Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу.

222

Тақырыбы: Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу.

Мақсаты: 1)Оқушыларды ертегі әлемімен таныстыру.

2)Әр алуан ертегілердің мазмұнына байланысты иллюстрациялық сурет салуға

оқушыларды баулу.

3)Бейнелеу өнерінің әр түрлі материал түрімен орындаған туындылары  менгеруде өзіндік көзқарасын қалыптастыру.

Түрі: Топтық жұмыс.

Әдісі: топтастыру,сұрақ-жауап,иллюстрациялау,жобаны қорғау.

Көрнекілігі:ертегі кейіпкерлерінің суреті, тірек сызбалар.

Барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

-оқушылардың оқу-құралдарынының түгелдігін тексеру.

-топқа бөлу (ертегі кейіпкерлерінің бейнесін құрастыру)

-кезекші мәліметі.

2.Психологиялық сәт:

Әрбір адам-туысым,досым,жұрағат,

Әрбір адам-үйрену,ұғу,ұлағат

Әрбір сөзің-шындық,бірлік,адамдық,

Әрбір ісің-тілек,тірлік,адалдық.

3.Кіріспе бөлім:

-Бүгін бізде ерекше сабақ болады,сондықтан да сендерді бағалау да ерекше әдіспен болады.Бүгінгі сабақта өзімізді-өзіміз бағалаймыз.Тақтада Маша мен аюдың суреті ілінген.Аюдың себетінде қызыл,көк,сары түсті шелпектер бар.Егер қызыл шелпек алсақ «5»,  көк«4»,сары «3».

4.Өткенді қайталау.

-Енді сабағымызды бастамас бұрын,алдыңғы сабақта не өткенімізді есімізге түсіріп көрейік. (қима қағаз)

1.Сурет өнерінде бейнелеудің неше түрі бар?

2.Штрих дегеніміз не?

3.Сызықтардың қандай түрлері бар?

4.Акварель бояуы мен гуашь бояуының ерекшеліктерін айтып бер.

5.Түстік рең дегеніміз не?

6.Затқа қарап сурет салу дегеніміз не?

7.Сурет салудың түрлерін ата.

8.Үйлестіру дегеніміз не?

9.Иллюстрация дегеніміз не?

5.Жаңа тақырып.

А )Ой қозғау

-Сонымен,балалар иллюстрация дегеніміз не екен?

-Ерте,ерте,ертеде деп не басталушы еді?

-Тақтамен жұмыс.

Бейнелеу сабағында өтетін сабағымыздың тақырыбы «Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу».

Мақсатымыз:Ертегі мазмұнына арнап иллюстрация жасау,түстерді дұрыс таңдай білуге үйрену.

Ә)Түсінік беру.

Ертегі-адам қиялының қазынасы,халық шығармашылығының бір көрінісі.Ертегілерде қиял-ғажайып та,өмір шындығы да болады.Ертегі еркін ойлауға,армандап қиялдауға,шындықты танып білуге баулиды.Ол адамды ізгі арманға, жақсылыққа,игілікке жетелейді.Ертегілер жанрлық ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

Б)Топтастыру.

 

 

хайуанаттар туралы                            Ертегі                                          шыншыл ертегілер

 

 

қиял-ғажайып

 

 

Ертегілер бейнелеу өнерінің бірнеше түрінен атап айтқанда,графика,мүсін,түрлі-түсті кескіндемелерден тиістісінше орын алып келеді.Еліміздің белгілі суретшілері ертегілерге иллюстрация жасауда да аянбай еңбек етіп келеді.Олар: Ә.Қайдаров,С.Романов,К.Баранов т.б.Енді осы ертегі мазмұнына арнап иллюстрация жасағанда мына талаптарды ескеруіміз керек.

Талаптарды топтастырып тақтаға ілу.

6.Сергіту сәті:

-бір-бірінің арқасына сурет салу.

7.Тапсырма.

3топтан 3 бала 3 конвертті алып ашады.Ішіндегі тақырыпқа байланысты ертегі мазмұнына сәйкес сурет салады.Міндетті түрде ертегі мазмұнымен танысып алады.

8.Жоба қорғау.

-әр топ бір-бірінің суреттерін бағалайды.

9.Қорыту:

-не үйрендік,не білдік?

-3 топтан 3 бала шығып тірек сызбаны толтырады.