Төрт түліктің кеңесі

60

Күні,айы,жылы:

Сабақтың  тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың төрт түлік  туралы ұғымдарын тереңдету,төрт түліктің адам өміріндегі пайдасы туралы түсіндіру.

2.Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту,тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтіп,іскерлік дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды мейірімділікке, төрттүлікке деген сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке,ұйымшылдыққа баулу;

Сабақтың әдіс-тәсілдері:оқыту,салыстыру,талдау-жинақтау,топтастыру стратегиясы,ақпараттық технологияны пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі:төрт түлік туралы плакаттар,компьютер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Психологиялық көңіл-күй қалыптастыру.

Біз бақытты баламыз,

Биікке қанат қағамыз.

Болашаққа талпынып,

Оттай лаулап жанамыз.

III.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма: «Түйе» өлеңін жатқа  айту,түйе туралы сызбаны дайындап келу.

Бірнеше оқушыдан өлеңді жатқа сұрау.

IV.Қайталау-білім кілті.Түйе-киелі жануар.(топтастыру стратегиясы)

1.Пірі-Ойсылқара.

2.Қос өркешті және бір өркешті болады.

3.Көлік ретінде пайдаланады.

4.30-40 жылға дейін өмір сүреді.

5.Еті,сүті,жүні пайдалы.

6.Шөлге шыдамды, 10 күнге дейін су ішпей жүруге шыдамды.

7.Ыстыққа,ұзақ жүріске шыдамды.

V.Жаңа сабақтың мақсатын айқындау.

«Жұмбақ шешіп үйренейік» …

Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіші бар.   (Сиыр)

Өзі жуас,өзі момын,

Бір шешпейді тонын.(Қой)

Қамбар ата- баласы,

Шөптің жеймін түр-түрін.

Дертке дауа қымызым,

Берік арқан қыл, түгім. (Жылқы)

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз. «Төрт түліктің кеңесі» мәтінімен танысамыз.

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау.Тақтадан мәнерлеп оқып беру.

Мәтінді бірнеше оқушыға  рөлмен оқыту.

VI.Дәптермен жұмыс.Дәптерімізді ашып,күннің жадын жазайық.Сөздік жұмысын жазып алайық.

Сөздік жұмыс:Мал төлдегенде  ешкі лақтады,қой қоздады, бие құлындады, түйе боталады, сиыр бұзаулады  дейді.

VIII. Сергіту сәті. «Қошақаным» әнін айтқызу.

  1. Ой түйін. «Түліктің пайдасы қандай?»сұрағына жауап берейік.

Түйе-байлық,

Қой-мырзалық,

Ешкі-жеңілдік,

Жылқы-сәндік,

Сиыр-ақтық.

  1. Сабақты қорытындылау.

Қазақ халқы ежелден мал баққан ел.Мал мінсе көлігі, ішсе-сусыны, жесе-тамағы, кисе- киімі, тұтынса- бұйымы,байлығы мен салтанаты осы мал болған.Қазақ елін малсыз елестету мүмкін емес.Сондықтан біз кейінгі ұрпақ ата дәстүрін сақтап,қасиетті төрт түлікті,ұлтымыздың бай тәжірибесін қадірлеуіміз керек.

  1. Үйге тапсырма беру. «Төрт түліктің кеңесі» 57-59 беттер.

Мәтінді мәнерлеп оқып, сызбаны дәптерге толтыру.

XII. Оқушылардың білімін бағалау.