Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. 104 * 6, 624: 6.

83

Сабақтың тақырыбы : Үш таңбалы санды бір таңбалы санға

жазбаша көбейту және бөлу. 104 * 6, 624: 6.

     Сабақтың мақсаттары. 1) Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу амалының әдіс- тәсілдерін

таныстыру.

2) Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және жарастыру арқылы тез, тәрбиелеу.

3) Алған біліммдерін жаттығу кезінде қолдана білу дағдысын және өз бетінше ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекті.  Оқулық, машиналар макеті, конверт, әртүрлі ойын түрлеріне байланысты “Орман алқабы”, “Аспан әлемі”, “Көл” суреті салынған плакаттар. Интерактивті тақта.

Сабақтың түрі. Жарыс сабағы.

Сақтың әдісі. Сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланысы. Тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, дүниетану.

 

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

      а) Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.

ә) Психологиялық дайындық жасау.

— Кәне, балалар, қазір қай сабақ болады? Қазір математика сабағы – Математика сабағына  дайын  болу  үшін не айтушы едік!

“Есептеуді білмейтін адам,

Түк сезбейтін надан” – деп хормен айтамыз, яғни сабаққа бар зейінімізді аударамыз.

ә) Сонымен, қатар бүгінгі сабақтың ашық сабақ екендігін, қонақтар келіп отырғандығын ескертемін.

“Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады”,- демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

  1. біз бүгін бұрыңғы жарыс сабақтарындағыдай екі топқа бөлінеміз.
  • топ. Алғырлар” тобы.
  • топ. Тапқырлар” тобы.

Ұрындары: “Алғырлар” тобы:

“Білімдіге дүнйе жарық ,

Білімсіздің күні кәріп”.

Тапқырлартобы:   “Ақыл азбайды,

                                       Білім тозбайды.

 

— Дұрыс айтасыңдар, балалар, білімді болу үшін біз бүгінгі сабағымызда жарамсыз. Қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, тай, құнан жарыспен жеңіп алса, біз бүгін ХХІ ғасырда яғыни ғылым мен техниканың дамыған заманында машиналармен жарысқа түскелі отырмыз.

Алғырлар тобы “Мерседес” машинасына отырады, ал “Тапқырлар” тобы “Джип” машинасына отырды. Екі машинаның жүк салғышы мына екі конверт. Берілген тапсырманы қай топ бұрын және дұрыс орындайды, сол топтың конвертіне 5 ұпай салынды.

  1. Математикалық диктант жазу, екі тапсырма: Интерактивті тақта
  • топ: (27+3) * 30+40*20-938=12
  • топ.420:2+100:5+245-453=12.

Бірінші амалды -1- парта6 екінші амалды -2- парта, үшіні амалды 3-парта орындайды. Бұрын біткен топқа -5- ұпай.

Күннің ретін жазамыз, астына бүгінгі сабақтың тақырыбын жазамыз. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.104*6, 624:6 жағдайларындағы есептеулер.

Сабақтың үш максатымен таныстырамын. Жаңа сабақты өзім түсүндіремін.

4.Өрнекті оқу. 104*6. 104 санның бірліктерін, ондықтарын, жүздіктерін атау, олардың әрқайсысын 6-ға жеке-жеке көбейту, толымсыз көбейтінділерді мәндерін табу.

4 біріл.* 6=24біріл.

24 біріл. =2 онд. 4 біріл.

0 онд. * = 0 онд.

1 жүзд. * 6 =6 жүзд.

Сонда 6 жүзд.2 ондық 4 бірлік шықты, яғни 104* 6=624. Жауабы:624.

ә) 624: 6. Өрнекті оқу.

624 санның жүздіктерін, ондықтарын, бірліктерін атау, анықтау. Неше толымсыз бөлінгіш шығарып алуға болады? Олардың әрқайсысын 6-ға бөліп, сәйкес бөлімдердің мәндерін табу.

6 жүзд.: 6=1 жүздік. Бөліндігінің мәні деп таңбалы сан (100).

2 онд.: 6=0 онд.(қалд.2онд.)

2 онд. 4 бірлік.: 6=4 бір.

Сонда 1 жүзд. 0 онд.4 бірлік. Шықты, яғыни 624:6=104. жауабы: 104.

 

     Жазу үлгісін интерактивті тақтадан көрсету  және түсіндіру :

 

   

 

  • Біз бүгінгі сабақтағы тақырыпты түсіндік пе? Түсінсендер, енді осы тақырыпқа сәйкес есептер шығарамыз деп жаңа сабақы тианақтаймын. Алған білімімізді, жазбаша көбейту мен бөлуді сенімді түрде үйренуге күш салуға шақырамын. Алдымен сергіту сәтін жасап алайық.
  • Сергіту сәті.

5.Есептер шығару. №2 есеп.Тақтлаға(Магниттік)орман арасында, аңдар юаю,қасқыр,түлкі т.с.Орманнан аң аулаймыз. Аң аулау аңшылық туралы қысқаша айтып беремін.Екі топтан екі оқушы шығып қалаған аңын алып,артындағы есепті шығаралы.8 есеп біткенше кезектесіп шығарады.Көбейту мен бөлуді орында ж/е тексер.(Жазбаша орындау керек..)Есепті бұрын бітірген топты мадақтап, машинасындағы конвертке 5 ұпай салынады.

Кім жылдам?”ойыны бойынша жарысқа тусеміз.

№7.

Мына сандардың қайсысының жүздіктері 3-ке бөлінеді.Қайсысының ондықтарынан

3-ке бөлгенде қалдық қалады? 327,365,856,372,723,732,565,536,635,653,Бұрың,Бұрың ж/е қателеспей тез айтып шыққан оқушының тобында 5 ұпай салынды

 

6.Корытындылау.

 

— Бүгін біз кандай жаңа тақарып оттік?

— Үш танбалы санды бір танбалы санга жазбаша көбейту ж/е бөлу.

— Бөлу мен көбейту амалын тез,қатесіз орындау үшін нені жақсы білуіміз қажет?

— Кестелік көбейту мен бөлуді.

— Дұрыс, көбейту мен бөлу кестесін жақсы білуіміз керек.

7.) Екі машинаның жүк салғышындағы конвертті алып, екі топтың ұпай санын санаймыз.Жарыста озып шыққан топқа қошемет көрсетіледі

ә)Сабақтың басынан аяғына дейінгі оқушылардын еңбегі евкеріліп бағаланады.

 

     

Дүйсенбекова  Гулайым Оралтайқызы