Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

147

Тақырыбы:  Жуан  және  жіңішке  жұп  дауыстылар

Мақсаты: 

Білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіру, дауысты дыбыс түрлерін ажыратуды бекіту, кейбір сөздердің дыбысталуында сөз мағынасын өзгертетін  дыбыстарға  назар аударту.

 

Дамытушылығы: Ауызша  және  жазбаша  тілдерін  дамыту, сөздік  қорын, шығармашылық  қабілетін  арттыру.

                                                                                                                                                                                                                                                                                             Тәрбиелігі:  Ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, жақсылыққа, сауаттылыққа, әрі  көркем  жазуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта,                      

Түрі:  Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: ой – қозғау, ассоциация құру, ой – толғаныс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. 1. Оқулық, дәптерлерін дайындау.
  2. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

         Сұрақтар  арқылы:

  1. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
  2. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
  3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

 

 

ІІІ. Жаңа  сабақ

Оқулықпен  жұмыс

Сөздік  жұмыс

54 – жаттығу

Сөздерді  салыстырып  оқы.

ал — әл    от — өт   ыс – іс   ұн – үн

сан – сән    тос – төс  тыс – тіс  тұс – түс

 

Сөз мағынасын өзгертіп  тұрған  дыбыстарды  ата.

Олардың  дыбысталуына назар аудар.

Сөздердің мағынасын қалай түсінгеніңді  айт.

Ереже.

А — ә, о — ө,  ұ – ү, ы – і – жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

  1. Сергіту сәті.

 

Орнымыздан  тұрайық

Алақанды       ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Біз  тынығып  алайық.

  1. V. Қызығушылығын ояту

          РЕБУС

55 — жаттығу

Өлеңді  мәнерлеп  оқы.

             Отан

Отан – атам,

Отан — әкем!

Осы сөзім қате ме екен?!

Қате болса,

Неге біздер

Дейміз оны: “Атамекен?!”

Отан — әжем,

Отан – анам!

“Туған  ел”  — деп,

  “Туған  жер!” деп,

Ол  бекерге аталмаған…

Атам,

Әжем,

Әкем,

Анам –

Төртеуі  де  Отан  маған.

Төртеуі  де: “Ботам”, — дейді.

“Ер  азамат атан!” – дейді.

  Мақтанамын Отаныммен,

Отаныма  “Ботамын!”  мен.

Жарасқан  Әбдірашев

VІ.  АССОЦИАЦИЯ

 

VІІ.  Дәптермен  жұмыс.

56 – жаттығу.

Көп  нүктенің  орнына  керекті  әріпті  қойып  сөйлемдерді  көшіріп  жаз.

  1. …сел – үздік оқушы.
  2. Д…рігер  ауруды  емдейді.
  3. Марат …скерден келді.

Ә  қандай  дыбыс?

VІІІ. Қорытынды.

Бүгінгі сабақты қорытайық.

        (оқушыларды  бағалау)

ІХ. Үйге  тапсырма.

57 – жаттығу.