Арыстан мен тышқан

297

Сабақтың тақырыбы:    Арыстан мен тышқан

Мақсаты:

а)  Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру.

ә) Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту.Сын тұрғысынан ойлауын дамыту.Өз ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлеу қабілеттерін арттыру.

б) Балаларды қайрымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Дамыта оқу  технологиялары.

Сабақтың түрі: Таным сабақ

Сабақтың барысы:

  І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Психологиялық дайындық.

2) Керек құралдарын алғызу.

3) Назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

« Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.

( Ойынның шарты: егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе,бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған,бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.)

1 топ. Әңгіменің мазмұнын баяндайды;

2 топ. «Ғажайып жетілік» сұрақтарына жауап береді;

3 топ. «Араласып кеткен уақиғалар» тапсырмасын орындайды.

ІІІ. Жаңа сабаққа

Адалдық                                                                                  Сыйластық

Қайрымдылық                                                                        Қамқорлық

Жанашырлық                                                                         Кішіпейілдік

Мұғалім:

  • Бүгін біз да адам бойындағы жақсы -жаман  қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін, өнеге , тәлімге толы  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  « Арыстан мен тышқан» мысалымен танысамыз.

«Тұлғаны танып біл» стратегиясын қолдану.

( Берілген суреттердің ішінен автордың суретін табу, ол туралы не білетіндерін ортаға салу.)

 Авторға хронологиялық кесте толтыру

1 топ. Арыстан дегеніміз не? Ол туралы не білесіңдер?

2 топ.Тышқан дегеніміз не? Ол туралы не білесіздер?

3 топ. Арыстан мен тышқанның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Сөздікпен жұмыс.

Зиян- залал, зақым, кесірін тигізу.

Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті, бостандық.

  • Мысалмен танысу.
  • Мультфильм көрсете отырып, мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
  • Рөлге бөліп оқу.
  • Іштей оқу.

Нақты сұрақ – дәл жауап.

  • Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
  • Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
  • Тышқан қалайша өлімнен құтылды?
  • Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?
  • Бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді?
  • Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдары бейнелеп отыр?

Мысал өлең дегеніміз  не? 

Жан- жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет  беріп, бейнелеу арқылы  адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып , ой — пікірді  астарлы бейнелейтін  уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.

Дәптермен жұмыс.

Анықтама: « мысал» — сатиралық сипатта, сықақпен сыналатын,шағын көлемді шығарма. ( дәптерлеріне жаздыру)

Концептуалдық кесте       

Р/с  Шығарманың      

         аты

Кейіпкері Қандай қасиеттерді бейнелейді?  

 Ой-тұжырым

1

 

 

 

2

 

 

«Арыстан мен тышқан»

 Арыстан

 

 

 

Тышқан

Батыл, өр көкірек,

мақтаншақ;

Қорғансыз, қамқор, жақсылықты ұмытпайды.

 

Қайырымдылық,

жақсылық жасай білу, көмектесу

 

І топ.

 «Арыстан мен тышқан» мысалын сахналау.

 ІІ топ.

Мысалдың түйінді ойын  бір шумақ өлеңмен жазу.

ІІІ топ.

Мысал мазмұнына қарай мақал –мәтелдер айту..

 

ІV. Қорытындылау.

Мұғалім:

  • Балалар біздің ана тіліміз өте бай.Осы тақырыпта мазмұны әртүрлі ертегілер көп. Солардың бірін Зәмзәгүл әжей айтып бермекші.

Үнтаспадан ертегі тыңдау.

Түйін сөз

Балалар өз түсінгендерін, ұққандарын түйіндеп айтады.

Рефлексия . Саған сабақ ұнады ма?( Бағдаршамның түстерін пайдалану.)

Үйге тапсырма.

  • Мысалды мәнерлеп оқу;
  • «Арыстан мен тышқан» тақырыбында ойдан ертегі құрап келу.

Бағалау.