Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі

41

Сабақтың тақырыбы:    Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі

 

Сабақтың мақсаты:        1. Білімділік: Бунақденелілердің көктемгі тіршілігмен тансытыру. Олардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы, ерекшелігі жайында түсіндіріп беру.

 

  1. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын кеңейту, ойлаудың танымдылық білімдігін арттыру. Шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл-ойды дамыту.

 

  1. Тәрбиелік: Ойын жүйелі жеткізе білуге, интелектуалды білімділігін арттыру, зеректікке, табиғатты танып білуге, оны қорғауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  Жаңа білім беру

 

Сабақтың типі:  Аралас сабақ.

 

Сабақтың әдісі:  әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиясы.

 

Сабақтың көрнекілігі: «Ертегілер мазмұнына» иллюстрация, жұмбақ, сызба нұсқа, бунақденелілердің суреті.

 

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

Жануарлардың әлемі

Жануарлар кез-келген жерде, яғни суда да, құлықта да кездеседі. Ғалымдардың есептері бойынша жануарлардың екі миллиондай түрі бар.

 

Сүтқоректілер                             Балықтар                      Жорғалаушылар

 

 

 

 

 

 

 

 

Бунақ денелілер                          Қосмекенділер                                Құстар       

 

— Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

(Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі).

  1. Жұмбақ жасырайын, кәне, кім шешеді?

Ауызы бар, тілі жоқ,

Терісі бар, жүні жоқ,

Жүрегі бар, ізі жоқ,

Қанаты бар, ұшпайды,

Су атсында қыстайды.

Ол не? (Балық)

  • Ендеше, балықтардың көктеміг тіршілігі жайында әңгімелеп айтындаршы!

 

 

 

Уылдырықты суға шашады                                                                Жұмыртқа салады

 

 

        Балық итбалықтар

 

 

 

 

Балық жұмыртқасын уылдырық дейді            

Су өсімдігімен, майда

жәндіктермен қоректенеді.

  1. «Қосмекенділер» — дегенді қалай түсінесіңдер?

Екі мекені бар жануарларды қосмекенділер деп атаймыз. Су және құрлық

  • Балалар мына дыбыс ненің дыбысы? (Бақаның) Бақаның көктемгі тіршілігі жайлы не білесіңдер?

Жұмыртқасын уылдырық дейді                                         Суда да, құрлықта да тұрады.

 

 

Баласы шарбақа                                            

 

                                                                                Уылдырығын суға шашады

 

 

Өзім құрлықта, балам суда                                                                       Су өсімдігімен, майда

                                                                                                               жәндіктермен қоректенеді.

  1. Жорғалаушылар деп қандай жануарларды айтамыз?

Жорғалаушылардың аяқтары қысқа немесе аяқтары болмағандықтан, бауырын жерге

тигізіп жорғалап немесе ирелендеп жүреді, сондықтан олар жорғалаушылар деп аталады.Кесіртке мен жылан.

Сергіту сәті:

 

 

 

Қандай әдемі көбелек,

Мен қарадым қызыға.

Енді ұстай бергенде,

Ұшып кетті не керек.

ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.

(Ертегі оқып беру)

Ерте, ерте, ертеде. Ыстық күні шілде де шөптің арасында өрмекші торын құрыпты. Оған байқаусызда бал ара түсіп, шырмалып қалған екен. Қанша әуре болғанымен босатып шыға алмайды. Балараның ызылдаған дауысын көбелек естиді. Ол тез арада құмырсқаны, шегірткені, инелікті көмекке шақырады. Барлығы жабылып балараны құтқарып алады. Дәрменсіз болған өрмекші өз жөніне кетеді.

Ой қозғау.

  • Балалар, ертегі кейіпкерлерін атаңдаршы!

(Өрмекші), бал ара, көбелек, құмырсқа, шегіртке.

Бүгінгі жаңа сабағымыз «Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі»

Бунақденелілердің түрі көп. Олар: көбелек, шыбын, маса, құмырсқалар, құрттар, ұлу, шаян.

Көктемде бунақденелілер қыстай жатқан жерлерінен шығады. Жұмыртқадан дернәсіл шығады.

Жұмыртқа                       Дернәсіл                       Ересек бунақдене

Дернәсіл – жәндіктер мен жануарлардың белгілі бір кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласы.

Олардың ішінде пайдалысы да, зияндары да бар:

Бунақденелілер

 

 

 

Пайдалы                                          Зиянды

Бал ара                                              Колорадо қоңызы

Құмырсқа                                        Капуста көбелегі

Шаншар                                           Шегіртке

Жібек көбелек                                 Маса

                                                          Шыбын          

Галиреяны аралау.

Балды жақсы көрмейтін адам жоқ. Балды баларасы береді. Бал ара өте еңбекқор. Жарты стакан бал жинау үшін баларасы миллион гүлге қонып шырын жинайды. Олардың ішінде гүл бар жерді байқап келетін барлаушылар болады. Олар гүлдің қай жақта екенін хабарлайды.

«Қаңқыз». Оның арқасында 7 нұкте бар (кейде 12 нүктесі болады). Қаңқыз – топырақтың қарашірігін молайтады. (топырақты қопсытады).

Құмырсқа — өтк пайдалы. Ол жерді қопсытып, өсімдіктердің өсуін жақсартады.

Жібек көбелегі – жібек жіп алады. Ғалымдар әдейі өсіреді жібек алу үшін.

Бунақденелілердің зияндылары өте көп.

«Картоп қоңызы» не «Колорадо қоңызы» — деп аталады. Оның отаны – Америка. Бізге сол жақтан түрлі нәрселерге еріп келеді. Ол картоптың жапырағын желінген өсімдік түйнек алмайды. Бұл қоңызды теріп, жағып жіберу керек.

Капуста көбелегі – Ол орамжапырақты шұрық-тесік етіп жейді.

Шегіртке – ауыл шаруашылығына зиян келтіреді. Ол жүгері, арпа, тары, күріш, бидай дақылдарын жояды.

Маса – адам қанын сорып қоректенеді. Ауру таратады.

Шыбын – лас жерлерде жүреді, ауру таратады.

 

 

 

  1. Бірін-бірі оқыту стратегиясы

Бунақденелілер қандайға бөлінеді?

Пайдалы қандай жәндіктер?

Зияндылары қандай жәндіктер?

Пантомима. (жұмбақ)

Ызындап ән салып,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады.

(Шыбын)

Қызыл, сары, қоңыр, көк,

Алуан, алуан түрлері.

Торға түсіп қалмашы,

Торғайға жем болмашы.

(Көбелек)

  1. Аукцион. Осы бунақденелілердің қалаған біреуінің суретін салып келу.
  2. Өзін-өзі бағалау