Жаттығу жұмысы

25

 

Тақырыбы: Жаттығу жұмысы

Мақсаты:

1) Өз бетінше өткенді қайталай отырып, жаттығу жұмысы тапсырмаларын орындау,талдау жүргізе отырып дәлелдеу арқылы ой-пікірін айтуға үйрету.

2) ауызша сөйлеу, жазба тілдерін дамыту, ойлау,қабылдау қабілеттерін жетілдіру.

3) саналыққа, адамгершілікке, еңбекшіл болуға тәрбиелеу,жауапкершілік сезімін ояту.

Көрнекілік: тақта,оқулық,қосымша материалдар,сызба.

Түрі: жарыс

Әдістер: пікір, дәлелдеу, талдау, ойлану, оқу, жазу.

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

 

Өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: (жарыс, түсініктеме).

Дұрыс па, әлде бұрыс па?

ІІ. Үй жұмысын тексеру: 1)Топтау себебін дәлелдеу, көшіріп жазу, жалғауды табу, тақырыбын айту, дәптермен жұмыс.2) Кім жылдам. Оқулықпен жұмыс

336 жаттығу: І.ІІ. ІІІ қатарға сөздерді, тұсындағы жұрнақтардың тиістісін жалғап жазу, түсіндіру.

3) «Дұрыс ата-бұл не»- қазір жылдың қай мезгілі?- Қыстағы ауа-райындағы құбылыстарды ата? Жалғау жалға.(жалғау түрлерін қайталау). Тақтада жазу.

4) «Дәлелде» Танымдық 337-жаттығу.

         І                                 ІІ                                  ІІІ

      әнші                     батырлық                        талапты

   ( жалғау)                  (жұрнақ)                           (түбір)

(Ауызша сөздерге жалғанған қосымшаның жұрнақ екенін дәлелдеу).

ІІІ. Сергіту сәті:

ІV. 5) Сиқырлы дорба. Тіл дамыту жаттығулары. (Оқулықпен жұмыс).

338-жаттығу.   а) Ребус шешу

ә) сөйлем құрау (тақтада)

б) оқулықты қалай ұстау керек? Сұрағына жауап ретінде 3,4 сөйлемнен тұратын әңгіме, мәтін құрастыру. (тәрбиелік мәні).

6) Ойлан тап. «Оқулық» сөзіне

І                                    ІІ                                          ІІІ

                                    Сөзқұмалақ                        Сөз құрау

  1. Қорытынды:          Тыңда

— Қосымшалы сөздердің қайсысы сызбаға сәйкес келеді.

Қарға, ағашты, дәптерге, іскер, зейнеткер, басшы, күздік, әкем, шеберхана.

  • қосымша неше түрге бөлінеді?
  • жұрнақ, жалғау деген не?
  • Айырмашылығы.

VI Бағалау.

VII .Үйде: 340 жаттығу.