Жануарлар әлемінің сан алуандығы

41

Тақырыбы: Жануарлар  әлемінің  сан  алуандығы

Мақсаты: 

Білімділік:  Жануарлар  әлемінің  сан  алуандығы,  олардың  тіршілігі  туралы                 түсінік  беру.Көзге  түскен  жануарларды  бақылап  жүруге  баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың  сөздік  қорын, ойлау  қабілетін,  дүниетанымдарын  арттыру.Әсемдік  талғамдарын  қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Табиғатты  сүйе  отырып және  түсіне  білуге  баулу.Жануарларды  корғауға, күтіп,  бағуға  үйрету.Байқампаздыққа  баулу.

Көрнекі  құралдар:  тірек  сызба, жануарлар  суреттері

Сабақтың  түрі:  жаңа  сабақ

Өтілу  әдісі:  сұрақ-жауап,топтау, түсіндіру.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру  кезені

Психологиялық  дайындық

                                            Қоршаған  орта  әлемі,

                                            Не  деген  көркем  әдемі.

                                            Сол  сұлулықты  сақтайық,

                                            Мадақтайық, мақтайық.

Үй  тапсырмасын  тексеру:

а) Өсімдік  түрлерін  ата.

ә) Ылғалсүйгіш  және құрғақшылыққа  төзімді, жарықсүйгіш  және  көлеңкеғе

төзімді, жылусүйгіш  және  аязға  төзімді  өсімдіктерді  ата.

б) Қандай  өсімдік  біржылдық, екі  жылдық  және  көп  жылдық  деп  аталады?

в) Қандай  өсімдік  жабайы, ал  қандайы  мәдени  деп  аталады?

г) Өмір  сүру  ортасы  деген  не?

е) Өсімдіктерді  қорғау  үшін  қандай  жұмыстар  жүргізілуде

 

 

Сөзжұмбақ  шешу.

ж о л б а р ы с
а ю
ж ы л а н
а қ қ у
т а с б а қ а
ө р м е к ш і

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кілемнің түрлеріндей  жүндері  бар,

Айбатты  жан  шыдамас  үндері  бар.

  1. Үстінен тоны түспеген,

Сонда  да  араз  қыспенен.

  1. Жер бетінде  жатқан  арқан,

Ұстауға  оны  бәрі де  қорыққан.

  1. Ай астында  ақ  мамық,

Жатыр  суды  жастанып.

  1. Торпаң-торпаң  тарбиған,

Түрі  жаман  жарбиған.

  1. Торын  құрып  қояды,

Шыбындарды  жояды.

Жаңа  сабақ.

Табиғатта  жануарлардың  көптігі  соншалық. Олар  туралы  ұзақ  әңгімелеуге  болады.Жануарлар  бірнеше  топқа  бөлінеді.

сүткоректілер                                            жәндіктер

қосмекенділер                                Жануарлар                            балықтар

жорғалаушылар                                       құстар

 

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді өзім оқимын.

Содан балаларға оқытамын.

Балалар жануарларға тағы мынадай топтар жатады екен.

Олар:  өрмекшітәрізділер

былқылдақденелілер

құрттар

Сергіту сәті:

Табиғат қандай тамаша                                                         

Тоймаймыз біз де тамсана.

Аңдар еркін жүреді

Балықтар шіркін жүзеді.

Табиғаттың жыры көп

Табиғаттың сыры көп.

Дәптермен жұмыс

Ұлу, былқылдақденелілер, моллюскалар

Жануарларға байланысты ауа-райын болжау.

  1. Қой тынышсызданып, көңді тарпып, қызып мазасызданса,

қар жауып, борасын соғып, қарлы борасын соғады.

  1. Қой жүнін сілкісе, жауын жауғанын қойып, күн ашылады.

Қойдың жүні дымқылданып суланса, жауын жауардың  белгісі.

  1. Көктемде қояндардың жүні кеш, жай түлесе,

сол жазда ауа райы салқын болудың белгісі.

  1. Сиырлардың жүні үрпиіп, бүрсиіп,үй маңайында айнала берсе, ауа райы бұзылып,

қарлы борасын болып, күн суытудың сыңайы болмақ.

 

Семантикалық картамен жұмыс

Жануарлар сүтқоректілер Қосмекенділер жорғалаушылар балықтар Құстар жәңдіктер
Барылдауық үйрек

Қасқыр

Сиыр

Қоңыз

Сужылан

Бақа

Тоқылдақ

Табан балық

 

Венн  диаграммасы  бойынша  үй  жануарлары мен  жабайы  аңдарды  салыстырамыз.

 

 

Қорада тұрады

Шөппен қоректенеді

Адамдар күтеді

Далада,орманда,бағынбайды,кіші аңдармен

қоректенеді

 

 

 

 

 

 

 

Ортақ  қасиеті:сүткоректілер,жануарлар.

Мақалды  жалғастыр.

  1. Түйе атасы-……  .

Ағаш  атасы-…. .

  1. Сиырлының  үйі-……  .
  2. Мал  өсірсең  қой  өсір,

Өнімі  оның  …….  .

  1. Сиырдың  сүті-…..  .
  2. Малды  бақсаң  сиыр  бақ,

…….  кетпейді  шарадан.

Сабақты  қорытындылау.

Мына  суреттер  бойынша  мына  сұрақтарға  жауап  береміз.

 

 

1.Қай  топқа  жатады?

2.Түрі  қандай?

3.Қайда  мекендейді?

4.Немен  коректенеді?

5.Ол  пайдалы ма,  әлде  зиянды  ма?

Бағалау.

Үйге тапсырма.