6 санын қосу және азайту

55

Сабақтың тақырыбы: 6 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға 6 санын қосу және азайту тәсілдерін ұғындыру, қосылғыштардың біреуі 6 болып келген жағдайдағы білімдерін жетілдіру

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелілік: тапқырлыққа баулу, шапшандыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:  6 саны цифрының үлгісі, оқулық, карточкалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, талдау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  1. Бір-біріне жақсы тілектер тілеу

 

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

5 санын қосу және азайту туралы білімдерін «Баспалдақ» ойыны арқылы пысықтау. Ойынға екі оқушы қатысады. Кім баспалдақ үстіне жетеді, сол оқушы көк туымызды желбіретеді.

 

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

 

ІҮ Жаңа сабақ:

№1

6 санын қосу және азайтуды оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіру

Оқулықпен жұмыс: 128 беттегі №1 есеп

  1. 3. 6 қандай сандардың қосындысы?

6+1=7                           6-1=5                        6-4=2

6+2=8                  6-2=4                         6-5=1

6+3=9                           6-3=3

6+4=10

 

№2 жасыл және көк кесінділер ұзындықтарының қосындысын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр

Көк кесінді 4 см, жасыл кесінді 6 см, ал қызыл кесінді 10 см.

6 см+4 см=10 см      10см =10см

Ү. Сергіту сәті   

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ.

5-ке 5-ті қосқанда болып

Қалды 10 саусақ.

 

«Шаршыны құрастыр!» танымдық ойыны

  1. Қосылғыштардың компоненттерін атау
  2. Азайғыштың компоненттерін атау
  3. Қосуды немен тексереміз?
  4. Кесіндіні немен өлшейміз?

 

№3. Сурет бойынша есеп құрастыр және оларды шығар

а) Шарты: көк ою-7

Сары ою-? 3-уі артық

 

Шешуі:  7+3=10

Жауабы: 10 ою

 

ә) қызыл ою-6

жасыл ою-4

барлығы-?

 

Шешуі:   6+4=10

Жауабы: барлығы 10 ою

 

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

Жаңа сабақты бекітуде «кім жылдам?» танымдық ойыны арқылы бекітеміз?

 

ҮІІ. Үйге тапсырма: №4 128-бет

ҮІІІ. Бағалау: мадақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бағалау парағы.

 

 

 

 

Оқушының

аты –жөні

 

Үй тапсырмасы Сәйкестендіру

тестісі

«Қоян қайда секірді?» ойыны «Білім шыңына өрлеу » есептер шығару.

 

жиыны
1            
2            
3            
4          

 

 

Тапсырмаларға  (-), (+) белгілерін топ жетекшілері қойып отырады

 

  1. Бағалау парағы.

 

 

 

 

Оқушының

аты –жөні

 

Үй тапсырмасы Сәйкестендіру

тестісі

«Қоян қайда секірді?» ойыны «Білім шыңына өрлеу » есептер шығару.

 

жиыны
1            
2            
3            
4          

 

 

Тапсырмаларға  (-), (+) белгілерін топ жетекшілері қойып отырады