Жасай бер , қазақ тілі – қазынам!

68

Жасай бер , қазақ тілі – қазынам!

Мақсат:   Оқушылардың    өз ұлтына , еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана – тіліміздің  қаді- қасиетін дарыту, туған тіліміздің  тұғырының  мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын  үйрету.  Оқушылардың  тез ойланып, жауаптарын тиянақты  жүйелі айта  алуға топ алдында  еркін сөйлеуге  ұлттық  дәстүрін сақтауға, өзін- өзі  тәрбиелеу.

1-жүргізуші :  Қазақ  тілі — атаң , анаң ,

Қуат алар  Отан  да  одан.

Дүниеде ешбір асыл,

Тең келмейді  қатар оған.

Дұшпаның да бас иетін,

Тілің – ұлттық қасиетің.

Тартқан талай ұлыстар бар,

Тілсіздіктің қасіретін.

Тілі аманның – күні күлген.

Тіл жоғалса заман туар.

Ит мөңіреп ,сиыр үрген.

2- жүргізуші :  Қазақ тілі —  бас денеге,

                          Бес қару да  хас  шеберге.

Өз тілінде ымдасада,

Сөз түйсінтер  тас кереңге.

Қазақ тілі- халық тілі,

Тілі аманда- халық тірі.

Өз тілінде жырлағанның ,

Көз жасы да- халық мұңы ,  -дей келе «Жасай бер , қазақ тілі – қазынам!»  атты ашық тәрбие сағатымызға  қош  келдіңіздер! Тәрбие сағатымыз

2  бөлімнен тұрады.

1-жүргізуші :   1-ші бөлім  ақпараттық  әдеби  монтаж

2 бөлім  топ аралық сайыс

1- оқушы:      Сүйемін  туған тіліді анам тілім,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім,

Шыр етіп жерге түскен  минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс  үнін.

 

2-  оқушы:         Сол тілммен дүниені атадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинаптым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.

 

3- оқушы.          Ана тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін

 

4- оқушы                   Қасиетің ана тілі аз ба  сенің,

Өзің бар да ескермес тозбас едім.

Сен болмасаң Абай  ұлы  ақын  болып ,

Мұқағали  ақын өлең жазбас еді.

 

5-оқушы.            Туған жері түп қазығы айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт- санасы  тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

 

6-  оқушы:   Тіл қос алар жер мен көктің  ауасын,

Тіл – айырар анасы мен баласын.

Тіл – атағыңды өсірер де, өшірер,

Не тапсаң да өз тіліңнен табасың.

 

7-оқушы : Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамдарды мұратқа

жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Ана тілі қасиетті мұрамыз.

 

8-оқушы :   1997 жылы Қазақстан Республикасының   «Тіл туралы заңы»

қабылданды.  . 4- бабында  « Қазақстан  Республикасының

мемелекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Мемлекеттік тіліміз

Мемелекеттік тіліміл Ту   мен Елтаңба сияқты мемелекеттік рәмізіміз

болып табылады.

9-оқушы :  Ана тілінде сөйлеу, оған көзкарас-  адамның мәдениеттілік,

тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады. Оның мәні- әр

адамның   ана тілін  Отанындай, туған халқындай, , өз ата- анасындай

сүйіп арадақтауында.

 

10- оқушы:    Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз  белгісі.

Адамды   мұратқа жеткізетін  ана тілі мен ата дәстүрі.

 

11- оқушы:     Ана тілі дегеніміз- сол тіліді жасаған , жасап келе жатқан

халықтың  баяғысын да сол – халықтың  мәңгілігінің мәселесі.

Ана тілін тек  өгей ұлдары ғана менсінбейді, тек өгей ұлдары ғана

аяққа басады  ( Ғабит   Мүсірепов)

 

12- оқушы:    Кімде кім қазіргі  уақытта  ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса,

бағаламаса, оны сауатты  мәдениетті  адам деп  санауға   болмайды

.( Мұхтар Әуезов)

 

 

13  — оқушы: Анамыздың  ақ сүтімен бойымызға дарыған  тілімізді ұмыту- бүкіл

ата бабамызды, тарихымызды  ұмыту. ( Бауыржан       Момышұлы)

 

 

  • Оқушы Ана тілінен айырылған адам өз халқы  жасаған мәдени мұраның

бәрінен  құралақан  қалады.(Ғ абит .Мүсірепов )

 

2- жүргізуші     « Қазақпыз ғой бәйге десе  қозатын,

Қосатығұн  күрең атын, боз атын»- дей келе тәрбие сағатымыздың  екінші  бөлімі  сайыс.

  • Жүргізуші: Сайыстың  шарттарымен  таныс  болыңыздар.
  • Тур Таныстыру
  • Тур. Ана тілім-  күшім менің қуатым( Тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқу, әр топтан 2 оқушы)
  • Тур  Мақал – мәтелдер шеруі (  мақал- мәтелдерді жалғастыру)
  • Кім тапқыр  (Жұмбақтар, ребустар  шешу)
  • Зерделі болсаң  биік шыңға жетерсің  ( сұрақ –жауап)

 

1-Жүргізуші.   Біз  арғы тегімізден қазақ болып туылған соң қазақ тілінде

таза сөйлеп, ана тіліміздей асыл қазынамыздың көркеюіне барлық қолымыздан келетін күш- жігерімізді сарп етуіміз керек Тіліміздің тамыры терең   бойлап , болашағы зор болуы керек.  Әрқашан өзіміздің ұлттық тілімізді қадірлеп ,оны әрі  қарай дамытып отыруымыз қажет.

 

2-жүргізуші:  Үміт күтіп кейінгі ұрпақ жастардан,

Сенім арту бабалардан  басталған.

Қазақ тілін мойындату әлемге,

Жастар үшін болса екен басты арман- деп  тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.