Астана

92

                                                Ана  тілі

Тақырыбы:      Астана

Мақсаты:       Астана тарихын, орналасу ретін, Астана туралы   деректер                 

                   мен  қызықты мәліметтер бере отырып, әңгіме мазмұнын ашу

                       Балаларды интелектуалдық ойындар мен тапсырмалар арқылы   

                   ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға машықтандырып ,               

                   дүниетанымын кеңейту.

                      Туған жерін, елін сүюге ,оған құрметпен қарауға , елінің  

                  көркеюіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.

 

Түрі : саяхат сабақ

Әдісі:Сұрақ- жауап, ой- толғаныс, топтастыру

Көрнекілігі: бейнеүзіктер,презентация  «Астана- бас қала»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Топқа бөлу ( Саяхат сабағы болғандықтан көлік түрлерін  таңдай отырып, топқа бөліну)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

алалар, біз қандай тарауды  аяқтадық?

-«Маужырап  барқыт күз» тарауын.

 Қызылорда , Алматы, Астана аялдамалары бойынша блиц сұрақтар арқылы таруды қайталау(тапсырма 4 топқа беріледі).

Қызылорда аялдамасы:

1 сұрақ: Күз мезгіліне қандай түстер тән, неліктен?

2- сұрақ: «Кемедей кешіп комбайн

               Алтын дария егінді

               Сүзіп жүр маржан бидайын

               Күзіміз неткен көңілді» деген жолдар қай өлеңнен алынған және авторы кім?.

3- сұрақ: «Жеміс бағында» әңгімесінде  қандай жеміс туралы айтылған

               және оны қалай сипаттаған?

4 сұрақ: « Ас атасы- нан» деген мақалға сәйкес келетін  мәтіндерді  тап.

Алматы аялдамасы:

1- сұрақ : Абайдың орыс тілінен аударған мысалы қалай аталады, және  

                оның авторы кім?

2- сұрақ: И. Крыловтың « Шегірке мен құмырсқа»  мысалын есіңе түсір.

             «Қарағым ,жылыт, тамақ бер» деген  ненің сөзі? Оған сәйкес қандай  

              мақал айтуға болады?

3- сұрақ:Құмырсқа мен шегірткені салыстыр.

4- сұрақ:Құрт, ірімшік кептірілетін орын қалай аталады, ол неден   

                жасалады?

Астана аялдамасы:

1- сұрақ:Күз дегеніміз- байлық дегенді қалай түсінесің?

2- сұрақ: «Күздің бір күні –қыстың бір айын асырайды» -дегенді қалай түсінесің?

3-сұрақ: Омар атай балаларға күздің қандай кереметтерін көрсетті?

4-сұрақ: Түйін байлап көктемде

              Қызарар жаз жеткенде

             Күзде уылжып ,иісі аңқып

             Бақ қасынан өткенде

             Шай кеседей әрқайсысы,

             Бұған жеміс жеткен бе? Жұмбақтың шешуін тауып, «уылжып» сөзінің мағынасын түсіндір.

ІІІ.Жаңа сабақ:

Ой-қозғау:

-Біздің соңғы аялдамамыз қалай аталады?

-Астана.

-Ал Қызылорда, Алматы  қалалары туралы не айтар едіңдер?

— Қызылорда, Алматы қалалары –Қазақстанның бұрынғы астаналары.

Мағынаны ашу.

Астана кеше ғана басқа қала,

Айналды бәйтеректі астанаға

                                                                        (Н. Айтов)

  • Астана дегенде көз алдарыңа не келеді?
  • -Астанаға барып көргендерің бар ма?

Бейнеүзік « Астана- әлем қаласы» көрсетіледі.

-Олай болса саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз.

-Астанаға барған адам ең бірінші қайда барады деп ойлайсыңдар?

Бәйтерек- астана символы . Бәйтеректің негізгі идеясы – Бейбітшілік ағашы.

Оқулықпен жұмыс: І топ- Астанадағы әсем ғимараттар.

                                 ІІ- топ- Астана — әлем қаласы

                                 ІІІ- топ- Астананың болашағы

                                ІV- топ- Мазмұнын қорытындылау

Сөздік жұмысы-ЮНЕСКО-Білім , ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы

ІV.Сергіту сәті:

Океанорум бейнеүзігін тамашалау.

  1. Жаңа сабақты бекіту. Жинақтау

Пирамида «Бейбітшілік және келісім сарайы»   

Тұжырымдамалық карта « Кешегі, бүгінгі, болашақтағы Астана»

 

Астана

 

Кешегі бүгінгі болашақтағы

«Ханшатыры» демалыс орталығы:

«Астанаға тілек» постер арқылы қорғау(тілектерді суреттер арқылы білдіру)

VІ.Сабақты қортындылау:

Астана теміржол вокзалы: Сабақты қортындылау:

 Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

VІІ.Бағалау

Кері байланыс:

Өзін — өзі бағалау

Топбасшының топты бағалауы

VІІІ.Үйге тапсырма : Мәтінді мәнерлеп оқу. «Астана- әлем қаласы» тақырыбына эссе жазу