Тыныс белгілері

Сабақтың тақырыбы:  Тыныс белгілері

Сабақтың мақсаты:

Оқытушылығы:

Оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері туралы білімдерін  нығайта түсу. Сөйлем түрлерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету.

Дамытушылығы:

Алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуін дамыту.        Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету, сөздік қорын молайту, ойлау

қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі:

Әдемі сөйлеуге, сауатты жазуға, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу, адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.

Сабақтың түрі:  аралас және дамытушылық, пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, сайыс

Көрнекілігі: М. Әлімбаевтың суреті, үлестірме карточкалар, интерактивті тақта

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика
 САБАҚТЫҢ  БАРЫСЫ:
I. Мотивациялық кезең  

а) -Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта жақсы білімімізді көрсетеміз.

ә) кезекшінің жауабы.
б) психологиялық дайындық.  Қызығушылығын ояту.

Слайд 3.   Қазақ тілім —  өз тілім, ана тілім,

                  Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

                  Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

                 Болашағым, бақытым, дана тілім.

 

БІЗДІҢ ЖАСАҒАН ӘР ЖҰМЫСЫМЫЗДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МАҚАЛДАР АРҚЫЛЫ АШЫЛЫП ОТЫРЫЛАДЫ

ІІ. Өткенді қайталау

«ҚЫНА ТАСҚА БІТЕДІ, БІЛІМ БАСҚА  БІТЕДІ»

Слайд 4. «Ғажайып ұяшықтар»

     2
       4
       6
      1
       5
      3

 

 

 

  1. Жағдаяттан шығу(дыбыс пен әріп)
  2. У дыбысы қай сөзде дауыссыз?: жу-жау, су-сау, бу-бау
  3. Қоян сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
  4. Балада неше литр қан болады? Жауабы қай сөз табына жатады?
  5. Зәулім үйлерді салатын адамдарды кімдер дейміз? Жауабын сөз құрамына талда (құрылысшылар)
  6. мм, см, м, км –қандай өлшем бірліктеріне жатады? Жауабына дыбыстық талдау жаса (ұзындық)

IІI. Үй тапсырмасын тексеру

  • «КӨП ОЙЛАСАҢ-ДАНА БОЛАРСЫҢ»

Слайд 5.  Сурет + сөздер

6-жаттығу. Оқушылар сурет бойынша құраған әңгімелерін оқиды.

(2-3 оқушы). –Сендерге  ұнады ма?

  • Мәтін неден тұрады?
  • Сөйлем нені білдіреді? Слайд 6. Сөйлем

Слайд 7.  Тыныс белгісінің негізгі қасиеті

  • Сөйлемнің қандай түрлерін білеміз?
  • Сөйлемдерді хормен оқиық.

Ат жарысы басталды.

-Алда келе жатқан кім?

— Болат, бас қамшыны!

— Әр сөйлемді әр түрлі интонациямен оқыдық. Бұлар қандай сөйлемдер? Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударайық.

     — Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы,

       дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ

       баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей,

       айқын білдіру үшін қолданылады.

                                Бұл- тыныс белгілерінің басты қасиеті.

     

  1. Жаңа сабақ
  • «ЕКПЕЙ ЕГІН ШЫҚПАС,

ҮЙРЕНБЕЙ БІЛІМ ЖҰҚПАС»

Слайд 8.

-Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

 

Слайд 9.                 «БОЙЫ СЕРГЕКТІҢ, ОЙЫ ДА СЕРГЕК»

  1. Сергіту сәті
  2. Аспанға қарайық,

Қолымызды созайық.

   Не көрдік?  Күн нұры.

2.Тәуелсіз елденбіз,

Егемен жерденбіз.

Күн нұрымен шаттанған,

Біз –бақытты балалар!

  1. Жақсы білім аламыз,

Біз тәртіпті баламыз.

Бойымызды сергітіп,

Жаттығу да жасаймыз.

 

 

Слайд 10.

VІ. Дәптермен жұмыс

Бүгінгі күнді жазу

Көркем жазу      -қандай дыбыс? (сөздерден сөйлем құрау )

 

Слайд 11.

  • «ТАУДАЙ СӨЗДІҢ ТАРЫДАЙ ТҮЙІНІ БАР »

Жұмбақ жасыру

  • Жұмбақтың шешуі арқылы біз 3 топқа бөлінеміз
Өзім сөзден тұрамын.
Біткен ойды құрамын.
Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін.

Хабарлы сөйлем

Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөзді  қалап тұрады.

Сұраулы  сөйлем

Ұранды, шаттықты,
Өкініш
пен аптықты,

 Білдіріп ойдың талайын,
Көңілден шығып айтамын.

Лепті сөйлем

–әр топқа өз таратпа қағаздары беріледі

 

v  «БІР КІСІ ҚАЗҒАН ҚҰДЫҚТАН, МЫҢ КІСІ СУ ІШЕДІ»

 VІІ. Оқулықпен жұмыс

Слайд 12.

 а) 8- жаттығу. Өлеңді дауыс ырғағымен оқу, мәнін ұғындыру

М.Әлімбаевпен таныстыру

1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілікті жырлайды. Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңірген ақын. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т.б. сондай кітаптары оқырмандар қауымына кеңінен танымал. Елімізге еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Не жомарт? Кім жомарт?

—         тақтадан мәнерлеп оқу, әр сөйлемге жеке тоқталу, талдау

—         2 оқушыға рөлмен оқыту оқыту

—         тапсырмасын орындау

—         өлеңнің соңғы шумағына көңіл аудару:

 

Слайд 13-14.  

v «ӨЗІН ӨЗІ БИЛЕГЕН ЕЛ БАҚЫТТЫ»

Желтоқсан оқиғасының тарихтан олар орны ерекше

Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол, Тәшенов Түгелбай, Күзембаев Қайыргелді, Тайжұмаев Жамбылбек, Көпесбаев Ертайт

Осы азаматтардың атағын ақтауға ерендей еңбек қосқан М. Шаханов ағамыз бастаған Желтоқсан оқиғасының тарихтан олар орны ерекше

«Желтоқсан партиясы» құрылып,  қазақ азаматтары және депутат, әрі ақын  М.  Шахановтың күшімен көптеген желтоқсаншылар тізімі жасалынып , мемлекет оларды ақтағандығына не жетсін! Осыған орай мемлекетіміздің тарапынан:

1.     1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасын кезінде жазықсыз жазаланғандарды түгелдей ақтады.

2.     Қ.Н.Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгісі- «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы

 

«ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ»

 

VІІІ. Жаттығу жұмыстары

Слайд 15.   9-жаттығу.

  Жаттығу жұмыстарында әр топ өз сөйлемін оқып, интерактивті

   тақтада жазады.

—  Дәптерге көшіріп жазу.

Слайд 16.

  • «ТАМЫЗЫҒЫН ТАПСА, ТАС ТА ЖАНАР»

ІХ. Көрініс  «Тыныс белгілері»

Нүкен
Ей, кішкентай ғана нүкте!
Сенің осы керегің жоқ–ау түкке.
Керек болсаң, айта қойшы,
Сырыңды менен бүкпе.

Нүкте.
Мен сөйлемнің соңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орында тұрам.
Тиянақты ойдың біткенін білдірем.

Сөйлем соңына таман,
Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем.
Мен емеспе бөліп тұрған ой арасын?

Сұраған.
Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Осы саған не керек?

Сұрақ белгісі.
Киноға барасың ба?
Газет аласың ба?
Деген секілді сөйлемдерді
Кейде оқушы сен секілді
Тыныс белгі қоймай кетеді,
Өзің айтшы білсең,
Осылардың соңында,
Қандай белгі келеді?

Ілебай.
Ал сен неге айғайлай бересің

Сөйлемде қандай мағына бересің?
Жөн-жосығыңды түсіндірші,
Жазуға қандай жерге келесің!

Леп белгісі.
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күледе білемін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе көтеріңкі көңілде жүрем!

Слайд 16/2. 10-жаттығу.

Таратпа түрлі-түсті қағаздардағы сөздерден сөйлемдер құрау

  1. төлі, Арыстанның, не
  2. таза, ауа, қандай
  3. аққала, балалар, қардан, жасады
  4. Әлия, ма, кітапхана, барды

— Тақтаға және дәптерге жазу

Слайд 17  12-жаттығу

  • Ертегіні тиісті дауыс ырғағымен оқу
  • Сұраулық мағына беріп тұрған сөзді табу
  • Ертегіні жалғастыру
  • Сахналау

Слайд 18 13-жаттығу

  • Моншақта тізілген сөздерден сөйлем құрау.
  • Сол сөйлемдерді әр топ өз дауыс ырғағымен оқу
  • Жасырған сөздерден сөйлем құрау:
  1. бардық, Асан, киноға, екуіміз
  2. Туған, білесің, ел, туралы, өлең, бе?
  3. Келді, әжемнен, алақай, хат

Слайд 19

  • «БІЛГЕНГЕ МАРЖАН»

Х. Үй тапсырмасы

11-жаттығу.

1.Сұрақтарға жауап беру. Түсіндіру.

— Жылы жаққа ұшып кететін құстар: тырна, сандуғаш, көкек, қарлығаш, дала қаздары —

бұлар жыл құстары деп аталады

— Қыстап қалатын құстар: қарға, суықторғай, сауысқан…

— Қысқы ұйқыға кететін жануарлар: аю, борсық, суыр, саршұнақ, кірпі қосаяқ.

  1. «Түлкі мен қырғауыл» ертегісін тауып, толығымен оқып келу.

 

ХІ.  Рефлексиялық кезең  

Слайд 20

  • «Еңбек-адамның көркі,

Адам-заманның көркі»

Не үйрендік?  Не білдік?  Не ұнады?

САБАҚ

 

 

 

 

 

ХІІ. Бағалау

 Слайд 21

Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты мадақтау, бағалау.

Слайд 22

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе, тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім,

Білімдіні сүйетінін білем елдің!

Слайд 23

Назарларыңызға рахметІ

  • «Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал»

-мінеки, біздің бүгінгі сабағымыз қонақтарымызға ұнаған сияқты.

Сабағымыз аяқталды.