Жануарлардың көптүрлілігі

Тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі

Мақсаты: Жануарлардың көптүрлілігі туралы білімдерін қайталау

Міндеттері:

  1. Жануарлардың топтарын, олардың тіршілік ортасына бейімділігін, қоректену ерекшеліктерін қайталап, топтарды өзара салыстыру, жануарлар туралы қызықты мәліметтермен танысу, қорықтармен таныстыру.
  2. Қызықты тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін арттыру және оқушылардың СТО қабілеттерін дамыту, жалпытанымдық көзқарастарын жетілдіру.
  3. Жан-жануарлар әлемін қорғауға шақырып, экологиялық тәрбие беру.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, графикалық диктант,ойын, топтық жұмыс,шығармашылық жұмыс, «миға шабуыл»,«семантикалық карта», «Венн диаграммасы» стратегиялары

 

Қолданған технология элементтері:

Эвристикалық ,дамыта оқыту , СТО,оза оқыту технологиялары

 Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жануарлардың, қорықтардың суреттері,семантикалық карта, «777 жұмбақ» кітабы

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, география,

Сабақтың барысы: I.Алғашқы ұйымдастыру кезеңі

А) Психологиялық даярлық

Мен күнді сүйемін,күн мені сүйеді,

Мен жерді сүйемін, жер мені сүйеді,

Мен барлық қоршаған дүниені сүйемін,

Бәрі де мені сүйеді.

Ә) Кіріспе

Видеоролик көрсету

— Балалар, біздер «Жануарлардың көптүрлілігі» тарауын аяқтауға жақындадық. Бүгін біздер осы тарау бойынша білген-түйгенімізді көрсету үшін саяхатқа шығамыз. Ол жай саяхат емес, фотосаяхат. Бұл саяхатта біздер Қазақстанның қорықтарымен танысамыз. Қорық деген не екенін білетіндерің бар ма? Қорық деген табиғат байлықтарын бастапқы қалыпта сақтап, келешекке жеткізу үшін жасалған табиғи зоналар. Ендеше сабағымызды бастайық.

 

ІІ. «Миға шабуыл»

— Тақтада ілулі тұрған жануар суреттерінің арттарында сұрақтар жазулы, сол сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер,біз баратын қорықтың аты шығады.

1-ү  Жануарлардың топтарын ата.

2-с  Бунақденелілердің өзіндік ерекшеліктерін айтып бер.

3-т  Қосмекенділерді тағы қалай атайды?

4-і  Бауырымен жорғалаушыларға қандай жануарлар жатады?

5-р  Неге сүтқоректілерді сүтқоректілер дейді, оларға қандай жануарлар жатады?

6-т  Балықтардың басқа жануарлардан айырмашылығын айт.

123456
үстірт

1-слайд — Біз Үстірт қорығын көріп тұрмыз (интерактивті тақтадан сурет көрсетіледі)

Ол Маңғыстау өңірінде орналасқан. Үстірт қорығы үлкен шөлді аймақты қамтиды. Бұнда арқар,қарақұйрық,қарақал сияқты аңдар,ителгі,дуадақ т.б. мекендейді.Олар қорғауға алынған.

 

ІІІ. Графикалық диктант.

2-слайд— Білетінімізді одан да тереңірек тексеру үшін графикалық диктант өткізіп жіберейік.

  1. Жер бетінде жануарлардың 2млн. түрі бар.
  2. Ұлу,өрмекші,қоңыздар – омыртқалы жануарлар.
  3. Инелік –пайдалы бунақденелі.
  4. Құстардың барлығы да ұша алады.
  5. Қызыл кітапқа құстардың 56 түрі енгізілген.
  6. Балықтың бүйрек сызығы тепе-теңдік сақтау үшін керек.
  7. Жорғалаушыларды басқаша рептилия дейді.

-Қазір дәптерлерімізді алмастырып, тексерейік.

Жауабы:

-Енді жауаптарын «жоқ» деген сұрақтарға дұрыс жауап берейік.

3-слайд-Біздер Барсакелмес қорығына келдік.Ол Арал теңізінің Барсакелмес аралында орналасқан.Бұл жер сазды,тақырлы,құмды,шөл.Онда негізінен сексеуіл өседі.Бұл жерде құлан,ақбөкен мекендейді, ал құстардан жылқышы,шағала,бозторғайды көруге болады.Сондай-ақ жұмыр бас кесірткелер мен кекконды ысылдағыш кесірткелер бар.

 

ІҮ. Жұмбақтар шешу.

Енді жануарларды қалай тани алатынымызды тексеріп жіберейік. Жұмбақтарды дұрыс мұқият тыңдайық.

  1. Жақпар тастың өркешіне, секіреді құламай.

Қия құздың өр төсіне,орғып шығар ол оңай.   ( Арқар)

 

  1. Тастан салған үйі бар,көшіп жүрер асықпай.

Қыста ұйықтап бұйығар,тамақ іздеп ашықпай. (Тасбақа)

  1. Ызыңдап ән салып, жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,қоқысқа қонады.                   ( Шыбын)

  1. Күндіз сөнген шырағы,түнде көрер қырағы.

Тікірейіп айдары,егін жауын қырады.                (Үкі)

  1. Күміспен апталған,теңгемен қапталған.

Суда өседі,өнеді, судан шықса өледі.                  (Балық)

  1. Сұм жүзді,құралай көзді,киікше секірген,

Бура санды,жолбарыс тонды.                               (Бақа)

4-слайд— Біздер Ақсу-Жабағылы қорығына да келіп қалдық.Оның көлемі Батыс Тянь-Шань,Талас Алатауы,Өгей тауларын алып жатыр.Бойында Ақсу және Жабағылы деген өзендер ағып өтеді.Мұнда неше түрлі құстарды кездестіруге болады:дала бүркіті,лашын,қарақұс,сақалтай,қозықұмай, жыланжегіш,т,б.Жануарлардан елік,таутеке,жабайы шошқа,ақкіс бар.

 

Ү.Ойын «Тобына қос» (қимақағаздар бойынша топтық жұмыс)

Балалар,кішкене ойымызды сергітіп,ойын ойнап жіберейік. Суреттердегі жануарларды топ-тобымен бөлуіміз қажет.Сосын қай топқа қай жануар жататынын айтып бересіңдер.

  • Сүтқоректілерге нелерді жатқыздыңдар?
  • Жорғалаушыларға ше?
  • Құстардың қандай түрлері кездесті? Т.с.с.

5-слайд — Міне,біздер Алматы қорығына да келіп жеттік.Қайда орналасқанын оның өзінің аты айтып тұр.Бұл қорықтың ерекшелігі жануарлардың мекен ортасының судан басқасының бәрі бар.Таулы аймақта ұлар,барыстар, далалы жерлерде қырғауыл,кекілік, орманды алқапта құр,сілеусін,қоңыр аю, ал шөлде түрлі кесірткелер мекендейді.Осында атақты «Әнші таулар» бар.

 

ҮІ.Сергіту сәті.

«Сұр қоян» әнін қимылмен жасату.

6-слайд — Секіріп-секіріп Алакөл қорығына жетіппіз. Ол Жетісу өңірінде Жоңғар Алатауы мен өзендерді қамтиды. Балықтардан сазан,жайын көп, құстардан бірқазан,шағалалар, аңдардан борсық,барыс,қарсақ,т,б мекендейді.

 

ҮІІ. Қызықты деректер.

— Сіздерге үйге жануарлар туралы қызықты деректер жинақтап келу тапсырылған болатын. Кім қандай дерек тапты?(балалардың жауаптарын тыңдау)

7-слайд — Балалар, Батыс Алтай қорығына келдік.Ол Шығыс Қазақстанның солтүстігінде орналасқан.Қорықтың қысы суық,жазы ылғалды.Мұнда таулы жерлерге бейімделген ұлар,таутеке,барыс,сілеусіндер мекендейді.

 

ҮІІІ.Венн диаграммасы (топтық жұмыс)

— Балалар, біздер жануарлардың барлық топтарын қайталадық.Енді олардың өзара айырмашылығы мен ұқсастығы бар ма екен, соны зерттеп жіберейік.

І топ: қосмекенділер мен балықтарды

ІІ топ: құстар мен бунақденелілерді

ІІІ топ: сүтқоректілер мен жорғалаушыларды салыстырады.

8-слайд — Марқакөл қорығы. Бұл да Алтай тауының сұлу табиғатын қорғауға құрылған қорық. Негізінен суды мекендейтін жан-жануарлар тұрақтайды. Мысалы:аққулар, кәмшат,түрлі балықтар.Сонымен қатар тиін,аю, сияқты орман жануарлары да кездеседі.

 

ІХ.Семантикалық карта

— Біздер жануарлардың мекен ортасы мен қорегі туралы сөз қозғамаппыз. Әр жануардың мекен ортасы мен қорегін «+» таңбасы арқылы белгілей қойыңдар.

9-слайд

Жануарлармекеніқорегі
суорманшөлшалғынөсімдікбунақденеліжыртқыш
Қолтырауын++
Түйе++
Жылан+++
Бақа+++
Құс++++
аю+++

— Өзіміздің жұмысымызды интерактивті тақтадағы кестеден тексеріп жіберіңдер.

10-слайд -Мынау – Наурызым қорығы.Ол Қостанай облысындағы қарағайлы ормандар мен солардың қасындағы көлдерді сақтап қалу мақсатында құрылған. Онда ителгі,қызыл жемсаулы қаз,дуадақ,аққұр сияқты азайып кеткен құстар мен терісі бағалы аңдар мекендейді.

 

Х.Қызықты сұрақтар

Балалар,жануарлар тіршілігін қаншалықты жақсы білетінімізді тексеріп жіберейік.Ол үшін «Рас па?» деген басқатырғыш сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

1.Ән шырқап,сауықшыл жұрт құмар басты,

Шуды естіп ирелеңдеп жылан қашты.            Жылан естімейді.

2.түйеқұс барады ұшып,тау бөктерлеп,

Ақ қарға даладағы аунап келмек.                      Түйеқұс ұшпайды,жылы                          

                                                                                жақта мекендейді

3.Қырғауыл жерді шарлап,көкті шарлап,

Біздерге жылы жақтан келді шаршап               Қырғауыл жыл құсы емес

4.Түйелер шөл кезіп сапар шеккен кезінде су қорын өркешінде сақтайтыны рас па?                                                        Жоқ.Олар өркешіне май жинайды.

5.Жыландардың 1метр биіктікке секіре алатыны рас па?   Рас,Сұржылан

6.Боран соғып тұр еді,көкек ұшты,

Көкек деген құс екен өте күшті.                               Көкек қыста болмайды

11-слайд — Енді ең соңғы қалған Қорғалжын қорығын тамашалайық.Бұл қорық Ақмола облысында орналасқан. Оны «Құс базары» дейді.Бұл жерге жылы жақтан қайтып келе жатқан құстар тоқтап,демалады. Осы қорықта сиреп кеткен қоқиқаз,әупілдек,ақбас тырналар бар.

 

ХІ. Үйге: 1. «Жануарлардың пайдасы мен зияны» тақырыбында эссе жазу.

2.Сирек кездесетін жануарларды біліп келу.

 

ХІІ. Қорытындылау,бағалау

  • Сабақ ұнады ма?
  • Бүгін жаңа не білдіңдер?

Резерв: орны ауысқан әріптерден жануарлардың аттарын тауып айту.

АБСЫР, ДАҚДУА, ҚАРАЫҚҚҰЙР, СЕЛЕК, БАТАСҚА