Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еріншек»

Cабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы  «Еріншек»

Сабақтың мақсаты: 1) Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірінен мағлұмат бере отырып, «Еріншек»

өлеңінің мазмұнымен таныстыру, түсіндіру, өмірмен байланыстыра отырып

тақырыптың мәнін ашу, ойларын жүйелеу.

2) Өлеңдегі негізгі ойды және мақсаты мен мазмұнын жан – жақты дамыту,

ойларын тиянақтап қорыту.

3) Оқушыларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуге, жақсы әдетті

білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта

Қолдану әдістері: әңгімелеу, салыстыру, баяндау, байланыстыру, талдау —  жинақтау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың өтілу барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте – деп ана тілі сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардан Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

ІІІ. Білімдерін тексеру, тиянақтау.

— Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылған?

— Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?

Сонымен мына тірек сызбаға жылқы жайлы не білдік соны жазайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV. Жаңа білімдерді қалыптастыру кезеңі.

а) Кіріспе.

Жаңа сабақты бастамас бұрын ребусты шешейік.

Ребус

1  2   5

Қандай сөз шықты? (Еріншек)

Ендеше біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» өлеңімен танысамыз.

   

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған. Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек, яғни Шәкәрім Абайға немере іні болып келеді.

Шәкәрім – әлеуметтік, рухани, ағартушылық, қоғамдық ойды уағыздаушы қазақтың көрнекті ақындарының бірі. Ол – аудармашы, тарихшы, әрі философ. Шәкәрім 5 жасынан бастап ауыл молдасынан оқиды. 7 жасында әкеден жетім қалған ол Абайдың  тәрбиесінде болады. Өз бетімен білім алып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін  жетік меңгереді.

 

ә) Оқулықпен жұмысі

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқып беру.

— Өлеңді оқушылардың оқуы.

— Өлеңнің мазмұнын ашу.

— Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз  қылықтар сыналады?

— Автордың қорытынды ойы қандай?

— Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған?

б Сөздік жұмысы

Ғибадат – құлшылық

Харекет — әрекет

в) Дәптермен жұмыс

Өлеңге және мына кестеге сүйеніп, еріншек адамның бойындағы жағымсыз қылықтарды дәптеріңе толтырып жаз.

Еріншек адам қандай болады?

 

 

1.

2.

3.

 

г) Сергіту сәті

Роза Рымбаеваның орындауындағы «Жалқаубек» әнін қимылмен көрсету.

  1. Бекіту кезеңі

«Жалғасын тап» ойыны

Мақалдарды жалғастырып, мағынасын ашу.

1) …….. ісі — екі

2) Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,

…………………………………………………..

3) Еңбек етпесең елге өкпелеме,

…………………………………………..

4) Еріншек түске дейін ұйықтайды,

………………………………………………..

5) Аз жұмысты қиынсынсаң,

……………………………………….

  1. Қорытынды.

Абай өлеңіндегі бес дұшпан мен Шәкәрім өлеңіндегі жағымсыз қылықтарды Венн диаграммасына түсіру.

Абай                    Шәкәрім

 

 

 

 

 

 

Сіз жалқау емессіз бе?

Шай ішетін үстел үсті жиналмаған, киіміңіздің әрқайсысы әр жақта, теледидардан бастап сүйікті кітабыңызға дейін шаң басқан. Бұл не? Иесіз қалған үй ме? Жоқ! Бұл үйге «жалқаулық» қоныстанып алған. Жалқаулық дегеніміз – адам бойындағы жағымсыз қылық. Бұдан қалай арылуға болады? Мұны қалай жеңуге болады? Деген сұрақтар туындайды. Жалқаулықтан арылу үшін адам күнделікті тіршілікте өз алдына мақсат – міндет қойып, оны қалай да әрекет жасап жүзеге асыруым керек деген талап қойып отыруы қажет. Және жалқаулықтан құтылудың бірнеше тәсілдері де бар:

  1. Өзіңізге аяушылық танытпаңыз. Мұнымен жалқаулықты ешуақытта жеңе алмайсыз.
    2. Атқаратын жұмыстардың тізімін жазыңыз. Жалқаулық дендеп бара жатса, тізімдегі бірінші жұмыстан бастаңыз. Әрине, бірінші кезде қиынырақ болады. Бірақ, жұмысқа алданып кетесіз.
    3. «Ертең» деген сөзді ұмытыңыз. Бүгін бітетін істі ешуақытта ертеңге қалдырмаңыз. Еріншектің – ертеңі бітпес.
    4. Көңіл сергітіңіз. Көшеге шығып таза ауада жүріңіз. Үйдің ауасын желдетіңіз.
    5. Мұңаймай, ашық-жарқын жүріңіз. Дұрыс тамақтанып, уақытылы демалыңыз.
    6. Әрбір жаңа күніңізді жоспарлаңыз. Күнделікті сабаққа күнде дайындықпен келіңіз. Сізде ешқандай бос уақыт болмау керек. Әр түрлі үйірмелерге қатысыңыз. Жалқаулық – сіз жалқауланғанды қандай жақсы көреді.
    7. Ата-анаңызға үй шаруасымен айналысуына көмектесіңіз.
    8. Әдеби, ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел кітаптады көп оқыңыз. Біліміңізді молайтуға көмектеседі.
  2. Өмірді сүйіңіз. Әрбір сағат, әрбір минут, әрбір секундын бағалаңыз.
    10. Атқарылған жұмыстың нәтижесінен рақаттаныңыз. Нәтижелі жұмыс бар жерде, жалқаулық жүрмейді.
    11. Сылтауратуды қойыңыз – бәрі өз қолыңызда!
    VIІ. Үйге тапсырма

а) «Еріншек» өлеңін мәнерлеп оқып, өлеңнің мазмұнын айту.

ә) «Еңбек етсең ерінбей» тақырыбына шығарма жазу.

VIІІ. Бағалау.