Сын есім.(4-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.(4-сынып)

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: сын есім туралы алған білімдерін толықтыру, пысықтау.

2.Дамытушылық:оқушылардың ой-өрісін,танымдық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Тәрбиелік:оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

Әдісі-тәсілдері:Түсіндіру, оқыту,сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекі құралдар: Тақырыптық суреттер,сызбалар, кестелер,үлестірмелі дидактикалық материалдар.     

Сабақтың барысы:

        1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын,қатысуын тексеру. Психологиялық тренинг.

-Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.

-Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

-Әрбір ісің? Тірлік, тірек,адамдық.

-Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Әрбір ісімізге мұқият болайық.

  1. Өткен сабақты пысықтау.

Қанша сөз табы бар?

 

Зат есім                                          Сын есім

 

 

Етістік                                            Сан есім

 

 

Осылардың ішінен қайсысын өттік?

(Зат есім мен етістік туралы сұрақтар)

-Нені білдіреді?

-Қандай сұраққа жауап береді?

-Мысал келтіру.

3.Жаңа сабақ.

— Балалар,бүгінгі сабақта сендермен « Сын есім» тақырыбын қайталаймыз.Олай болса,ребусты шешіп көрейік.Ребусты дұрыс шешсеңдер, ішінен сын есімі бар мақал шығады.

(Өтірік сөз, өрге баспас)

Тапсырма: Берілген сөздерге қарсы мағыналы сын есімді тауып айту.

Қымбат…..                        сұйық…..

Жаңа…..                            жақсы…..

Лас…..                               ащы…..

 

4.Терме диктант.Мәтін оқылады.Мәтіннен сын есімді ғана теріп жазады.

Сергіту сәті

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды,

Жел қозғаған жапырақ

Жерге түсіп шашылды.

5.Оқулықпен жұмыс

16-жаттығу.

17-жаттығу

«Ой ашар».Жұппен жұмыс.Әр оқушы өз жұбының есімі бойынша бастапқы әрпінен оның бойындағы жақсы қасиеттерін жазады.

Әсет: Ә-әдепті,с-сүйкімді,е-елгезек,т-тәртіпті т.б.

6.Дәптермен жұмыс.

1.Бір сын есімге қатысты бірнеше зат есім тауып жазу.

…                                 …                               …

Ескі             ..         Жұқа               …        Қысқа              …

…                               …                                …

  1. Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелдеп көр.

Жылы             Әдемі              Жіңішке            Көк

Бұл –сын есім өйткені

 

7.Ой толғау.Венн көрсетуі.

 

 

 

 

8.Үйге тапсырма: 18-жаттығу,187- бет.

9.Оқушының білімін бағалау:сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.