Зат есім

Қазақ тілі

Тақырыбы: Зат есім

Мақсаты:Сабақта алған білімдерін кеңейту, тапсырмалар арқылы ойлауын, тілін дамыту, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, өз бетінше жұмыс жасауға баулу.Топпен жұмыс жасау.

Көрнекіліктер:Суреттер, дидактикалық ойындар, тапсырмалар, тест

Түрі:Танымдық сабақ

Әдісі:Топпен жұмыс, сұрақ-жауап

Барысы:

І топ «Сұңқарлар»

 

ІІ топ «Тұлпарлар»

 

Топтың аты «Сұңқар» бұл

Келдік біздер жарысқа

Зат есімнің сырларын

Баяндаймыз сайыста

«Тұлпар» атты тобымыз

Көп нәрседен хабармыз

«Сұңқар» атты топпенен

Сайысуға даярмыз

 

 

1.Екі топ бір-біріне сұрақ қояды

Тұлпар:

-Зат есім дегеніміз не?

-Зат есімнің сұрақтарын ата?

-Адамға және мамандығына байланысты қандай сұрақтар қойылады?

-Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтар қойылады?

Сұңқар:

-Жалқы есім дегеніміз не?

-Жалпы есім дегеніміз не?

-Зат есімнің түрлерін ата

-Көптік жалғауларын ата

2.Үнтаспадан өлең шумағы оқылады. Сол өлеңнің келесі шумағынг балалар жалғастырады.

 

1.Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа кұлуге

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол… Абай

 

2.Кел балалар оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар… Ыбырай

 

-Абай кім?

-Абай-ақын

-Ыбырай кім?

-Ыбырай- жазушы, әрі мұғалім

 

3.Тақтадағы сөздер бойынша есте сақтау қабілеттерін тексеру.

Өнер, ән, аспаз, уәде, тоқушы, кілем, Айгүл, Ержан, Тараз, Есіл, Балқаш, қасқыр, жүргізуші, сиыр, аю, өмір, қалам, оқушы.

4.Сөйлем құрастыру.

Қыс, бірге, жылынды, қар, қыспен, суық, түн, болды, көктем, гүлдей, жеміс, кетті, ағаштары, бастады, ұзарып, мал, көкке, күн, жайылатын, қысқарды, күндер, еріп.

 Қыс кетті. Қыспен бірге суық күндер де кетті. Қар еріп, күн жылынды. Көктем болды. Жеміс ағаштары гүлдей бастады. Күн ұзарып, түн қысқарды. Мал көкке жайылатын болды.

5.Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру.

Бір біріне сұрақтар қояды.

Сұңқар:

Жыр алыбы-Жамбыл Жабаев (1846-1945).

Ұлы ақын Жамбыл Жабаев-халқымыздың мақтанышы. Ол 1846 жылы Жамбыл тауының баурайында туған. Жасынан домбырамен өлең айтуға құмар болады.

Жамбыл атақты ақын Сүйінбай Аронұлына барып, бата сұрайды. Сүйінбай: «Ақын болудан асқан өнер жоқ. Алған бетіңнен қайтпа! Халқымыздың қорғаны болған батырларды жырла! Әрқашан шындықты айт!»-дейді бала Жамбылға. Сүйінбай өзінің домбырасын сыйлайды. Бұл кездесу болашақ ұлы ақын үшін мектеп болады. Жамбыл Сүйінбайды өмір бойы ұстаз тұтып өтеді.

Тұлпар:

Әліппенің атасы-Ахмет Байтұрсынұлы.

Ахмет Байтұрсынұлы Торғай облысында дүниеге келді. Ахметтің әкесі Байтұрсын ширақ, намысшыл,батыл, сергек адам болған. Түрлі себептермен оны Сібірге жер аударған. Бұл сұмдық оқиғалар кезінде Ахмет он үш жаста екен. Бұлар баланың сезіміне айрықша әсер етті. Байтұрсынның балалары інісі Ерғазының тәрбиесінде болады. Ахмет Торғайдағы орыс-қазақ училищесінде оқиды. Кейін Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірді. Қарқаралы мектептерінде мұғалім болды. Айналаға білім-ғылым таратудың жолдарын қарастырды. Халықтың көркем сөз мұрасын жинады.

Алғашқы әліппені, тіл және әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарын жазды. Баспа сөзге мақалалар жазды, өлең шығарды. Аударма жасады.

  1. «Ана тілін білмейінше өзге пәнді түсіну мүмкін емес»-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білу үшін қазақ тілінің үйрететін мәселелеріне зер салып, меңгеруіміз қажет.

 

Зат есім
ЖалқыЖалпыТәуелденедіНегізгіТуындыСептеледіКөптеледіЖіктеледі

 

Зат есімнің сұрақтары

 

Кім? кімдер? Не?нелер?

 

  1. Тест тапсырмалары

1.Зат есім дегеніміз не?

А)қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздер.

ә)заттың атын білдіретін сөздер

б)заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер

2.Туынды зат есімді тап

а)қала      ә)малшы      б)тау

3.Көптік жалғаулы зат есімді тап

а)батыр     ә)оқушы     б)ағаштар

4.Жалқы есімді тап

а) журнал   ә)ағам      б) Алматы

5.Жалпы есімді тап

а) Асан       ә)өзен        б)қазақ тілі

6.Зат есімдер тобын тап

а) үлкен,көгілдір,ащы

ә)Алатау,орман,алма

б)өседі,тербеледі,ұшады

8.Шығармашылық тапсырма

1.Берілген жалқы есімнен жалпы есім жасау.

Асан,Ақтөбе,Елек,Айгүл, Балқаш, «Балдырған».

Мысалы: Айгүл-оқушы, …

2.Бірінші сөздің жалғасы, екінші сөзің бастауы болатын жұрнақты тап.

Шыққан сөз зат есімнің қай түріне жатады?

Ба

Қал

Жо

Ұс

Бал

 

 

………

быс

мақ

лант

маша

бақ

 

 

9.Қорытындылау

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптар кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты