ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ мұғалімдер күніне арналған сценарий

ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ мұғалімдер күніне арналған сценарий

Қатысушылар: Бірінші жүргізуші (бастаушы), екінші жүргізуші (озат оқушы),

басқа да класстағы  оқушылар.

Сахнаға бірінші және екінші жүргізушілер шығып сауықты бастайды.

 

Бірінші жүргізуші:

  • Бүгін мұғалімдер күні. Бәрімізге тәлім – тәрбие беріп, сауатымызды

ашқан ардақты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын !

 

Екінші жүргізуші (тебіреніп):

  • Үйретіп бізге алғаш «ӘЛІППЕНІ»,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой – арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

 

Бірінші жүргізуші:

  • Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,

тегеуріні темір  балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да,  көкті шарлаған ғарышкер де  бәрі – бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты  Ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

(көңілді күй ойналып, оқушылар сахнаға шығады.)

 

Екінші жүргізуші:

  • Оқымысты білгіш ғалымнан,

Оқушы жас жалыннан.

 

Бірінші жүргізуші:

  • Мархабатты ойшылдан,

Мал өсірген қойшыдан,

Жазушыдан , ақыннан,

Ой шалқытқан күйшіден

 

Екінші жүргізуші:

  • Өнері көп актерден,

Өндіргіш ер шахтеден,

Бой балқытқан бишіден,

Ғарышкерден, батырдан.

 

Бірінші жүргізуші:

  • Отандық жас – кәріден,

Оқушының бәрінен,

 

Бәрі:

— Ұ С Т А З Д А Р Ғ А        М Ы Ң          А Л Ғ Ы С !

 

Оқушылардың орындауында «Қаражорға» биі.

 

О қ у ш ы л а р:

 

Бірінші оқушы:

  • Таудай биік талабым,

Таңдап білім аламын.

Ғарышкер боп ғарышқа,

Жол салуды қаладым.

 

Екінші оқушы:

  • Отанның, ел – ананың,

Мақтанышы боламын.

Туған елдің көгінде,

Жұлдыз болып жанамын.

 

Үшінші оқушы:

  • «Ел сенімін ақтайды»,

Деп ұстазым мақтайды.

Мұғалімнің әр сөзін,

Көкейімде сақтаймын.

 

Төртінші оқушы:

  • Басталғанда үзіліс,

Балалар шу көтерді.

Қым – қуыт бір қызық іс,

Бір мектепке  жетерлік.

 

О қ у ш ы л а р д ы ң  орындауында «Мектебім» әні. Хор

 

Бесінші оқушы:

  • Ой – ұшқыным жанады.,

Ұлағатты саналы.

Ұстазыма ұқсаймын,

Болам істің маманы.

 

Алтыншы оқушы:

  • Тәрбиеші лезде,

Келіп сөзін ұқтырды.

Бағынды да бір сөзге,

Барлық бала тік тұрды.

 

Жетінші оқушы:

  • Ақыл білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім.

Сенде өсіп, көктедім

Сенсің өмір көктемім.

 

Сегізінші оқушы:

  • Ыстық мектеп партасы

Оқулығы, картасы,

Мұнша қызық болғаны,

Мұғалімнің арқасы.

(бірнеше оқушы өнер көрсетеді. Ән, би, күй.)

 

Екінші жүргізуші:

  • Құрметті ұстаздар! Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ынта

қойып тыңдап,  зер салып үйреніп жүрміз. Әрбір пән мұғаліміне жан – жақты білім бергені үшін алғысымыздың шегі жоқ. Оқушы шәкірттеріңіз пәндер туралы сыр шертеді.

 

Оныншы оқушы:

  • «А»- дан сыр шерткен,

Барлық пәнді үйреткен.

Ардақтап мен оқимын,

Ана тілін құрметпен.

 

Он бірінші оқушы:

  • Терең ғылым, сананың,

Тегі деп ой саламын.

Маңызды деп оқимын,

Математика сабағын.

 

Он екінші оқушы:

  • Шынықтыру денені,

Ол да бір пән елеулі.

Барлық шәкірт ұнатар,

Физкультура сабағын.

 

Он үшінші оқушы:

  • Табиғаттың сыры бар…

Тарихты да ұғып ал.

Кемдігі жоқ бәрінің,

Пәндер аты қыруар.

 

Он төртінші оқушы:

  • Сан алуан өнерді,

Сызу , сурет, өлеңді.

Мұғалімдер үйретіп,

Өркендеткен өнерді.

Он бесінші оқушы:

  • «Гео» деген – жеріміз

«Географиясын» көріңіз.

Өрнектелген картада,

Өзен, тау, ел, көліміз.

 

Бірінші жүргізуші:

  • Қадірлі Ұстаздар, Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мадақтап, жырға

қосамыз. Енді өздеріңіз туралы өзектен шыққан сөзімізді тыңдап көріңіздер.

 

Он алтыншы оқушы:

  • Сөз сөйлесе сартылдап,

Күніміздей жарқылдап,

Қызық сабақ бастаса,

Қыза түсер қарқындап.

 

Бірінші оқушы:

  • Бізбен ойнап, күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашанда,

Қамқор болып жүреді.

 

Екінші оқушы:

  • Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар көзіңе.

Құрмет тұтар бізді де,

Қуат беріп сезімге.

 

Үшінші оқушы:

  • Көңіліңнің хошын – ай!

Көп шәкірттің досындай.

Ақ ниетті кең пейіл,

Біздің ағай осындай.

 

Төртінші оқушы:

  • Тәрбиелеп, сан алыпты,

Үйреттіңіз саналықты.

Түзеттіріп шалалықты

Есейттіңіз балалықты.

 

Бесінші оқушы:

  • Ойламас ез ертеңгіні,

Оспандарсыз еркелігі.

Күнде сотқар көңіліңізге,

Күй салып,  өртендірді.

 

Алтыншы оқушы:

  • Сабырыңыз құрыштай нық,

Салып жөнге ұрыспай- ақ.

Санасызды, тентекті де,

Кешіріңіз. Жүрміз аяп.

 

Жетінші оқушы:

  • Бірін- бірі жақтаған,

Оқушыңыз тақтада.

«Белгі» жасап тым ерсі,

«Көмек» күтсе, білесіз.

 

Сегізінші оқушы:

  • Шәкірт сасып тұрғанын,

Сыбырға бой ұрғанын;

Қас қағымнан білесіз,

Білмегенсіп жүресіз.

 

Тоғызыншы оқушы:

  • Сыпсыңбайдың сыбырын,

Сытыры мен сыбдырын.

Болымсыздың «достығын»,

Болбырдың тым бостығын.

 

Оныншы оқушы:

  • Кім ақылды, кім ессіз…

Бәрін сезіп білесіз.

Әр қимылды көресіз

Әділ баға бересіз.

 

Он бірінші оқушы:

  • Үйретіп өмір талабын,

Игілік іске нұсқадың.

Ақкөңіл, іскер, әмбе бап,

Ақылшым менің ұстазым!

 

Бір оқушы  «Ақылшым — мұғалім» әнін айтады.

 

Он екінші оқушы:

  • Еркін білім аламыз

Ертең біз де маманбыз.

 

Он үшінші оқушы:

  • Мен ғарышкер боламын,

Мен жер шарын шоламын.

 

Он төртінші оқушы:

  • Өнерші боп өсемін.

Мен кен сырын шешемін.

 

Он бесінші оқушы:

  • Егін егіп баптаймын,

Елді жаудан сақтаймын.

 

Хормен:

  • Берген білім, бұлаң күш,

Ұстаздарға мың алғыс!

 

Бәрі қосылып «Ұстазым, менің ұстазым»әнін хормен айтады.

 

Соңы.