Зат есім

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Мақсаты:

 Білімділік: Зат есім туралы алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

 Дамытушылық: Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Сауатты, көркем жазуға даандыру.

 Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа баулу.

 

Сабақтың міндеті: Тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы зат есім туралы білімді еске тсіру.

 

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

 

Сабақтың өткізу  әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

 

Пән аралық байланыс. Математика, ана тілі, дүниетану.

 

Қолданылатын стратегиялар: Топтастыру, түртіп алу, бес жолды өлең,                            эссе.

 

Сабақтың көрнекілігі: қағаз, маркер, сөзжұмбақ, мәтін.

 

Сабақтың барысы:  І.Қызығушылығын ояту.

 1) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

2) Психологиялық дайындық:

Қазақ тілі – бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Тіліммен бірге самалым,

Тіліме кім тағар мін.

дегендей бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ, сондықтан бүгін жаппай сабаққа қатысып, өз білімдеріңді қонақтарға көрсете білулерің керек.

 

3) Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазып және көркем жазуға Қадыр Мырзалиев ағамыздың өлеңінен үзіндіні көркем етіп жазу

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

ІІ. Жаңа сабақ

  • Сұрақ-жауап

қазақ тілінде біз қанша сөз табын білеміз?

үстел үстінде үш түрлі кескін қиындылары бар, соның ұнағанын таңдап аламыз

бұлар қандай кескіндер?

  • мінеки кескіндер арқылы жаңа жұмыс тобын құрдақ, осы топтар бойынша жұмыс жүргіземіз.

 

2) Сөзжұмбақ шешу.

  • Қазір сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайық.
  • Мен сөзжұмбақтың сұрағын оқимын, сендер жауабын жазыңдар.
  1. көру мүшесі (көз)
  2. әліппенің атасы (Ахмет)
  3. сөздің бөлінбейтін негізгі бөлігі (түбір)
  4. суретші ата (Қатеев)
  5. азайту амалына кері амал (қосу)
  6. 1925 жылы Парижде бүкіл дүниежүзілік жарыста қазақтың атын шығарған әнші (Әміре)
  7. жылу сүйгіш өсімдік (мақта)
  • Қандай сөз шықты?
  • Зат есім.

 

көЗ
Ахмет
Түбір
ҚастЕев
қоСу
ӘмІре
мақта

 

ІІІ. Мағынаны тану.

  • Зат есім туралы не білеміз деп ойлайсыңдар?
  1. Зат есім туралы не білетінімізді топтастырып жазайық.

 

 

Ережесі                                                                        Сұрағы

 

 

Зат есім

 

 

Көпше                                                                            Жекеше

 

  1. Суретпен жұмыс.

Суреттегі заттың атын атап, оған сұрақ қою. Қандай зат есім екенін айту.

Астана, жолбарыс, ата, қияр, қасық, жалқалар, Абылай хан, бала, аққу, көбелек.

3.Оқулықпен жұмыс.

Суреттегі құстардың атын атау, сұрақ қою және сол сөзбен сөйлем құрастырып, тақтаға жазу.

 

4Топпен жұмыс. (288- жаттығу)

І топ – малдың төлдері:

ІІ топ – аңдар:

ІІІ топ – құстар.

 

5.Ауызша жұмыс (290-жаттығу)

Өлеңді мәнерлеп оқу, жалқы есімдерді табу.(Картадан Алтай мен Атырау арасын көрсету)

 

  1. Түртіп алу әдісі бойынша мәтін таратылып, жұмыс жүргізу(291 – жаттығу)
 Ү Білемін— білмеймін+ жаңа ақпарат? таңқалдырды

Слет – халық өнерпаздарының жарысы.

Дина Нүрпейісованың суретін көрсетіп, ол кісі туралы оқыған шығармасы туралы еске түсіру.

 

7.Дәптермен жұмыс.

І топ –жалқы есімдерді тауып жазу.

ІІ топ – жалпы есімдерді тауып жазу

ІІІ топ –зат есімнің көпше түрін жазу.

 

ІҮ. Ой толғаныс кезеңі.

І топ –Дина сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

ІІ топ – Дина Нүрпейісоваға эссе жазу.

ІІІ топ -өнерпаздарының сөзін сөз құрамына талдау.

 

Ү. Бағалау.

 

ҮІ. Үйге тапсырма:

Көркем әдебиеттен төрт сөйлем жазып, зат есімді табу, сөз құрамына талдау

3.Оқулықпен жұмыс.

Суреттегі құстардың атын атау, сұрақ қою және сол сөзбен сөйлем құрастырып, тақтаға жазу.

 

4Топпен жұмыс. (288- жаттығу)

І топ – малдың төлдері:

ІІ топ – аңдар:

ІІІ топ – құстар.