Ө дыбысы мен әрпі

72

М.Ғабдуллин атындағы №3 кәсіптік мектеп – кешені

Бастауыш сынып мүғалімі: Жадырасынова Сауле Есмырзақызы

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:                                              

Білімділік: Оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныту. Ө дыбысын сөз ішінен ажырата білу,жуан-жіңішкелігін айыра білуге үйрету.

Дамытушылығы: Ө дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту,ұқыптыллыққа,сауаттылыққа,  табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: Сөздік,көрнекілік,танымдық,практикалық

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,буындар,ребустар,слайдтар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Психологиялық дайындық .Шаттық шеңбері

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде,

Қарсы алайық, достарым!

Келді қонақтар бізге.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қош келіпсіздер! (Шапалақтау) Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз. Ормандағы ағаштарды аралап, таза ауамен дем алып, неше түрлі аң-құстармен кездесеміз. Алақай не деген керемет! (Орманның суретті, құстардын дауысы естіледі).
  • Балалар, орманда адасып кетпей бірлесіп жұмыс істейік, әртапсырмаларды мұқият тыңдап, білімімізді арттырайық. (Сапарларын сәтті болсын!).
  • Орманда нелер өседі?
  • Ағаштар,өсімдіктер,гүлдер өседі.
  • Өте жақсы. Ағаш түрлерін айтып өтейік (қайын, қарағай, терек, емен суреті).

Тапсырмалар: жапырақта жазылған.

  1. Дыбыс деген не?
  • Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.
  1. Әріп деген не?
  • Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.
  1. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
  • Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады.Мысалы: ы, а, ә, і.
  1. Даусыссыз дыбыстар қалай айтылады?
  • Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды. Мысалы: с, ш , л, р.
  1. II. Өткенді қайталау.

Өте жақсы , тамаша! Орманда енді бізді аң патшасы – Арыстан күтіп тұр екен. Арыстанның тапсырмаларын орындайықшы. ( Көйлек, бөрік, өшіргіш, өрік суреттері). Хормен суреттердін атын айтады. Бұл сөздерде бізге таныс қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? (Ө дыбысы)

  • Ө дыбысы неге ұқсайды?
  1. Дыбыстық талдау жасайды, Өрік – Бөрік сөздері.
  • Жақсы. Ал орманды әрі қарай аралайық (Орманда әліппе оқып отырған аңдар суретті). Ормандағы аңдардың балаларыда “Мектептеріне” жиналып “Орман әліппесін” оқымақшы екен. Ал, қане біз де әіппемізді ашайық (60-61 бет).
  1. “Шырын” мәтінін оқыту(61 бет).

III. Жаңа сабақ.

Кітаппен жұмыс (61 бет).

  1. “Баспалдақ” ойыны.

Салыстыра оқу. Оң жақ –Сол жақ.

  1. Суретке қарап әңгіме құрастыру.
  • Ал,енді аңдармен бірге қаншама тапсырмалар орындадық, әрі карай орман ішін аралайық. Орман емшісі не деп ойлайсындар? (Тоқылдақтын суретті).
  • Неге тоқылдақ орман емшісі деп ойлайсындар?

Тоқылдақ бізге өзінін тапсырмасын дайындап келіпті.                                          Карточкамен жұмыс.

  1. Буындардан сөз құра.
  2. Ребусты шешу. Сөйлем құрастыру.
  3. Төрт сөзіне дыбыстық талдау жаса.
  • Жақсы, әрі қарай жүрейік (Тырна суреті).

Балалар ұшып келе жатқан қандай құс екен?

  • Ол орман хабаршысы Тырна. Тырна бізге хат әкеліпті. Хатты оқып беремін. (Қоян суретті шығады).                                                                                                       Сегіту сәтті.                                                                                                                    Дәптермен жұмыс. ( Тік отыру үлгісі).
  1. Бекіту

Жұмбақ жасыру (Көбелектін суреті).

( Өрмекшінін суреті).

Поэзия минуты (Өленді жаттау).

  1. “Сиқырлы сөздер”.
  2. ( Қасқырдын суретті) “Жоғалған әріпті тап ойыны ”.
  3. Жаңылтпашты жаңылмай айт.( Қарғанын суретті).
  4. Сабақтың қортынды кезеңі:
  • Бүгінгі сабақта қайда бардық?
  • Ұнады ма?
  • Нелермен кездестік?
  • Бүгінгі сабаққа ризамыз ба?
  • Мен де ризамын.

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге,

Ризамын, Ризамын, Ризамын бүгінге.

Ризамын, Ризамын, Ризамын қазірге!

Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!