Жаңылтпаштар,жұмбақтар, Мақал-мәтелдер

150

Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар,жұмбақтар, Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:

Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлері: жаңылтпаш,жұмбақ,мақал-мәтелдермен таныстыру.

Ә) Дамытушылық:

Халық ауыз әдебиетінің бұл түрлерін бір-бірінен ажырата білуін,мәнін терең түсініп,мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.Шығармашылық жұмысқа баулу.

Б) Тәрбиелік:

Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық сезімін оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке,топпен жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың әдісі: Партисипаторлық әдіс.

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі,орыс тілі,дүниетану.

Көрнекі құралдар:үлестірмелі қима қағаздар,тренинг ережелері жазылған,сабақтың тақырыбы жазылған плакат,топ ұпайларының көрсеткіштері,телевизор макеті,тест жұмыстары жазылған плакат,магнитофон.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу                     Ә) топтарға бөлу

2.Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымыз тренинг- сабақ түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс жасауға баулу,ойларын бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру,бірлесіп,үндестікпен жұмыс жасауға үйрету.

Сыныпты үш топқа бөлеміз:

Тұлпарлар.

Достар.

Батырлар.

Әр топ жанына топ аттары жазылған табличкалар қойылады.

Сабақ ережесімен таныстыру.

1.Тыныштық сақтау                2.Ұжыммен жұмыс

3.Қол соғу                                4.Ойын ашық айт

5.Ережені бұзбау.

 

Әрбәр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Әр топ өздері арасынан:

1.Топ басшысын

2.бақылаушысын дайындайды.

Топ басшылары топ мүшелерімен таныстырып отырады,ал бақылаушылар топ мүшелерінің алған бағаларын жазып отырады.

 

1-бөлім.

«Білгенге маржан,білмегенге арзан».

Әр топқа тапсырма беріледі.Ойлануға 2 мин.

Тапсырмалар:

№1.мақал-мәтел дегеніміз не?

№2.жұмбақ деген не?

№3.жаңылтпашты қалай түсінесің?

Талданып болған соң ойын: «түсін мені».

Шарты:1-топтан 1-оқушы шығып,қима қағаз алады да ондағы жазу бойынша ерекшеліктерді бейнелеу.

Қалған екі топ қимылына қарап анықтайды.

Бағалау.

 

2-бөлім.

«Халық айтса,қалт айтпайды».

Топ басшылары шығып,тапсырмалар алады.Ойлануға 1мин,түсіндіруге 2мин.

А) мақал-мәтелдерді мағынасына қарай ашып,түсіндіру.

№1. «Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ».

№2. «Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық».

№3. «Екпей егін шықпас,үйренбей білім ұқпас».

Ә) әр топқа қима қағаз арқылы тапсырма беріледі,олар сол тақырып бойынша 5мақал айтулары керек.

1.Отан

2.Достық

3.Туған жер,ел.

Ойын «Түсін мені» (жалғасы).

 

3-бөлім

«Ойлан, тап»       деп аталады.

А) Тапсырма магнитофоннан тыңдалады.

Әр топ айтылған жұмбақ жауабын үш тілде берулері керек.

№1. Өзі сондай қу,жүрген жері айқай шу.

№2. Маң-маң басқан маң басқан,шудаларын шаң басқан.

№3. Қыста ақ тон киемін,сәбізді сондай сүйемін.

Ә) Шығармашылық жұмыс.

Жаңа жұмбақ шештік,енді берілген тапсырмаларды алып,ойдан жұмбақ құраймыз. Қалған екі топ жауабын табады.

 

 

4-бөлім.

«Кім жаңылыспайды» ?

Магнитофоннан жаңылтпаш тыңдалып,жаңылыспай айтылуы керек.

№1. Дәу тау болады,тау дәу болады.

№2. Шүрегей сүңгігіш пе,сүңгуір сүңгігіш пе?

№3. Аңқау жалқауды жалқаусын дейді,жалқау аңқауды аңқаусын дейді.

Тесттік жұмыс. Сабақ мақсатына жетті ме? Сендер айыра аласыңдар ма? Тексеріп көреміз.

№1. Ақ тайлақ ақ па,қара тайлақ ақ па?

А) Жұмбақ

Ә) Мақал

Б) Жаңылтпаш

 

№2.Тура мағынада айтылған ақыл сөз

А) Мақал

Ә) Мәтел

 

-Сабақ  ұнады ма?

-Несімен  ұнады?

-Мақсатқа  жеттік  пе?

 

Бағалау.

 

 

Үйге:  ел аузындағы сирек кездесетін мақал-мәтел,жаңылтпаш,жұмбақтарды жинақтау.