Құстарды мүсіндейміз.

Сабақтың тақырыбы: Құстарды мүсіндейміз.

Сабақтың мақсаты: 1. Құстардың суреті бойынша әңгімелеуге, ой қозғау

стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ

қоя арқылы жан-жақты ойлауға үйрету, құстарды

мүсіндеуге баулу.

  1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру,

сөздік қорларын молайту, ойлау әрәкетін дамыту.

  1. Баларды мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелей

отырып, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие

негіздерін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Құстар суреттері,қатырма қағаз, ермексаз, қарындаш

Жұмысқа арналған тақтайша, сөзжұмбақ.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, ұжымдық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: еңбек, ана тілі, дүниетану, ән-саз.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

 

Бүгін бізде бейнелеу өнерінен ашық сабақ, көптеген қонақтар отыр. Сондықтан сабақ айтқанда бір-бірімізді тыңдап, кезекпен жауап берейік.

Ал, кәне балалар тақтаға назар салып сөзжұмбақты шешейік.

 

Р
А
Т
С
Ұ
Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Аққу.
  2. Бұлбұл.
  3. Сауысқан.
  4. Торғай.
  5. Қаз.
  6. Қарға

Қандай сөз шықты « ҚҰСТАР».

  1. Жаңа сабақ: Олай болса бүгінгі сабағымыз «Құстарды бейнелейік ».

Жер бетінде құстар өте көп, тек біздің елімізде ғана құстардың мыңдаған түрі кездеседі. Олар ауылда, қалада, тауда, далада, су қоймаларында-барлық өңірде тіршілік етеді. Құстар адамға пайда әкеледі. Құстар болмаса, зиянкес жәндіктердің кесірінен егін шықпай қалады, өсімдіктерге зиян келіп өспей қалады.

    Балалар мына құстарға назар аударайық, осы құстар жайлы не білеміз, балалар өз ойларын айтады.

1.Тоқылдақ

  1. Қыран.

3, Үкі, жапалақ.

  1. Бұлбұл.
  2. Бозторғай.
  3. Көкек.
  4. Дуадақ.
  5. Қоқиқаз.

III.  Ермексаздан есілген ширатпалармен мүсіндеу әдісін көрсету.

  1. Ермексаз жағылған қатырма қағаз-негізді дайындаймыз.
  2. Құс суретін қалақшамен түсіреміз,сызамыз.
  3. Ой шақыру: (ұжымдық жұмыс)

Олай болса:

 

 

 

Қорегін өзі табады

Жабайы

 

 

 

Қанаты бар                                                                   Үй құсы

 

 

Зиянды жәндіктерді                                             Жұмыртқалайды

жейді

Адамның досы                    Ұшады

Тірі табиғат

 

 

 

 

  1. Сергіту сәті.

Жұмбақтар шешу.

  1. Барлық жемін бітеудей асайды.

Әйтсе де ұзақ жасайды.   (құстар)

 

  1. Садақша мойынын иілтіп,

Көрген жанды сүйсінтіп,

Жүзгенде көлдін сәні өзі

Жердегі құстың еркесі.  (аққу)

 

  1. Қайталап атымды,

Көктемде ән салам.

Кез келген ұяға,

Жұмыртқа саламын.   (көкек)

 

  1. Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ,

Тұяғы бейне болат алмас пышақ,

Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,

Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады.  (үкі)

 

  1. Оқушылардың өзіндік жұмысы.

А) Ширатпаларды есіп дайындаймыз, ширатпаларды құс белгіленген сызықтар бойынша жапсырып, өз қалауымызша құстардың толық бейнесін беретің әр түрлі өрнектермен толықтырамыз.

 

VII. Шығармашылық жұмыс.

Құстар жайлы өлең құрастыру, эссе жазу.

 

___________________________________ торғайды,

___________________________________болмайды.

___________________________________торғайлар,

___________________________________қорғайды.

 

Құстар – табиғаттың бір бөлігі. Олар адамның досы, табиғат емшісі. Оларды қорғайық.

 

VIII. Ән ақ көгершін.

Музыка пәні мұғалімі Жүнісов С.С.

 

  1. Балалар шығармашылығы. Құстарға қарап табиғатты болжау.

 

  1. Бағалау. Балалар өз еңбектерін өздері бағалайды.

 

  1. Қорытындылау.
  2. Өсімдіктерді, гүлдерді жұлуға болмайды.
  3. Құс ұясындағы балапанды ұстауға болмайды..
  4. Құстарға қамқорлық жаса, көктемде үлкендердің көмегімен ұя жаса.

 

XII. Көрме. (Балалар еңбегі көпшілікке көрсетіледі.)