Қош бол, сүйікті Әліппем!

Қош бол, сүйікті Әліппем!

Мақсаты: Бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі білімге    бастайтын алғашқы соқпақ — Әліппенің қадір- қасиетін ұғындыра  отырып, ұрпағымызды адамгершілікке баулу, бойына ізгілік нұрын себу, білімге құштарлығын арттыру.Туған жерді, Отанды сүюге тәрбиелеу.

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!.

Бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі білімге    бастайтын алғашқы оқулық — Әліппенің қадір- қасиетін ұғындыра  отырып, ұрпағымызды адамгершілікке баулу, бойына ізгілік нұрын себу, білімге құштарлығын арттыру мақсатында, Бүгін сіздер бірінші сынып шәкірттерінің тұңғыш рет сауаттарын ашқан «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Олай болса, балаларыңыздың Әліппе оқулығын қалай меңгергендерін, алған ілімдері мен білімдерін ортаға салатын кез келді.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып, оқитын қалге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың-

дей отырып, «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер! Ендеше, , білім нәрін бойына сіңірген, өз елім, өз жерім деп жүрегімен ұғынған, Отанының үлкен болашағы, зор азаматы болады деген сеніммен, еліміздің ажары да, назары да,тілегі де, тірегі де осылар деген үмітпен, мына Қ. Мырзалиевтің сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің «Өз елім » атты тамаша әнімен ортаға бүгінгі кеш иелерін, яғни 1 В сынып оқушыларын, қошеметпен қарсы алайық!

  • «Өз елім » атты тамаша әнмен ортаға оқушылар шығады.
  • ҚР әнұраны орындалады

1-бастаушы Мадина

Армысыздар құрметті ұзтаздар!

Ата-аналар! Оқушылар!

      2- бастаушы Бақытжан

       Ассалаумағалейкум әкелер мен аналар!

Қадірменді аталар мен әжелер!

      3-оқушы Жұлдыз

Біз бүгін қолымызға алғаш ұстаған Әліппе оқулығымен қоштаспақпыз.

      4- оқушы Аяжан

 Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік?

Қане ,ортаға салайық.

5— оқушы Мадина

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Өсті білім, ойымыз

Құтты болсын тойымыз!

6— оқушы   Айнұр

Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым! Оның кілтін алып берді.

7-оқушы   Айдана

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен бізге соны әліппе.

 8-оқушы   Әсемгүл

Біз енді оқи да, жаза да аламыз, бұны бізге үйреткен Әліппге көп-

көп рахмет айтамыз.

 Мұғалім: Ендеше балалар, біздің сүйіп оқыған алғашқы оқулығымыз

Әліппені ортаға шақырсақ қайтеді.

Хормен:     Әліппе! Әліппе! Әліппе!

1-оқушы    Камила

Жақсы Әліппе келіңіз,

Тамашаны көріңіз.

Төрімізде орын бар

Құтты мейман болыңыз!

 ӘЛІППЕ:     Армысыздар, Ұстаздар мен балалар

Аталар мен аналар

Құттықтаймын! Саусыңдар ма?

Бүлдіршіндер мен балғындар!

Менің атым Әліппе

Мені апаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен

Апаң менен анаң да

Папаң менен мамаң да

Шопан, биші, аспаз да. Косманавт та, ұстаз да

Барлық, барлық жақсылар,әліппеден басталған.

 АНА ТІЛІ:

-Қане, балалар, әліппе сендерге не үйретті? Алған білімдеріңді

ортаға салып тамашалайық!

15-оқушы   Мейіршат  (қолына Әліппенің 1-ші бетін көрсетіп  тұрады)

Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасын таныдым

Көк байрақты қазақтың

Ұрпағымын сәнімін

14-оқушы   Сара

Қайыспаған ауырға

Адал болып досына

Бас имеген жауына

Елдің аты кім?

Хормен оқушылар: қазақ 

14-оқушы   Мадина

Таулары бар ең биік

Даласы бар жер ұйық

Қай ел?

Хормен оқушылар: Қазақстан.

Хор «Әліппе»

Қазақ биі «Балапаным»

       9-оқушы   Мөлдір

      «Әліппе» деген- алтын жол,

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ қалыспа

11-оқушы    Әділет

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық

 10-оқушы   Ұлжан

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым данасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

 АНА ТІЛІ:  Әліппенің қуыршақ театрын тамашалайық!

«Мақта қыз бен мысық» 

12- оқушы     Жұлдыз

Алфавиттер шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық қане айтысты

Жібермейтін намысты

 (Әріптер        ——)

А әрпі     Мерей                                       

Менің үшін жақсы адам,

Артық көрем басқадан.

Апа ! Ата!  сөздері

Қай әріптен басталған.

Н әрпі      Диас

Ас біткеннің анасы –

Қасиетті нан осы.

Қай әріптен басталған,

Соңғы әрпін де қарашы.

Б әрпі      Диляра

Қарсы алғанда мамасы,

Мектебінен Балжанды.

5 алған-ау шамасы,

Бес саусағы шошайды.

С әрпі     Әділет

Білезікке қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

Ы әрпі   Е. Бекзат

Кесе, шыны, пияла.

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз?

       Ұ әрпі     Мөлдір

Темір құсты алып батпан,

Көк аспанда қалықтатақан.

Ағаларды кім дейміз?

Е әрпі    Әсел

Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса-дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды.

І әрпі     Ботагөз

Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Оның аты біз жазған,

І әрпінен басталған.

       Ф әрпі    Әділет

Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп?

       Е әрпі   Сара

Е әрпінің үстіне,

Екі нүкте қойғанда.

Қандай әріп шығады?

Жауабын айт ойлан да.

16-оқушы  Әсел

Әліппем менің, Әліппем

«А» деген бастап әріптен

Сөз құрап жаза бастадым

Тақылдап таңба танып мен

 17-оқушы       Азамат

Әліппем менің, Әліппем

Сені қолға алып мен

0Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жорықпен

18-оқушы   Мейіржан

Анамыздай аялап

Ақылшы болған ұстазым

Өзінің ғана еңбегің

Бүгінде биік ұшқаным

Достастырған өзіңмен

Ұстазыма мың рахмет

 Мұғалім:  Балалар, сендердің Әліппені жақсы меңгеріп сауатты болуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол. Бәріміз ата-аналарымызға рахмет айтып, сезімімізді білдірейік.

      19-оқушы   Айдос

Нағыз әке ақылгөй де, асқақ жан

Барлық ұрпақ әкелерден басталған

Ал, әкелер өздеріңе арналмақ

Біз айтатын келесі бір асқақ ән

 20-оқушы    Қуаныш

Дүниенің жарық көзі анамыз

Дана болсақ данаменен данамыз

Алдыменен тыңдаңыздар ағайын

Анамызға арнап бір ән саламыз

Жұлдыз:     Ән «Балаға тілек»

Әліппе:

Ендігі кезекті білімге берсек дейміз.

Өзіңнен алған білімді көрсек пе дейміз.

  1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
  2. Қосудың атауларын ата?
  3. 0-10 дейін тура сана
  4. Азайтудың атауларын ата
  5. Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Бекзат

Отан-жерім, Отан-суым

Отан –қуат, нәр береді

Отан -ұран , Отан- туым

Отан- мәңгі гүлденеді

Бақытжан

Отан-сенің ата-анаң

Отан- досың, бауырың

Отан-өлкең, астанаң

Отан-аудан, ауылың

Ертегілер биі

Ана тілі

Балалар; сендер қандай оқушы болғандарыңды айтыңдаршы!

2-бастаушы   Альмира

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Хормен: Әдепті екен бұл дейміз 

1-бастаушы   Бекзат

Кітап дәптер қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?   Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз

Көрініс  «Бір қазан сүт»

 Ана тілі

— Әліппенің атасы кім?

— Балалар, сендар білесіңдер ме? Қазақ балаларының алғашқы

ұстазы кім?

        -Ы.Алтынсарин аталарың сендерге қандай өсиет қалдырды?

Мадина,  Ботагөз

Кел балалар оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан,  іздемей-ақ табылар

             Ана тілі      -Әдептілік туралы не білеміз?

Аяжан.       Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Айдана.     Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ-табақты.

Мадина.    Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Айнұр.      Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Әсемгүл.  Саусағыңды сормағын,

Салдыр-салақ болмағын.

Камила.    Салма аузыңа инені,

Үзбе жұлып түймені.

Сара.         Ашуланбай долданып,

Жауап бергін ойланып.

Азамат.     Құр бекерге бұртима,

Болмашыға бұртима.

Бақытжан.   Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Мейіршат.    Мақсат қоймай алдыңа,

Қыдырып құр қаңғыма.

Ботагөз.    Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Бекзат.       Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Вальс «Жүрек үні»

 (Әліппе қош айтысып, тілек тілеп кетеді)

Мұғалім:

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, балдырған,

Тойларыңыз құтты болсын, ағайын! –дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Бізбен бірге болғандарыңызға Рахмет!

Хор «Әліппе»

 

  • Көрермендерге құттықтау сөздері беріледі.
  • Оқушыларға сыйлықтар таратылады.