Қарсы мәндес сын есімді пысықтау

Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есімді пысықтау

Сабақтың мақсаты:

а) Мағынасы- қарама қарсы және мәндес сын есімдерге берілген білімді пысықтау. Белгілі бір заттың түрлі қасиеттерін көрсетіп сипаттауға ,талдауға үйрету.

ә) Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы  оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тіл байлығын арттырып жетілдіру.

б) Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Өткенді пысықтау.

 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой-қозғау.

 

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ребус, мақал-мәтел, үлестірме қағаздар.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

 

Психологиялық дайындық.

Ашық болсын қос қабақ,

Бізбен бірге бар қонақ.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

а) 12-жаттығуды ауызша тексеру.

 

ә) Өткенді пысықтау.

— Қандай сөз таптарын өттік?

— Зат есімнің қандай түрлерін білесіңдер?

— Етістіктің қандай түрлерін өттік?

 

 

б) Жұмбақпен жұмыс.

 

Жұмбақты шешу арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

 

1. Тәтті2. Терісі — сары
    Тәттінің іші қатты,    Еті – қышқыл дәрі.
    Қаттының іші тәтті.                  (лимон)
                      (өрік)

 

Екі затты венн диаграммасы бойынша сипаттап, салыстыру.

                     өрік                                                  лимон

 

 

Балалар, бүгін біз қарсы мәндес сын есім туралы алған білімімізді жетілдіре түсеміз.

 

III. Оқулықпен жұмыс.

а) 13-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарсы мәндес сын есімдерді тауып, астын сыз.

 

  1. Жаман адамға да жақсы көзбен қара.
  2. Аш болсаң да, тоқ болсаң да, құдайыңды ұмытпа.
  3. Ақылды мақтанса, істі тындырар, ақымақ мақтанса, аяғын сындырар.

 

ә) Сергіту сәті.

Бір, екі, үші

Бойға жинап күш

Жалқаулықты тастаймыз

Келесі тапсырманы бастаймыз.

 

 

б) Қызығушылықты ояту.

«Кім жылдам» ойыны.

 

Мағынасы жуық сын есімдерді бір бөлек, қарсы мәндес сын есімдерді бір бөлек топтастырып жаз.

 

Ізетті, кең, ескі, аласа, қарт, мамық, лай, биік, сұлу, батыл, жуас, тұнық, ауыр, кәрі, ибалы, жеңіл, тар, көрікті, батыр, жаңа.

 

Мағынасы жуық сөздерҚарсы мәндес сөздер
  
    ізетті           ибалы    кең             тар

 

в) Шығармашылық жұмыс.

Көп нүктенің орнына алдындағы сөздерге мағынасы жуық сын есімдер тап.

Осы сын есімдерді қатыстырып сөйлемдер құра.

 

Мейіріміді, …….;  ашу, …….; жұқа, …….; жұмсақ, …….; майда, ……..

 

г) Ой қозғау.

Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзге сипаттау мәтінін құра.

 

100’’’’

 

                                                                     (жүйрік ат)

 

  1. Сабақты қорытындылау.

а) Үлестірме қағаздардағы берілген сөздің қарсы мәндес сын есім сөздерін табу.

ә) Қарсы мәндес сын есім не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

б) Ережені жатқа сұрау.

 

  1. Үйге тапсырма: 18-жаттығу.

Қарсы мәндес сын есім сөздері кездесетін жаңылтпаштар жаттап келуге.

 

Бағалау.