Заттың атын білдіретін сөздер. САУЫСҚАН МЕН КӨКЕК.Жұмба

62

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. САУЫСҚАН МЕН КӨКЕК.Жұмбақ

Сабақтың мақсаты

1.Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін мақсатында жаттығулар орындату.

  1. Ертегімен таныстыру. Жұмбақ шеше білуге үйрету.

3.Оқу жылдамдықтарын арттыру. Сөйлеу тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.

  1. Достыққа,көмек көрсете білуге,қамқорлыққа,әдемі жазуға тәрбилеу.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

 

Пәнаралық байланыс:  дүниетану

Сабақта пайдаланатын көрнекі-құралдар суреттер,слайд,кесте,жұмбақ.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауып,әңгімелеу,ойын.

Сабақтын жүру барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі: –Сәлематсыздар ма,балалар. Қазір бізге қандай сабақ? Зейініміз сабаққа аударайық.
  • Үй тапсырмасын тексеру: «Келіңдер,құстарым» өлеңін жатқа сұрау.

-Жыл құстары туралы түсініктерін т ексеру.

-Олар неге жылы жаққа ұшып кетеді?

-Қайтып келген соң не істиді?

-Қандай пайдасы бар?

 

  1. Ереже қайталап өту.

-Қандай ережемен таныстық? Ережені кім айтады?

-Кім? Кімдер? Не? Нелер ? Сұрақтарына сауап беретін сөздер адамның,жануарлардың және заттардың атын білдіреді. Айсұлу,кітап,коян.

-Суретке назар аударайқ. Кім? Cұрағына жауап беретін сөздерді атайқ. Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді атайтық.

 

  1. Мақсат қою кезеңі: –Біз бүгін сендермен «Сауысқан мен көкек» ертегісін оқимыз. Заттың атын білдіретін сөздер тақырыбы бойша жаттығу жұмыстарын орындаймыз.

4.Жаңа сабақ: -Балалар,дәптерімізді ашып күннің жадын,бүгінгі өтетін ереженің атын жазайық.

Оқулықтағы 87-жаттығуды орындаймыз. Оны терме диктанты түрінде орындаймыз.

  1. «Иә,жоқ» ойынын ойнату.

Берілген сөйлем дұрыс болса орнынан тұрады.

Ойын барысында шатаспай,дұрыс жауап беру.

-Дәптер не?  деген сұраққа жауап береді.

-Апа кім ? деген сұраққа жауап береді.

-Кім?  сұрағы жануарлармен заттарға қойылады.

-Не?  сұрағы адамға қойылады.

-Құстардың балапанын ұядан алуға болмайды.

-Көкек үй құстарына жатады.

-Құстарға қамқорлық жасау керек.

-Құстар біздін досымыз.

-Құстар ағаштарды құрттардан қорғайды.

 

 

-Балалар құстар неше топқа бөлінеді?

Әр топқа мінездеме.

Жыртқыш құстар,жыл құстары,ұй құстары,қыста қалатын құстар.

 

Жұмбақ шештіру:

1.Ала шапан кигені,

Сескенгіш болған соң.

Қыпылықтап жүргені

Сауысқан

 

Бірақ сөз біледі,

Өз аты онысы.

Соны айтып жүреді.

Және жоқ қонысы

Көкек

 

Сауысқанмен көкекке мінездеме беру.

 

Сауысқан ала қанатты,ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі-жылтыр,әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы д соншалықты кәдімгі қараторғай мен тоты секілді адамның айтқан сөзін жаттап алады. Сауысқан-қарға тұқымдасына жататын,қысқа тұмсықты құс. Денесінің көп бөлігі қара,тек кеудесі ақ болады. Құрт-құмысқа аздап шөп жейді.

 

Көкек орман құсы. Көкектің өзі ұя жасайды. Басқа құстардын ұясына жұмыртқалап кетеді. Көкек пайдалы құс. Ол ешбір құс жетпейтін түкті жұлдыз құстарды жейді.

 

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы ертегіні оқып беру.

Оқушыларды оқыту.

Тізбектеп оқыту.

 

Сұрақтар қою арқылы түсініктерін сұрау

 

-Ертеде қандай құстар болған?

-Олардың несі болған жоқ?

-Сауысқан көкекке қандай кеңес береді?

-Көкек не деп жауап береді?

-Сауысқан ұясын қалай салады?

-Көкекке не болады?

 

  1. –Балалар,қазір біз «Жоқ буынды тап?» тапсырмасын орындаймыз. Кестеде жазылған сөздердің жоқ буындарын тауып,көшіреміз.

Әр қатар берілген сөзге сөйлем жазады.

7.Қортынды бөлім: -Балалар,бүгін қандай ертегімен таныстық.

-Ертегі сендерге ұнады ма?

-Ертегі мазмұнына түсіндік пе?

Олай болса қазір «Бәйге» ойынын ойнаймыз. Ойын шарты кім сұраққа дұрыс жауап берсе,сол жеңіске жетті.

-Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі неде?

-Көкектің қандай ойы бар?

-Сауысқан ұяны қалай салды?

-Көкек қандай құс екен?

 

8.-«Эйлер-Венн» диаграммасына назар аударыңдар.

Сауысқан мен көкектің айырмашылығы мен ұқсастығын табу.

 

Көкектің ән салған даусын тыңдау.

  1. Үйге тапсырма беру: -Балалар уйге 88-жаттығуды аламыз.

Тапсырманы орындау шартын түсіндіру.

Сауысқан мен көкек ертегісін оқып,түсінгенін айтуға беру.

 

 

Бағалау.