«Я» дыбысы мен әрпі

94

Сабақтың тақырыбы: «Я» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:      «Я» дыбысы және әрпімен таңыстыра отырып,

Я әрпінің  баспа түрін  жазуды үйрету.

Сурет арқылы заттың атауын айтқыза отырып,

дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

Дамытушылығы: Пән аралық ой шапшандығын дамыту,

Сұрақ-жауапқа тиянақты жауап беру арқылы сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:Тазалыққа, адамгершілікке, бір-бірің тыңдай білуге, үлкен-кішіні  сыйлауға, табиғатты  аялап сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Кеспе әріптер, карточкалар, суреттер, көк-қызыл  шаңырақтар, текшелер,….

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық,жеке жұмыстар, ойын,  практикалық жұмыс.

 

Сабақтын барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

                         Сәлемдесу рәсімі.

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз .

Сәлем бердік сіздерге  құрметпенен біз.

Т.-Балалар,айналамызға қарап айтыңыздаршы қандай сабақ бүгін?

Б.-Сауат ашу.

Т.-Бұл сабақта біз немен айналысамыз?

Б.-Дыбыс,әріптермен жұмыс істейміз,жазамыз,оқимыз.

Т.-Жарайсыңдар!

 

Ойын: «Үйіңді тап.»  (Қызыл, көк шаңырақтар).

Шарты: Әр бала өз дыбысын алып өз шаңырағының астына тұрады . Дыбыстар екі топқа бөлініп  қалады. Олар: дауысты,дауыссыз.

Әр топтың  баласы өзінің дауысты, дауыссыз екенін дәлелдейді.

А,Н,Г,Т,О,Ұ, И,Д,Ы,П,Ө.

 

Және буын құрап орнына отырады.БА; ТО; РИ, ДЫ..т.б.

 

Балалардың өз беттерімен жұмыс.

Карточкалармен жұмыс:Сөзді оқып, дыбыстық талдау жасау.

Балалардың ерекшілігіне қарай тапсырма беріледі.

 

 

 

Әр бала сөз оқып , буынға бөледі,неше буын бар, қай әріптен  басталады,сөйлем құрайды,сөйлемде неше сөз барын айтады.

Балалардың  жауаптары тексеріліп, бағаланады.

 

3 кезеңі: 123    бойға жинап күш,

Жалуғыды қояйық

               Жаңа сабақ бастайық.

 

Т:      Жұмбақ:   Қолы жоқ  сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. Бұл не?

Б: АЯЗ.

Тақтаға суреті ілінеді.

 

 

 

Тақтада суреттер : «Артығын тап?»

 
Б:Қияр  артық деп табады.

Т: Неге қиряр  артық?

Б: Қияр –көкөніс ал қалғаны жемістер.

Аяз  суретінің жанына   Қияр суреті ілінеді.

 

Жұмбақ:  Қалың киімді ұнатады,

Шешендіргенде жылатады.  Бұл не?

 

Б: Пияз.            (Пияз суреті ілінеді)

 

Логикалық  ойын: «Артық сөзді тап»

 

Сиыр, ешкі, қой, жылқы, қоян.  Қай сөз артық?

Б: Қоян  артық ,  өйткені қоян жабайы ал қалғандары  үй жануарлары.

 

 

 

 

Балалар суреттерді атап , тәрбиешімен бірге қайталап  Т: Қандай әріп ерекше  естіледі?

 

Б: Я  — дыбысы деп табады.

 

Я- дыбысы тақтаға ілініп, сипаттау жұмысы жүргізіледі.

Қандай элементтерінен құралған?

 

Я- хормен, жеке-жеке айтқызады , Я –дыбысы  дауысты дыбысы деп  анықталады.

Я-дыбысының тағы бір ерекшілігін  байқату  Я айтқан кезіңде екі дыбыс естіледі   әріп бір ал дыбыс екі  бұлар       Й-А қысқа  й және А дыбыстары.

 

 

 

 

Я- таңбасын  жазу жұмысы  жургізіледі. ( тақтада, дәптерімен )

 

 

 

 

 

Сергіту  сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян.

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді.

 

Т: Күзде қоштасамыз,

Көктемде қарсы аламыз.?

Б:  Құстарды.

Т: Құстарды қайтып қарсы аламыз?

Б: Ұя жасап береміз.

Т: Жарайсыңдар!        ҰЯ суреті ілініп   —дыбыстық талдау жасалады.

Текшелермен  белгіленеді ( тақтада, карточкаларында).

 

Буын-ұйқас :  Ян-ян   қорқақ ….б: -Қоян.

Яз-яз  ащы  ….б:-Пияз.

Яр-яр  дәмді …б:-Қияр.

 

4 кезең  бекіту: Қоян, пияз,  аяз, .. тағы қандай сөздерде Я –дыб. бар?

Б: Аян, Саян, Аягөз   ….т.б.

Бұл сөздердің барлығында Я-дыбысы  бар.

Қорытындысы:

— Бүгін біз қай дыбыс және әріппен таныстық? Ол қандайсөздерде кездеседі?                                                       -Қандай текшемен белгілейміз?

-Неліктен ол сол текшемен белгіленеді?

Я- дыбысы, Я әрпі мен  таныстық  дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.

Т: Жарайсыңдар! деп белсенділер бағаланады.

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаТопырақ
Келесі жазбаВв дыбысы мен әрпі