«Үздік математик»

47

Тақырыбы: «Үздік математик»

 Мақсаты: 1. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін   арттыру

  1. Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым- қатынасты дамыту

3.Адамгершілікке, білімді болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: экран, ұпай көрсетілген қағаздар.

Барысы:Армысыздар бүгінгі кешке жиылған математиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Үздік математик» атты интелектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Уа халайық! Халайық!

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі ойын төрінде,

Математика елінде,

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып

Көңілді ойын жасайық.

Мұнда қызық табылар

Басқалары тағы бар,- дей келе «Үздік математик» атты ойынымызды бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Достық пен бірлікті етіп тұлға

Жеңіске жеткен едің талай сында

Қара қылды қақ жарып әділ қазым

Еңбегін тапқырлардың әділ сына

әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем әділдігіне бас иеді күллі

жүйрік озар сайыста неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеш біл., деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

Сайысымыз мынадай  бөлімдерден тұрады:

І.Бәйге

ІІ.Жеті сұрақ

ІІІ.Ғажайып үштік

ІҮ.Қасиетті сандар

Ү.Тұжырымдама

І. Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа

ІІ. Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім де?

Ойынымыздың келесі кезегі «Бәйге» бөлімі:

Бұл бөлімде 30 дан бастап 50 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі ойыншы жауап беруге болады, ол ойыншы таңдалынған ұпайдан 10 ұпай кем алады. Солай ойын жалғаса береді. Таңдау кезегін бірінші болып 4 «А» сынып оқушыларына берейік.

Сол жақтағы 30: 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?/9/

Ортадағы 30:  Басталатын нүктесі бар сызық./сәуле/

Оң жақтағы 30: Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешге тең?/11 см/

Сол жақтағы 40: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/

Ортадағы 40: Бұл ұпайды таңдаған ойыншыға 10 ұпай қосылады. Тағы таңдау құқығына ие болады.

Оң жақтағы 40: Қайрат Жанардан кіші,  бірақ Талғаттан үлкен.  Ал Ажар Жанардан үлкен болса,  ең үлкені қайсысы?/Ажар/

Сол жақтағы 50: Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?/0 саны/

Ортадағы 50: Бір шеңбердің үстінде бір шеңбер/сегіз/

Оң жақтағы 50: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 12 тауық 12 күнде неш

жұмыртқа табады?(12/22)

Бұл бөлімнен ұпай аз екі ойыншы ойыннан шығады.ІІІ. Сайысымыздың келесі бөлімі «Жеті сұрақ» Бұл ойында әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1 сұрақ: Жай сұрақ. Күннің көзі жылына неше рет шығады? /365 рет/

2 сұрақ: Қызықты сұрақ. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, оның екеуін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды? /2/

3 сұрақ: Логикалық сұрақ. 35 санының соңғы цифрын өшірсек, ол қанша бірлікке азаяды?/32/

4 сұрақ: Жұмбақ.

Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап. (Икс)

5 сұрақ : Ғажайып сұрақ. Әсем, Ардақ, Жанар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғандығын сұрағанда мұғалім:

Әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы үш емес, төртте емес,ал Жанардың бағасы 3 емес Ардақтың бағасы төрт емес деді. Сонда әркім қандай баға алған?/ Әсем 5, Жанар 4, Ардақ 3/

6 сұрақ: Сандары белгілі бір байланыспен орналасқан.Сандар байланысы ерекшелігін тауып қатарды жағастыр:

9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,…     /10, 13, 11…/

7 сұрақ: Математика мақал-мәтелде.

Неше елі ауызға,

неше елі қақпақ. /бір елі ауызға,екі елі қақпақ/

Келесі бөлімге ұпайы аз 2 ойыншы ойыннан шығады.

Келесі бөлім «Ғажайып үштік» Бұл ойында әр дұрыс сұраққа 20 ұпай беріледі. Жартылай жауапқа 10 ұпай. Ойынды бастайық.

Жаңылтпаш:

1.Қырық үш қызғыш құсқа,

Қырық үш қызғыш құс қосса,

Қанша қызғыш құс болады?

2.Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

Логика:

  1. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма. /24/

  1. Әдеттен тыс сұраққа Асқар әрқашан шын айтады, ал Серік өтірік айтады. Оларға бірдей сұрақ қойғанда, олар бірдей жауап берді. Сондай болуы мүмкін бе?

/шыншыл да, өтірікші де «иә» деп жауап береді.

Жұмбақ:

  1. Бір бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан, екі қой мен бір түлкі .Бәрі нешеу кім білді?/сегіз/
  2. Алпыс төрт бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қарағып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғандар,

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысын. /шахмат/

Бұл ойынға ұпайы аз 2 ойыншы қатыса алмайды.

«Қасиетті сандар» бөлімі Бұл сайыстың ерекшелігі мұнда әр топ өздері ұпай қояды. Дұрыс болса ұпайын қосамыз. Дұрыс болмаса сол ұпай шегеріледі.

  1. жеті санына байланысты 5 ұғымдарды ата.

Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы

Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы

Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала

Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты

Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.

  1. үш санына байланысты 5 ұғымдарды ата.

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой — өріс, адам – қазық

Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың — сыншыл

Үш із: бала, байлық, бақыт – білім

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ

Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,

Ел қазынасы – көне сөз,

Тіл қазынасы – ескі сөз

Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту

Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

  1. Үш алысты ата.

Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы

  1. төрт санына байланысты 5 ұғымдарды ата.

Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ

Төрт тұлға: от, су, жел, жер

Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

Төрт мезгіл: көктем, жаз, күз, қыс

Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан

Төрт түлік:  Түйе пірі – Ойсыл қара

Жылқы пірі – Қамбар ата

Сиыр пірі – Зеңгі баба

Қой, ешкі пірі – Шопан, Сексек ата

Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу

Келесі бөлімге тек ұпайы көп екі ойыншы қатысады.

Ойын — толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойла

Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.

Келесі «Тұжырымдама» бөліміне кезек келді

нөмірді таңдайды. Таңдаған тақырыбына 3 мин дайындалады.

1-ші  Жаңа Астана

2-ші Математиканы не үшін оқимыз?

Қорытынды. Әділ қазыға сөз беріледі. Жеңімпаз ойыншыға марапаттау қағазы таратылады..

Сайыскерлердің қорытындысын шығарғанша көрермендерге викториналық сұрақ:

Алманың жартысы неге ұқсас. /екінші жартысына/

Жарты қарбыз 20 тг тұрады. Бүтін қарбыз неше тг? /40 тг/

Отбасында жеті қыз және әр қайсысында бір-бірінен інісі бар. Отбасында неше бала бар? /8/

Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? /10 он, 100 жүз/

Екі адам бірігіп шашканы 4 сағат ойнады, әрқайсысы неше сағаттан ойнайды. . /4 сағ/

Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа шығу үшін неше басқышқа көтерілу керек? /40. өйткені сіз бірінші қабатта тұрсыз. Бір қабатқа көтеріліңіз. –екінші қабатта боласыз. Ал 4 қабатқа көтерілсеңіз, 5-ші қабатта боласыз. Сондықтан 80-ді 4-ке бөліп, 2-ге көбейту керек.