Қызықты математика

56

Тақырыбы:  «Қызықты математика»

Мақсаты: 1.Білімділік:Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру,математиканың өмірдегі маңызын,барлық пәндермен  байланысын  білу,АКТ-ны пайдалану арқылы  уақытты ұтымды пайдалану.2.Сыни тұрғыдан ойлау арқылы тапсырмаларды орындау.3. Оқудағы  жаңа тәсілдерді  пайдалану

2) Дамытушылық: әр түрлі әдіс- тәсіл пайдалану барысында    қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік:  Адалдыққа, адамгершілікке,  бір- бірін  сыйлауға, ынтамақтастыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу, достықты  қадірлей  білу,   достық  туралы  жақсы пікір қалыптастыру, достық  ой -пікірін  дамыту, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, адал дос  таба білуге баулу,  бір- бірлерін сыйлауға, адал  дос  болуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Слайд, тапсырма  жазылған  кеспе  қағаздар ,  мақал сөздер, компьютор, А -3,маркерлер,түрлі -түсті қағаздар,  интербелсенді   тақта,мақал –мәтелдер.т.б

I-қадам: Ұйымдастыру .Сәлемдесу  — танысу  (бас изеу,қол алысу,төс қағыстыру  т.б түрлерімен амандасу,пейілі кең Панияш деген сияқты танысу)

II.Ойын:  Ұялы телефон цифрларын басу арқылы  хат жазу .Ойын  ойнау  арқылы  Сто  технологиясын пайдалана отырып тақырыпты табу

44843584446384526332 5263   4   43  2

III.  Топқа бөлу. (берілген сөздер  арқылы  мақал  құру )

I-топ:  Білімді 1000-дыжығар,

Білікті1-діжығар.

I-топ:  Жүз теңгең болғанша,

жүз досың болсын

Жүрісі:   I.Бәйге

  1. “Сыйқырлы есептер”

                    III. “Тіл- өнер”

 

 

 

 

I.Бәйге. Жаттығу “Келесі…Келесі…Келесі…”

Әр топқа кезекпен сұрақтар койылады. Бір сұрақ бір ұпай.

Бірінші топтың сұрақтары

  1. Қосу амалының нәтижесі қалай аталады? (Қосынды)
  2. 7 · 8 =…(56)
  3. Нәрселерді санайтын сан (натурал)
  4. Бір сағатта неше минут. (60)
  5. Кесіндінің ұзындығын өлшейтін аспап. (Сызғыш)
  6. Алманың жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына)
  7. Ең кіші екі таңбалы сан. (10)
  8. Алымы бөліміне тең бөлшек қалай аталады? (Бұрыс бөлшек)
  9. Жазғы демалыстың үшінші айы? (Тамыз)
  10. Әтеш бір аяғымен түрғанда үш килограмм тартады. Екі аяғымен тұрғанда нешекилограмм тартады? (Үш килограмм)

Екінші топтың сұрақтары

  1. Азайту амалының нәтижесі қалай аталады? (Айырма)
  2. 63 : 7 = …(9)
  3. Не ауыр бір килограмм мақта немесе бір килограмм темір? (Бірдей)
  4. Бөлшек сызығының үстіндегі сан қалай аталады? (Алымы)
  5. Жазғы демалыс неше күн? (92)
  6. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
  7. Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады? (Дұрыс бөлшек)
  8. Ең кіші жұп сан. (2)
  9. Бір тәулікте неше сағат. (24)
  10. Көп лағы бар ешкінің неше лағы болды? (7)
  11. “Балық аулау”

Әр топ кезекпен қызықты есептерді аквариумнан  алады. Жауап береді. Жауаптары дұрыс болмаса келесі топ жауап бере алады. Әр есеп екі ұпайдан. Егер “Алтын балық” алынса сол топқа бес ұпай қосылады. Екі реттен есептерді әр топ алады.

  1. Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең 5 жылдан кейін олардын жастары бірге алғанда қанша болады? (44)
  2. Аспанда 6 құс ұшып барады, аншы екеуін атып алды. Неше құс қалды? (2 құс қалды, қалғандары ұшып кетті)
  3. Бір жанұядағы 5 баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (6 бала)
  4. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)
  5. “Бақытты сәт”.
  1. Қабырғасының ұзындығы 1 см болатын 16 шаршыдан периметрі ең ұзын болатын тіктөртбұрышты сыз. ( Р=(16+1)·2=34 см)

 

III. “Тіл- өнер”

(Берілген тапсырмалардың жауаптарын үш тілде айту)

  1. 23= 8(сегіз , восемь, eidht)

2.4x+5=25(x=5   бес, пять,five)

3.Ел құлағы     ……………….. (елу , пятьдесят, fifty)

 

4.Ер жігіттің  ……………  сөйлегені  өлгені. (екі , два, two)

5.Жүз теңгең болғанша,

……..досың болсын(жүз,сто,….)

 

 

 

  1. “Ойлап тап”

 

1.Жанар  ақиқат  тұжырым  айтты. Марат оның сөзін  қайталап  айтып еді,ол жалған  болып  шықты. Жанар не  айтты?         (Менің  атым  Жанар)

 

2.Бізде  жылдың он  екінші айын «декабрь» дейді. Ал сіздер «декабрь» сөзінің нақты  мағынасын білесіздер ме ? Бұл  сөз грек  тіліндегі  «дека»деген сөзінен шыққан, оның мағынасы  он  декалитр  он  литр деген ,декада  он күн  сияқты, кейбір басқа сөздерде  осыдан  туған. Сонда  декабрь   айы  «оныншы ай » болып шығады.Бұл  сәйкестікті қалай  түсіндіруге болады.