Мысық пен тышқандар (ертегі)

51

Әдебиеттік оқу -2 сынып

Уақыты 15.01.2015     III тоқсан – 4 сабақ.
Сыныбы 2 «ә»
Сабақтың  тақырыбы Мысық пен тышқандар (ертегі)
Сабақтың мақсаты: Ертегіні  дұрыс оқыту, мазмұнын меңгерту, мән- мағынасын ашу.
Сілтеме 2 сынып әдебиеттік оқу оқулығы
Оқыту нәтижелері: Ертегі мазмұнын түсінеді, идеясын ашады. Ертегідегі нақыл сөздің мағынасын дұрыс ұғады. Балаларға бағыт — бағдар бере отырып, өз беттеріменжұмыс істеу арқылы ой — өрістері дамиды. Өздіктеріненқорытынды шығара алады.  Балаларды мейірімді адал болуға, ұйымшылыққа, үлкеннің ақылын тыңдауға,жұмыла жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:  Миға шабуыл, болжау әдісі, түртіп алу, топтық тапсырма, венн диаграммасы, шығармашылық тапсырма.
Негізгі ресурстар: Стикерлер, проектор, маркерлер, плакаттар, топтың аты жазылған қағаздар,
Түйінді идея: Сыни көз қарасын қалыптастыру.
Қамтылған модульдер Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,білім беруде АКТ-ны пайдалану,білім берудегі басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

Сабақтың барысы:

Кезеңдері Әдіс-тәсілдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялықсәт. Шаттық шеңберге шақыру.

-Қандай бөлімді оқып жатырмыз?

Шеңберде  тұрып «Ата ақылы» бәрі бірге айтады .
Топқа бөлу.

 

 

Музыка ойналып тұрады.

Балалар өз аттарынды тауып отыра қалыңдар.

1 топ-Ақыл

2 топ-Білім

3 топ-Алғыр

4 топ-Сабыр

Топ басшылары көк түс, ал мүшелері қызыл түс.

 

Топ ережесін еске түсіреді.

Топ басшысын сайлап алады.

Үй тапсырмасы.

 

Айым. Тыйым сөздің мағынасын ашып түсіндіреді. Өз сөзімен дәлелдеп көрші.

Тыйым сөз

Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа.

Әр бала 1 мақал –мәтел дайындап келеді. Үлкенді сыйлауға байланысты.

 

Смайликпен бағалаймын.

Оқушылар мақал –мәтел дайындап келеді.

Мағынасын ашады.

І.Қызығушылықты ояту Миға шабуыл

 

Жұмбақ жасыру.

Слайд (мысық, тышқан).

Сабақтың тақырыбы не жайлы болмақ деп ойлайсыңдар?

Ойларын тыңдау.

-Мысық пен тышқандар.

ІІ.Мағынаны ашу Оқулықпен жұмыс.

Болжау әдісі.

 

Сөздік жұмыс

Түртіп алу стратегиясы.

Делебесі қозып –еліктіріп, қызықтырып.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ қолдану.

Ертегі 8 бөлікке бөлінген.

1 бөліктітаратамын.

Үзіңдіден не түсіндіңдер?

Айымнан сұрау.

-Қандай сый –сияпат көрсетеді

деп ойлайсың?

Әрі қарай не күтесің, не болуы мүмкін?

2 бөлікті таратамын.

Үзіңдіден не түсіндіңдер?

— Не деп кеңесуі мүмкін?

 Аружаннан сұрау.

3 бөлікті таратамын.

Үзіңдіден не түсіндіңдер?

— Не деп құлшынады тышқандар?

Әрі қарай не күтесің, не болуы мүмкін?

Мәдиден сұрау.

4 бөлікті таратамын.

Үзіңдіден не түсіндіңдер?

-Ал тышқандар не деп айтуы мүмкін?

5 бөлікті таратамын.

Үзіңдіден не түсіндіңдер?

-Қара мысық не деп айтуы мүмкін?

6 бөлікті таратамын.

Үзіңдіден не түсіндіңдер?

-Балалар, қараңдаршы неге бекітіп тастады деп ойлайсыңдар?

7 бөлікті таратамын.

Үзіңдіден не түсіндіңдер?

-Неге кәрі тышқандар аман қалды?

8 бөлікті таратамын.

Үзіңдіден не түсіндіңдер?

-Нақыл сөзді табыңдар?

Түгел оқиға осыған құралғанына келісесіңдер ме?

 

Бата тыңдау.

 

Әр оқушы өздері оқиды. Оқыған кезде түсініксіз сөздерді түртіп отырады.

Топта түсінгендерін талдайды.

 

 

 

-Аружан жауап береді.

 

 

 

 

 

 

-Мәди жауап береді.

 

 

 

 

-Оқушылар жауап береді.

Сергіту сәті Сергіту сәті «Көңілді күн»
ІІІ.Ой толғаныс. Топтық тапсырма.

 

 

 

 

1 топ: Берілген суреттерді ретімен орналастырып, ертегі бойынша мультфильм құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің?

2 топ: Ата –анамның ақылы. Постер құру.

3 топ: Қарттарым –асыл қазынам.

Мағынасын ашу.

4 топ:Кәрі тышқан мен жас тышқанға салыстырмалы мінездеме бер. Венн диаграммасы.

Топ қорғайды, ал қалған топтар бағалайды. Бағдаршам әдісімен.

Топтар өз тапсырмаларын орындайды және қорғайды.
Рефлексия Күн суреті Күн суретіне  іледі.

-Қандай болуым керек?

Бүгінгі сабақтан өзіңе қандай ақыл алдың?

Стикерге жазып іледі.
Бағалау Үй тапсырмасын тексерген кезде –смайликпен бағалаймын.

Топпен жұмыс жасағанда топ бірі –бірін бағдаршам арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма Шығармашылық тапсырма. Ертегіні оқу, мазмұндау.

Жоспар құру. Сюжетті сурет салу.

 

 

Қорытынды сөз:

Өмірде әрқашанда қасында ата –анаң, ата- әжелерін болсын. Сол адамдардың тілін алып, ақылды бала болуларына сенемін.

Ертегіні оқып, мазмұндап,

жоспар құрып. Сюжетті сурет салып келеді.