Үү дыбысы мен әрпі

54

Тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі

Мақсаты: а) Білімділігі: Оқушыларға Үү дыбысы мен әрпін таныстыру. Жіңішке дауысты дыбыс екенін таныстыру. Үү дыбысын дұрыс жазуға, дыбыстық талдау жасауға баулу.

 

ә) Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, қызығушылығын, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

 

б) Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктері: Суреттер, әріптер, буындар, т.б.

 

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

Хормен:    Үлкенге де сіз

Кішіге де біз

Барша адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

 

Балалар бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр, сондықтан бар білгенімізді ортаға салып, сұрақтарға еркін жауап беруіміз керек. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

 

Оқушылардың жауабын тыңдау.

 

Ия, күз мезгілі, күз мезгілінің соңғы айы. Міне осы күз айы несімен ерекше балалар, күзде барлық жемістер, егіндеріміз піседі. Балалар жер біздің анамыз. Өйткені барлық тамақтарымызды, байлығымызды бәрін – бәрін жер анадан аламыз. Сіздерге сол жер ана сыйлық беріп жіберген, сендер соны көргілерің немесе алғыларың келе ма? Бірақ біз оны алу үшін бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, жақсы баға алсақ ол сыйлықты жер ана бізге береді. Міне сондықтан жақсы қатысып отырайық балалар.

 

  1. Үй тапсырмасын талдау:

 

Балалар өткен сабағымызда қандай әріппен таныстық?

Өө, ия Өө – әрпімен таныстық. Өө – әрпі дауысты ма, дауыссыз ба, жуан дыбыс па, жіңішке дыбыс па?

 

Дауысты, жіңішке дыбыс.

 

Өө – әріпті сөздердің барлық буындарында яғни басында, ортасында да кездесе береді. Үй тапсырмасын кәне бәріміз бір – бірден оқып шығайық. (оқулықтағы сөздерді оқыту).

 

Өзен, өлең, өнер, өріс, өрік, өмір, бөрік, көрік, көмір, өрнек, өрмек, өркеш, көрме, көрпе, көрші, көже, шөже, көрік, көлік, көкек, көмек, сөз, көз, төл, көл, бота, құлын, бұзау, қозы, лақ, т.б.

 

  1. Дауысты дыбыстар қалай аталады?

Дауысты дыбыстар еркін созылып айтылады.

 

  1. Әріп дегеніміз не?

Әріпті көреміз, жазамыз.

 

  1. Дыбыс деген не?

Дыбысты айтамыз, естиміз.

 

  1. Дауыссыз дыбыс қалай аталады?

Қысқа, созуға келмейді.

 

  1. Дыбыс нешеге бөлінеді?

Екіге: дауысты, дауыссыз дыбыстар.

 

  1. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

Екіге: жуан және жіңішке.

 

  1. Жаңа сабақ (жұмбақ арқылы ашу)

 

Үйрек десе бірінші

Үкі десе бірінші

Үміт десе бірінші

Үсен десе бірінші

Үтік десе бірінші

Үй десе де бірінші

Бұл әріпті қәнекей

Біреу айтып берсінші.

 

Үү – әрпі. Ия, балалар дұрыс айтасыңдар бүгін Үү – әрпімен танысамыз, кім ү – дыбысы бар сөздерді айтады (деп оқушылардан сұрау). Содан соң (үкі мен үтіктің, үйректің суретін ілу).

 

  1. Үкі – түн құсы (буынға бөлгізу) ү – кі
  2. Үйрек – үй құсы, құрлықта да, суда да тіршілік етеді, оның жұмыртқасын, етін, жүнін пайдаланамыз.
  3. Үтік – күнделікті үйде аналарымыз пайдаланатын зат. (буынға бөлгізу) ү – тік.

 

Ү – дыбысы қандай әріпке ұқсас балалар? Ұұ ия. Бірақ ұ әрпінің белін сызамыз.

 

Балалар Ұ – жуан дауысты дыбыс болса, Ү – жіңішке дауысты дыбыс. Ү – дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп, иек көтеріледі. Ү – дыбысы сөздердің басында да, ортасында да кездесе береді. (тақтаға ілу) Мысалы: үй, үйрек, түс, т.б.

 

Ү

 

 

 

н                 ш                й              р

 

  1. Оқулықпен жұмыс: (сөздерді ілу, оқушыларға жеке – жеке оқыту)

 

  1. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Серігіп қалайық.

 

  1. Дәптермен жұмыс: (оқушыларға ауада жаздырып көрсету)

 

Жазу үстінде жасалатын сергіту сәті

Жазат – жаза жазуды,

Талып кетсе қолымыз.

Сілкіп – сілкіп аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

 

  1. Тірек сызбамен жұмыс: (оқушыларға сипаттап қандай екенін жаздыру)

 

үйрек                                                       түлкі

 

Үй құсы, әдемі, ақ                          қу, қызыл, айлакер, жабайы.

 

Қай әріпті жоғалттым ойынын ойнайық. Қане балалар қыс, гүл, күрек, ұзақ, күлкі, қар, үйшік.

 

(уақыт қалса үш қатарға Үү – дыбысы бар сөз ойлатып, соған сөйлем құрату).

 

  1. Сабақты қорыту: Сұрақ – жауап, не үйрендік, не білдік, қандай әріппен таныстық, т.б.
  2. Оқушыларды бағалау: (осы кезде жер ананың сыйлығын үлестіріп беру)

 

  1. Үйге тапсырма беру: Оқып келу.