Қош бол,Әліппем!

69

Тақырыбы: Қош бол,Әліппем!  

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін ортаға салу, кітап оқу

шеберлігін тақпақ айту мәнерін, есепке жүйріктігі мен өнерін

таныту.

 

Көрнекілігі: Елтаңба, Әнұран, Ту, Әліппе, мақал-мәтелдер.

 

Ғылымменен ұласқан

Жас балаға нұр ашқан,

Әліппе – кітап, тіл ашқан

Бар білімнің бастауы.

 

I  бастаушы.

— Құрметті, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер дей отырып, мерекені бастайық.

II  бастаушы.

Қоңыр күзде қоңыр қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген 1сынып бүлдіршіндері бүгін бір асудан асты.

Қазақ тілінің 42 әрпімен танысып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, буынды меңгерген бөбектер бүгін «Әліппе» оқулығымен қоштаспақшы. Мереке баршамызға құтты болсын!

 

Хор: «Әліппе»

 

1-оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, қымбатты,

Біздер үшін ашатын сан жұмбақты.

Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді,

Шәкірттердің қылықтары тым тәтті.

 

2-оқушы: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Қайнарымыз сіздерсіздер нәр алар.

Алдарыңда сусындаған білімге,

Үмітің боп гүл жайнайды балалар.

 

3-оқушы: «Әліппе» деген – алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

 

4-оқушы: «Әліппем», менің «Әліппем»,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

5-оқушы: «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты, міне, балаңыз!

 

Хор: «Мұғалім – ол біздің»

 

Әліппеден не үйренгенімізді көрсеткіміз келіп тұр:

 

А: Әліппе менен басталып,

Болған соң өзім бас қаріп.

Мереке, даулы жиынды,

Жүремін әр кез басқарып.

Арым таза ақ көңіл

Адалдыққа сенемін

Абыройлы, ақ ниет,

Адалдыққа сенемін.

 

Ә: Бас әріпке інімін

Дауыстының бірімін

«Ә» дегенің «Әліппе» —

Бастауы бар білімнің.

 

Б: -Бақыт не? деп сұрасаңыз атадан

-Бақыт не? деп сұрасаңыз анадан

-Бақыт деген сол дер еді ойланбай

Еш жамандық көрмеу туған баладан.

 

В: Велосипед мінуге,

Бала біткен құмар-ақ

Витамин жемей жүруге

Балалар қалай шыдамақ.

 

Ғ: Ғарышкері ғаламның

Намысты ері даламның

Ізбасары боламын

Тоқтар сынды ағамның.

 

Е: Есті бала ер жетіп

Елдің қамын ойлаған

Ессіз бала кері кетіп

Есерлігін қоймаған.

 

Ж: Жайық, Еділ – екі су

Дұшпан тізе бүккен жер!

 

 

Жер жаннаты – Жетісу

Елім туын тіккен жер.

 

       З: Зерделі де, зерек те,

Зиялы да, керек те

Шатастырып үштікпен

Тек сен жер етпе!

 

И: Инабат пен ибада

Ол тұрады басында.

Күллі адамзат сыйлаған

Имандылық бар онда.

 

Й: Апаға қоссаң апаймын

Атаға қоссаң атаймын

Дауыстыдан кейін кеп

Қысқа й деп атандым.

 

К: Күн көзіндей күлімдеп

Көңілді жүр әрдайым.

 

М:Мақал-сөздің мәйегі

Сөз сөйлеймін әдемі.

 

Н: «Н» дегеніміз – нағашым

Бұған болмас таласың

Келгенде үйге нағашым

Қуанады анашым.

 

Ң: Кем көре ме өзгеден

Басталмайды сөз менен

Туысым бар н деген

Шатыстырма онымен.

 

О: Қазақ батыр ел деймін

Ұл мен қызы ер деймін

Отанымды, жерімді

Мен ешкімге бермеймін.

 

Ө: «Ө» дегенің өмірің

«Ө» дегенің өнерің

Өнерлі болсаң, егер сен

Өрге қарай жүзгенің.

 

 

 

П: «П» дегенің періште,-

Желеп-жебер мың иең.

 

Р: Рақат, ризық, рақым

Сұрасаң, менің тұрағым

Әріппін ерке балаға

Қиындық тиіп тұратын.

 

С: Сыйластық сыры-

«Сіз» бен «Біз».

 

Т: Жарақты жаумен алысқан

Қылышты жаумен қырқысқан

Ең ежелгі астана-

Қасиетті Түркістан.

 

Ұ: Мен ұлымын

Мінсіз сұлумын

Гүл аралап жүремін

Көңілді өмір сүремін.

 

Ф: Футбол деген ойынға

Барлық бала құмар-ақ

Бірақ жолдың бойында

Доп теппеңдер қуалап.

 

Һ: Болғанмен өзім қаһарлы

Бұзып жармай қатарды

Ортада киең жүремін

Қадірімді білемін.

 

Ш:«Ш» дегенің шапағат

Тие берсең баршаға.

 

Ы: Ырыс алды — ынтымақ

Ынтымақ – ырыс қазығы.

 

І:   Інімін жақын — жуыққа

Ізгілік болар суықта.

 

Ю:Сөз басынан табылар

Таңба емеспін бағы бар

Й мен у-ды тіркемей

Мені жөндеп танып ал.

 

 

 

 

Я: Қос дыбыстың бір өзім

Атқаратын қызметін

Й мен а-ны қатар жазбасаң

Я-ны дұрыс білгенің.

 

Ән: «Ертегілер».

 

 

 

Көрініс:   «Мақта қыз бен мысық».

 

Ән: «Жангүлім»

 

«Бала тілі бал».

 

Ән: «Кеш жарық».

 

Би: «Түрік».

 

Қорытынды:  Айналайын, гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім

Ерекше қызық тілдерің

Естен кетпес күндерің

Балдан тәтті бала шақ

Сендердікі болашақ

Озат болып оқыңдар

Ойға білім тоқыңдар,-

 

демекші, бүгінгі «Әліппе деген – алтын жол» атты ертеңгілігіміз аяқталды.