреттердегі заттардың аттарын жазып, оларға дыбыстық талдау жасау.

Ою-2буын, 2әріп, 3 дыбыс /о й+у/

Венн диаграммасы  Дыбыс пен әріпті салыстыру

 

 

 

 

 

  1. Үйге тапсырма: Дыбыстар түрлерін қайталау, 5-жаттығу /5 бет/ 1сөзге дыбыстық талдау жасау.

6.Бағалау