Жер беті қалай өзгереді?

124
№2 4 сынып. Дүниетану сабағы.
Тақырыбы Жер беті қалай өзгереді?
Сілтеме Күнтізбелік жоспар. Оқу бағдарламасы.
Мақсаты А) Оқушыларға жер бетінің сыртқы табиғат әсерінен өзгеретіндігін түсіндіру, табиғатта байқағандарын пайдалана отырып, олардың ойлау, салыстыру, қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

Ә) Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны қоғауға тәрбиелеу.

 

Түйінді идея Жер бетіндегі әр нәрсе бір-бірімен тығыз байланысты
Оқытушы әрекеті Оқушы әрекеті
Мұғалім оқушыларды санау арқылы 2 топқа бөледі. Топпен жұмыс істеу ережесін еске түсіреді. Оқушылар топ басшыларын таңдап, өз орындарына отырады.
Мұғалім өткен тақырыпты еске түсіруді сұрақ-жауап және сурет бойынша жұмыс арқылы жүзеге асырады. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап, ойларында туындаған сұрақтарына жауап алады.
Мұғалім жалпы сыныпқа сұрақ қояды. Жақсы жауап бергендерге сыйлық береді. Оқушылар жауап беріп, өз жүлделерін алады.
Мүғалім «кім жылдам?» ойынын ойнатып, жаңа тақырыпты ашады. Оқушылар өсу ретімен орналасқан көп таңбалы сандарда жасырынған сұрақты тауып, сол сұраққа жауап береді.
Мұғалім жұппен жұмыс істеп, «ой шақыруға» шақырады. Оқушылар бір-біріне берілген сұрақтарға жауап беріп, бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдайды.
Мұғалім үгілген тау жыныстарын бір жерден екінші жерге тасымалдайтын заттарды кесте арқылы оқушыларға көрсетіп, түсіндіреді. Оқушылар ойларында туындаған сұрақтарды қояды.
Мұғалім түсіндірілген тақырып бойынша екі топқп сұрақтар тізімін береді. Екі топ кезектесіп сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім жаңа сабақты  сұрақ қою арқылы бекітеді. Әр топтың жауаптарын тыңдап, қорытынды жасайды. Оқушылар өтілген сабақ жайлы өз ойларын айтады.
Үйге тапсырма А) Тақырыпты түсініп оқу.

Бағалау.

 

Қайнаp көзі Дүниетану 4-сынып. Атамұра 2011