Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей

118

Тақырыбы: Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей

Мақсаты: баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу,бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар,(«Бала ортаға қарап өседі», «Бақыттың басы баладан», «Үйінде ұлы мен қызы бардың көгінде бес жұлдызы бар», «Дәулетінің қадірін ұлың өскенде білесің,абыройыңның қадірін қызың өскенде білесің», «Әке-ер,ана-жігер,бір үйде екі кемеңгер»),шар,гүлдер,үлестірмелер.

Түрі: пікірталас-сайыс

 

Барысы

 

Кіріспе сөз.

Мұғалім: Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу-отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Өйткені «Ес түзелмей ел түзелмейді», олай болса,егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп.

Кешкенің өмір босқа тек,-дегендей,баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз-ертеңгі ана,ол шешеге қарап өседі,бойын түзейді.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы,демеуші-ата-ана.

Бүгінгі жұмысымызда сіздермен бала тәрбиесі жайында пікірлесіп ой бөлісеміз.Ол үшін топқа бөлініп,столдарға жайғасып отырамыз. Ортаға ата-аналар өз балаларымен шықсын.(белгілер бойынша ата-аналар балаларымен бірге екі топқа бөлініп отырады).

Сайысымызды бастамас бұрын жарыс кезеңдерімен таныстырып кетейін.

1.Тақырыпты анықтау.

2.Пікір алмасу (Кубизм)

3.Жағдаяттар

4.Мақал-сөз атасы

5.Ойын «Бинго»

6.Кім жылдам?

7.Тренинг «Ауызша волейбол» (балалар үшін)

8.Қорытынды.

Сайысымыз 8 бөлімнен тұрады.

Бастамас бұрын ата-аналармен танысып алайық.

 

Қатысатын ата-ана Баласы Сыныбы
Смагулова Махаббат Сиязбек Назым 4 «Г»
Нарбаева Раушан Тұрлыбаева Алуа 4 «В»
Нүрпейісова Бағылан Әбілтай Ерназар 4 «Г»
Есжанова Айзат Амангелді Алдияр 4 «А»
Оразалина Фатима Алимбаева Дарига 4 «А»
Шубаева Гүлжаһан Жандос Қымбат 4 «А»
Избасарова Ғалия Аяулым Азамат 4 «Г»
Аманжолова Гүлизат Тұрсынбеков Мадияр 4 «А»
Омарова Сандуғаш Айжарықова Мариям 4 «Б»
Жексенбекова Гүлзия Мұхамедин Ақылбек 4 «Б»
Рабашева Ақгүл Сансызбаева Дильназ 4 «Ә»
Балабиева Гүлнар Сабитова Назерке 4 «Б»

 

Олай болса тақырыбымызды анықтап алайық.Әр топ таратылып берілген әріптерден сөз құрайды.(Оны оқиды).

 І-ші топ «Балалы үй-базар»

 ІІ-ші топ «Бала ортаға қарап өседі»

Осы құраған мақалдарыңыз арқылы не айтуға болады?

Енді 1-ші сайысымызды бастайық.Қазір мен сіздердің алдарыңызға кубик лақтырамын сол кубиктегі сұрақ арқылы ойларыңызды айтасыздар (ата-аналар айтады).

І топқа Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

Баланың өмір жолындағы әке мен ананың орны қандай?

ІІ топқа. Қазіргі кезде бала психологиясына әсер ететін жағдайлар қандай?

Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

(Әр топ өз ойларын ортаға салады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Олай болса келесі сайысымыз балаларға арналады.Қазіргі кезде басты мәселе өздеріңізде білесіздер балаға көп көңіл бөліп,бала тәрбиесі жайлы мүлде аз ойлаймыз сондықтан балалардың ойын тыңдап,ата-аналарының қосатын пікірін тыңдап көрейік.

            І топ оқушыларына:

Сыныпқа кірсең,сенің сыныптасың біреудің сөмкесін ақтарып жатыр.Сен не істейсің?

Көршіміздің бір баласы бар өтірікші,көзбе көз өтірік айта қояды.Менімен күнде ойнағысы келеді.Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

            ІІ топ оқушыларына:               

Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады.Сенің әрекетің?

Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап-ойнап тапсырмасын орындамай,жазбай келеді,меннен көшіріп алады.Мен бермесем аяншақсың,сараңсың-дейді.Мен не істеуім керек?

(ата-аналар мен оқушылар пікірі тыңдалады)

Келесі сайысымыз «Мақал-сөз анасы» деп аталады. Бұл сайыста  аяқталмаған мақалды табу,аяқтап айту.

 

 

   І топқа:

 

Бала жас шыбық сияқты………(Қалай исең солай иіледі)

Бала жақсы болса-………(қуаныш,жаман болса-сүйініш)

 

 

ІІ топқа:

Балапан ұяда не көрсе,……….(ұшқанда соны іледі)

Әкеге қарап ұл………….(өсер,шешеге қарап қыз өсер)

(Мазмұнын,түсінген мағынасын айту)

Келесі сайысымыз Ойын «Бинго» (ата-аналар үшін)

 

Ән айтады Тоқи алады Көп балалы ана
Әнұранды білетін ата-ана «Балдырған» журналына жазылатын ата-ана Немере сүйген ата-ана
Ата-ана жиналысына үнемі қатысатын ата-ана Ең жасы кіші ата-ана Кәсіпкер ата-ана

(Ата-ана атын жазып,кестені толтырады яғни,өзіне келетін тұсты белгілейді)

Ата-аналар жұмыс жасап жатқанда оқушылармен жұмыс жүргізіледі.

 

Тренинг «Ауызша волейбол» (балалар үшін)

Ол үшін балалар допты бір-біріне лақтырып берген кезде адамгершілік қасиеттер туралы сөздер айтулары керек.Мысалы:шыншыл,әдепті,мейірімдіі жанашыр т.б

«Кім жылдам?»

Әр топтан бір адам шығып,қызықты сұрақтарға жауап береді.Кім бірінші алдындағы қоңырауды басады сол бірінші болып жауап береді.

1) Сіздің анаңыз балаңызға кім болады?

2) Бала дүниеге келген күні қандай той болады?

3) Балаңыздың туған күні қашан?

4) Сынып жетекшінің толық аты-жөні кім?

5) Балаңыздың парталас көршісі кім?

6) Екі қыздың баласы бір-біріне кім болады?

7) Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды?

8) Сіздің әкеңіз балаңызға кім болады?
/9) Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

10) Балаңыздың сүйікті асы не?

11) Балаңызды еркелеткенде қандай сөз айтасыз?

12) Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

Мұғалім:

Әке-асқар тау,

Ана ағып жатқан бұлақ

Бала-жағасындағы құрақ.

 

Қадірлі ата-аналар,отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып,жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер,бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп,еліміздің

инабатты,адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.Егер ата-ана мен мектеп тығыз байланыста болса,балаға бірдей талап қойылса,тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Олай болса сарапшыларға сөз беріп,пікірталас-сайысымыздың қорытындысын сұрайық.

 

Құрмеметті ата-аналар бүгінгі сайысымыз бала тәрбиесі болғандықтан «Бала тілегі» әнімен аяқтайық