Жануарлардың қысқы мекені

267

Тақырыбы: Жануарлардың қысқы мекені.

Мақсаты:Жануарлардың қысқы тіршілігі (Азық дайындауы,қыс бойы ұйқыда болуы) туралы әңгімелеу.

Туған өлкенің жануарларын қорғау, қамқорлыққа алу сезімін дамыту.

Қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:Тренинг сабақ

Әдісі:Сұрақ –жауап, ойын

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Топтарға  бөлу

2.Психологиялық дайындық.Амандасу

3.Жаңа сабақ – бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты-сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларынды бөлісіп ашық айтуға дағдыландыру.

 4.Жұмбақ шешу.

Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебемін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?(Қыс)

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:Жануарлардың қысқы мекені деп аталады.Аңдардың қысқы тіршілігін бақылау үшін орманға саяхатқа барамыз.Ол үшін біз шанамызға мініп, жолға шығамыз.

-Ал балалар сендер қыста тонасындар ма?

-Иә

-Олай болса жануарларда қыста тонады екен.

5.Слаид орманға саяхат:

Жұмбақ шешу.

Ырғып қозғалатын қорқақ,құйрығы бір тұтам,құлағы сала құлаш,киімі екі түрлі.Бұл қандай аң? (Қоян)

Халық қу деп,

Қылығы күлкі,

Айласы көп

Бұл қандай аң? (Түлкі)

Түлкі -өте иісшіл,сақ құлақ,қырағы көз аң.

Проблемалық сұрақ: Аңға не қауіпті, әрі не қиын деп ойлайсын тамақ табу ма? Әлде суық аяз ба? Неге? — дәлелде.

Қосымша түсініктер:Ұйқыға кететін жануарлар:аю, бақа, борсық, тышқан, кірпі.

-Жануарлардың ұйқыда болу мерзімі бірдей емес кейбіреуі қыста мезгіл-мезгіл сыртқа шығып қайта келіп жатып жүреді.

Буындардан сөз құрау:

 

А

ян

 

 

Еш

 

Бор

 

қыр

 

Қо

Ю

 

 

Қас

 

кі

 

сық

6.Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп –теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

8.Ауылға оралу: (Үй жануарларының суретін көрсету).

-Ал үй жануарлары қалай қыстайды? (оқушылар жауабы)

-Олардың қандай пайдасы бар?

9.Шығармашылық жұмыс:№2 слаид берілген суреттен артығын тап ортақ атаумен ата.

10.Оқулықпен  жұмыс: Ақ тиін Қ.Жұмағалиев өлеңді оқып беру.

«Қоян» Ж.Карбозин өлеңді жаттату.

Дидактикалық ойын:”Қай жануар қайда мекендейді?”Аңдар айтысы.

Дала жануарларын айтқанда секіреміз, үй жануарларын айтқанда қол шапалақтаймыз.

11.Қорытындылау:

-Бүгін нелерді бақыладық?

-Қайда шықтық?

-Нелерді көрдік?

-Аңдар өз қорегін қалай табады?

-Саған ұнағаны?

Бағалап, мадақтау.