Сұраулы сөйлем.

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Оқушыларға сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық. Сөйлеу дегеніміз не, оның қандай түрлері бар екенін мысалдар арқылы айту, оқушылардың білімдерін ережелерді қайталау арқылы тиянақтау,сөйлемдер құрастыру арқылы ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту.

  1. Тәрбиелік .Ұжыммен жұмыс жасай білуге, қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың әдісі: білімдерін жинақтау, бірлесіп жұмыс істеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеп, сабаққа назар аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен сабақта алған білімдерін қайталау.

Сұрақ-жауап:

  • Сөйлем дегеніміз не? (сөйлем тиянақты ойды білдіреді).
  • Сөйлемнің неше түрі бар? (үш түрі бар).
  • Олар қалай аталады? (Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдер).

ІІІ. Жаңа сабақ. Оқулықта берілген 185 – жаттығуды орындай отырып жаңа тақырыппен таныстыру.

Жаттығуда берілген қандай сөйлемдер?

Қандай тыныс белгісі сөйлемдердің соңында қойылған?

Бұлар қандай сөйлемдер? (сұраулы сөйлемдер, өйткені сөйлемдердің соңында сұрақ белгісі қойылған).

Тақтада жұмыс. 186 –жаттығу. Мәтінді түсініп оқу.Сұраулы сөйлемдерді тауып, кезекпен тақтаға шығып жазу.

ІV. Ережені оқып, мағынасын ашу, мысалдар келтіру.

Сурет бойынша жұмыс. Оқулықта берілген суреттерге сұрақ қойып, сөйлемдер құрастыру. Сөйлемдерді дәптерге жазу.

Сергіту сәті.

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Бестік баға аламыз

Үлгілі бала боламыз.

Ауызша жұмыс. 188-жаттығуда берілген өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сұраулы мағына беріп тұрған сөз қайсысы? (неге?).

Сөздік диктант: қыс, қоян, коньки, кірпі, қарлығаш.

Сұрақ- жауап арқылы сабақты корыту.

Балалар бүгін қандай сөйлем түрімен таныстық?

Сұраулы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?

Сұраулы сөйлемнің соңына қандай жалғаулар қосылады, оларды қалай жазамыз? (ма,ме, па ,пе, ба,бе).

Мысал келтіру: Қар еріді ме?, Апаң үйге келді ме?, Айжан кітап алды ма? т.б.

Үйге тапсырма: 189-жаттығу. бет 71.

Оқушыларды бағалау.