Жеңіс күні

76

Тақырыбы: Жеңіс күні

Мақсаты:     Ұлы   Отан   соғысындағы   Қазақстандықтардың

ерлігімен   таныстыра   отырып,   Жеңіс  қуанышын

сездіру.   Өлеңді   түсініп   оқуға   үйрету.

Тіл байлығын дамыту. Бейбітшілік туралы түсінігін

кеңейту.

Отанын  сүюге,  қорғай  білуге  тәрбиелеу.

 

Барысы:                   І.  Ұйымдастыру кезеңі

п/дайындық.

– Сабақты қандай көңіл-күймен бастаймыз?

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру:

– Мәтінде кім туралы айтылған?

– Бауыржан Момышұлы кім?

  • Бауыржан Момышұлы туралы не білесіңдер?Қосымша жинаған мәліметтер бойынша әңгімелеу.

ІІІ.  Қызығушылығын ояту:

Батыр деген сөздің мағынасын ашу.

Батыр

Зор денелі                                                                жерін сүйетін

             Елін сүйетін                      жаудан қорғайтын

Қару-жарағы бар

 

–Қандай батырларды білесіңдер? Оларға не себепті «Батыр» атағы берілді?

  • Сиқырлы сан. (Бұл сандар нені білдіреді?)

1941-1945

  • Ұлы Отан соғысы 1945 жылы 9 мамырда аяқталып, Кеңес елі жауды жеңіп, жеңіске жетті.
  • Бұлар кімдер? Олар туралы не білесің?

Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтардың суреті.

  • Ұлы Отан соғысы туралы видеофильм көрсету.
  • Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандықтардың қосқан үлесі. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
  • 1941 -1945 жылдары Қазақстанда 460 зауыт, фабрика, кәсіпорындар салынды. Онда соғысқа қажетті мина, снаряд, радиоқұралдар, техника шығарылды. Сонымен қатар мыс, көмір, металл өндірілді.
  • Қарағанды шахтерлері 4 жыл ішінде 34 млн. тонна көмір өндірді.
  • Атылған әрбір 10 оқтың 9-ы Қазақстан металынан құйылған.
  • Майдандағы ерліктері үшін қазақстандық 499 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
  • Қазақстанға соғыс өрті шалған жерлердің тұрғындары көшірілді, оның ішінен 10 мыңдай баланы қазақ отбасылары асырап алды.

 

ІV.  Мағынаны тану:

  • Ребус шешу: «Жеңіс күні»

7”ңт і

  • Оқулықпен жұмыс: Т.Молдағалиев «Жеңіс күні»
  • Автормен таныстыру:

Тұманбай Молдағалиев 20.03.1935 жылы туған, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» совхозы – қазақ ақыны. Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді (1956). «Пионер» журналында (1959-70) жұмыс істеді. «Балдырған» журналының жауапты хатшысы (1970-1973) болды. 1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен «Жалын» альманахының бас редакторы және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қазақстан мемлекетінің атақты ақын жазушысы Тұманбай Молдағалиев 2011 жылы қазанның 10 күні дүниеден озды.

  • Мұғалімнің оқуы
  • Оқушыларға тізбектей оқыту.
  • Мәнерлеп оқыту (2 оқушы)
  • Топтастыру:

Бабалардың естеліктерін тыңдаймыз

Гүл шоқтарын қоямыз                              Тулар желбірейді

                                         Жеңіс күні

Жылда тойлаймыз                             көп қуаныш

ән айтамыз

  • Біздерге бейбіт өмірді кім сыйлады? «Батырдың аты өлмейді» деп неге айтамыз?
  • Ұлы Отан соғысына қатысқан, мерт болған жауынгерлерге арнап ескерткіштер қойылған. Солардың атымен аталған мұражайлар, көшелер, мектептер өте көп. 9 Мамыр – Жеңіс күні ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, тағзым етеді.
  • Батырлық, ерлік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
  • Сергіту сәті.

«Бұл қай батыр?»

  • а, л, т, ғ, а, т.
  • м, к, л, і, ә.
  • и, я, л, ә.
  • б, у, ж, а, а, н, ы, р.
  • ә, м, н, ш, к, ү.

 

  • Берілген сөздердің мағынасын ашу:

Бейбітшілік                                                Соғыс

  • Қуаныш             қиындық
  • Ашық аспан жетімдік
  • Тыныштық ашаршылық
  • Тоқшылық адам шығыны
  • Достық суық сөз
  • Ән жылау
  • Жақсы оқу қорқу
  • Қызық ойын көп қан

 

  1. Ойтолғау:
  • Жалғастыр:

«Мен соғысты жек көрем, себебі … »

  • «Еркін жазу» әдісі:

1-топ:   «Соғыс ардагерлеріне алғыс хат» жазу.

2-топ:  «Дүние жүзі балаларына  хат» жазу.

3-топ: «Ел президенті Н.Ә.Назарбаевқа алғыс хат» жазу.

  • Үйге тапсырма:

Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

«Мен  бейбітшілікті қалаймын» тақырыбына эссе жазу.

                                 VІ.  Кері байланыс:

  • Сабақ қалай өтті? (көңіл-күймен көрсету)
  • Соңында сөзі Есжан Әміровтікі, әні С. Ақсұңқарұлының

«Жас ұландар әнімен» сабағымызды аяқтаймыз.