Зат есім 3-сынып

83

Сабақтың тақырыбы: Зат есім    3-сынып

 Сабақтың мақсаты:

  1. 1. Оқушылар кім?, не? сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысу. Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді таба білу.
  2. 2. Зат есімді толығымен зерттеу арқылы ізденімпаздық қабілеттерін,  түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік есте сақтау қабілеттерін ашу.

3.Жұпта жұмыс істей отыра, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  инт тақта, оқулық, фломастер, ватман.

Сабақ әдіс тәсілдері: ой шақыру, топпен жұмыс, іздену, «еркін жазу»

Сабақтың барысы:  Психологиялық жағдай

Адамның күлкісі-әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі.Адам күлкінің көмегімен таныса  да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің  сезімімізді дарытуға  жол ашады.Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Біріңе-бірің  жымиыңдар,күлкілеріңді қонақтарыңа сыйлаңдар, маған да күлкілеріңді сыйлаңдар.Рақмет!

 Көңіл күйлеріңнің,құлшыныстарыңның  жақсы екенін байқап тұрмын.Ендеше іске кірісейік.

І. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген жаттығуды  тексеру.

ІІ. Қызығушылығын ояту.     ( Жұмбақ шешу)

Сөз табының ең басында тұрамын

Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағым

Сөйлемде ой иесі боламын

Етістікпен көркейемін толамын             (Шешуі:  зат  есім)

ІІ. Мағынаны ашу.

Дұрыс, жұмбақтың шешуі : зат есім.Бүгінгі сабағымызда  біз  берілген  түрлі тапсырмаларды  орындау барысында зат есімді толық зерттеп ,оны дәлелдейміз. Ол үшін топқа бөлінеміз. Әр топ нені зерттейтінін білу үшін әр түрлі қызықты тапсырмалар орындаймыз.

Топқа бөліну

1  тапсырма:                                         Әр топтың зерттейтін тақырыптары:

1 топ   сөзжұмбақ шешеді.                   Заттың  атын  білдіретін  сөздер

2 топ   «Ойлан тап!» ойыны                 Сұрақтары: кім? Не? Кімдер? Нелер?

3 топ    ребус шешеді                           Жекеше,көпше түрлері

4 топ  цифрограмма шешеді               Жалқы есім мен жалпы есім

2  тапсырма

Мына сөздердің  ішінен өздеріңнің   тапсырмаларыңа  сай  сөздерді  көшіріп жазу.

Аққала ,балалар, тоғызыншы, Махамбет, оқыды ,кітап, Қарағанды,

Ақтабан,  сексеуіл,  итбалық,  көгілдір,  Дариға,  құстар, аққу

3  тапсырма   Оқулықпен жұмыс   3 жаттығу

Зерттеу  тапсырмаларына   байланысты  әр топ  былай орындау.

І топ      жаттығуды толық орындап,  тағы үш сөзден қосып жазады.

ІІ топ    адамдар, құстар бөлімімен  жұмыс жасайды.

ІІІ топ   Жалқы ,жалпы есімге байланысты өздеріне ұнаған сөздерге  4 сөйлем ойлайды.

ІҮ топ    Өздеріне ұнаған төрт  сөзді таңдап, жекеше, көпше  түрде жазады.

                                       Сергіту сәті   

Жұмбақты  тез   шешкенде                                 (уф)  дедік

Әр түрлі тапсырмаларды көргенде                     (ой,ой) дедік

Зат есім  туралы  білгенде   таңғалдық                (о,о)  дедік

 

 

4 тапсырма   «Еркін жазу»  бойынша   танымдық  кітапшалармен   жұмыс.                                                                            Өздерінің зерттеуге арналған тапсырмалары    бойынша берілген   танымдық  кітапшалармен   жұмыс жасау.

5 тапсырма  Оқулықпен жұмыс   5- жаттығу

Мақалды    барлық  топ  орындап, топта талдау жүргізу.

Өнер-ағып жатқа бұлақ,                                     Ата –бәйтерек,

Ғылым –жанып   тұрған шырақ                        Бала-жапырақ

6 тапсырма  Оқулықпен жұмыс  2-жаттығу  (Барлық топқа бірдей  тапсырма)

Зат есім+зат есім               Қарға -құс

Зат есім+етістік               Қарға  тастады.

Сан есім+зат есім          Бір қарға

Зат есім+сын есім           Қара қарға

                                           Сергіту сәті   

Сабақтың   тез  аяқталғанына   ренжідік                 (туһ)   дедік

Зат есімді дәлелдегеннен  кейін

Қатты   қуанып                                                        (алақай)  дедік

 

Ой толғау.

Әр топтан топ басшылары  шығып, өздерінің   зерттеулері бойынша қорғау жұмысын жүргізеді.

І топ        Зат есім туралы не білгенін қорытындылайды. Мысалмен дәлелдейді.

ІІ топ      Зат есімнің сұрақтары жайлы айтады.  Мысалмен дәлелдейді.

ІІІ топ     Жалқы есім , жалпы есім  туралы айтады.  Мысалмен дәлелдейді.

ІҮ топ     Зат есімнің жекеше,көпше түрі туралы айтады.  Мысалмен дәлелдейді.

Мұғалім:

Дұрыс ,бүгін біз әр түрлі тапсырмалар орындау барысында  зат есім туралы білетін білімімізді  толық ашып, дәлелдедік. Келесі сабақта осы тақырыппен әрі қарай тағы да жұмыс жасаймыз.

Үйге тапсырма:

  • 4-жаттығу    (ауызша жұмыс)
  • Ертегі құрастыру “Зат есім елі”

Бағалау

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаЗат есім
Келесі жазбаЗат есім